400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кешшірім мен келісім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:___________

Мектеп 87 Мерзiм_________________

13сабақ Сынып 4 «а, б, в, г»

Тақырып: Кешірім мен келісім

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік, қарапайымдылық, достық

Мұғалiм: С.Досаманова Оқушылар саны

Сабақ мақсаты: Оқушылардың кешіре отырып, келісімде болуда дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Адами қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіре отырып,сыйластық қасиеті туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Шынайы достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілік: Мейірімділікке, қарапайымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, үнтаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Қош келдіңдер, балалар!

5 «Т» ережесін еске түсіру.

Тәртіп

Талап

Тазалық

Тыныштық

Татулық

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тазалықты сақтап, тыныштықты орнатып, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

2. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

-Қандай әсерде болдыңдар?

Ескерту:

Үй тапсырмасын тексеру

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген күннің шуақтарына естеріңе ұзақ сақталған қуанышты күндерің туралы жазыңдар.

13 сабақ. «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқып келу.

Сұрақтар:

  • Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  • Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Сендерде осындай жағдайлар болды ма?

«Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет».


3.Дәйексөз.

«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» М.Әуезов

Барлығы хормен айтады. Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады.

  • Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

  • Адамлар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап, татуласады. Ал татулық-адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.


4. Оқиғаларды әңгiмелеу (мұғалім сыйы)

Кешірімнің күші А.Бейсебай

Сұрақтар қойылады.

  • Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?

  • Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

  • «Кешіру-өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаяттарды талдау

-Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп, кешірім сұрап, өзара тіл табысып, жарастыққа жетуді өзара келісім дейді.


  1. Топпен ән айту.

Татуласу

Әкел,досым,ққолыңды, Баққа бірге кірейік,

Татуласқан орынды. Қол ұстасып жүрейік.

Өкпелесіп не керек, Татулықтың белгісі,

Көрсет,қане,соңында. Кел қосылып күлейік.


  1. Үй тапсырмасы.

14 сабақ М.Төрежановтың «Көп біріксе -береке» әңгімесін оқып беру.

Дәптермен жұмыс

- Дәптердегі жүрекшенің ішінде «Мен кешірім сұрай білемін...» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойларыңды жазыңдар.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

-Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалып тұрады. Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек. Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді.

Бүгінгі сабақтан үйренгенімізді жүрегімізде сақтайық.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі