Материалдар / Кесте тігу технологиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кесте тігу технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал технология пәнінен беретін өзгеде әріптестеріме көмегі тиер деген мақсатта жариялап отырмын.Бұл сабақ жоспарында менің әріптестеріме сабақта жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, өз сабақтарына қолдана алады.Менің ойымша бұл сабақ өтілгеннен кейін оқушылардың кесте тігу өнеріне қызуғышылықтары арта түсіп,сабақтағы материлдармен қоса қосымша өз жұмыстарын көрсете алады. Өзіме келер болсам осы сабақтан кейін оқушылар маған көптеп өздерінің жұмыстарын өткізді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
918
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:.Кесте тігу технологиясыМектеп :№118 Көкбұлақ ж.о.б.б.м.

Мұғалімнің аты- жөні: Чиналиева Динара Бауыржанқызы

Сынып: 9-сыныпҚатысқандар саны:Қатыспағандар:
Сабақ негіз/ген оқу мақсаты: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу технологиясымeн жұмыс iстeу дағдысын қалыптастыру
Сабақтың мақсаттары :Барлық оқушы орындай алады: Көктеу тігістерін ажырата біледі


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Кесте тігу технологиясымен жұмыс iстeй алады


Кейбір оқушылар орындай алады: Тігін машинамен жұмыс істей алады
Тілдік мақсат:Кесте тігістерінің орындалу әдістерін талдап бeрeдi
Ресурстар:Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы
Пәнар/қ байл/с:Әдебиет, бейнелеу, сызу.
Алдыңғы оқу:Көркемдік кесте, қол кесте, тігу технологиясы
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақытБерілетін тапсырмаларБағалау критерийлері
Ұйымдастыру кезеңі2 минутҰйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)Формативті



Үй тапсырмасын сұрау4 минут 1. Қандай кесте түрлерін білесің?2. Кестелеу барысында қандай құрал- жабдықтар қолданылады?3. Кестелеу барысына қойылатын талаптар?4. Мата таңдау туралы не білесің ?5. Кесте өрнегін дайындау жолдарын ата?1. Сұрақтарға жауап берді2. Сыни пікір білдірді3.Өмірден мысал көрсетті
Жаңа сабақ15 минут





























Қолөнер  - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне ,этетикалық талғамына  байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, айқыш- ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте, және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте  дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп, кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу  арқылы кестеленеді.      Шым кесте тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай  немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.  Кесте тігуге қажетті негізгі құрал – жабдықтың бірі кергіш.  Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. 1. Өз ойын ашық жеткізе білді2. Толық мәлімет берді3.Өмірден байланыстыра алды
Сабақты бекіту18 минут1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )Сарамандық жұмыс.Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.1. Инені аузыңа салма2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.1.Сарамандық жұмыс icтeйдi2. Қауіпсіздік ережелерін еске түсірeдi.3. «Түкті кесте» тігу технологиясымен жұмыс icтeйдi
2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )Нұсқау картаЖұмыстың орындалу реті. Керекті заттар1. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы2. Матаға өрнекті салу3. Матаны кергішке керу4. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу

3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )1 - кезең.  «Түкті кесте» тігу технологиясы. Кестені кергішке керу арқылы орындайды.Кергіш төртбұрыш немесе дөңгелек болуы мүмкін.Бұл кестенің бедері сүлгінің (орамалдың) түгі тәрізді болып келеді. Таңдалған кестенің сызбасын матаның теріс жағына сызады. Мата жұмсақ тез тесіліп қалмайтын болуы шарт. Кестелейтін жіпке келсек: кесте тігуге арналған түрлі түсті жіпті қалауынша пайдалануға болады.        Ал түкті кестеге арналған «кестенің бізін»  мал егуге арналған жуантық шприцтің инесінен дайындайды. Инеге тігін машинасының инесі тәрізді тесік жасап, ұшынан 1см жер қалдырып, резина (өшіргіштің бөлшегі)өткізіп дайындайды. Жіпті иненің бойымен өткізіп келіп,тесіктен кері өткізу қажет. Кесте тартымды болу үшін тігістің ара қашықтығы 1-2мм, тігін машинасының тігісі тәрізді түсуі қажет. Бұл кестемен әркімнің өз қалауына қарай  жастық, төсек жапқыш (плет), қабырғаға ілуге арналған бұйымдар т.б жасауға болады.2 - кезең. Жастықша кестелеу3 - кезең. Айқас тігісімен  кестелеу.4 - кезең. Бисермен кестелеу.

Үйге тапсырма2 минут1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма )Кесте тігістерін тігу


2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма )





3-деңгей (жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырма )



Бағалау2 минутОқушыларды жиынтық бағалау

СуммативтіФормативті
Кері байланыс2 минутҚұрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі.Формативті

Рефлексия
1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!