400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Кестелер. Кестелерді құру.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге
Материалдың қысқаша нұсқасы
Пән: Информатика Сабақтың тақырыбы: §22.Кестелер.Кестелерді құру
Күні:

6 сынып
Сабақтың тақырыбы:Кестелер. Кестелерді құру.
Ресурстар(дерек көздері)6- сынып оқулығы. Авторлары: Е.А.Вьюшкова,Н.В.Параскун.Б.Қ.Әбеновwww.bilimland.kz
Жалпы мақсаттарОқушыларды кесте құру тәсілдерімен, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге, бөліктерге бөлуге, жоюға үйрету. Есте сақтау және зейіндік қабілеттерін, сыни ойлауын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, сөйлеуге, ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесіКесте жасау тәсілдерін үйренеді. Ұяшықтарды қосуды, алып тастауды, біріктіруді, ерекшелеу амалдарын біледі. Кестеге баған мен жол қосуды біледі. Қарапайым және күрделі кесте жасауды меңгереді.
Түйінді идеяларMs word бағадарламасында кестелерді құруды және кестемен жұмыс жасауды үйренеді
Тапсырмалар І. Білу. «Үй тапсырмасы «Иә», «Жоқ» ойыны. ІІ. Түсіну «Ой қозғау» сыни тапсырмаларІІІ. Қолдану. «Жаңа сабақ тапсырмалары». «Штурман мен Пилот»ІҮ. Талдау. «Семантикалық карта». Ү.Жинақтау. «Ротация» әдісіҮІ. Бағалау. Бағалау парақшасы. Смайликтер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер1.СТО2.Оқытудағы басқару және көшбасшылық3.АКТ4.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер5.Талантты және дарынды балаларды оқыту6.Оқуды бағалау
Сабақ барысы
УақытыМұғалімнің іс-әрекеті
2минут























  • Сыныпты ұйымдастыру ( Сыныппен сәлемдесу, аудиторияны қалыпқа келтіру)
  • Топқа бөлу. Сыныптың оқушыларын түрлі-түсті гүлдер арқылы топқа бөлу.
  • Әр топтан топ басшы, хатшы, таймкипер сайлау.
  • Психологиялық дайындық мақсатында «Екі шындық бір өтірік» шаттық шеңбері. Мұнда оқушылар шеңбер бойымен өздерінің екі шындығын және бір өтірігін айтып шығады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар жүйелі ойлап, нақты айтуға тырысады.


  • КезеңМұғалімнің әрекетіОқушының іс-әрекетіБағалауминут
    БілуҮй тапсырмасын сұрау «ия,жоқ» альтернативті тест алу ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеремін. Әр топқа тест сұрақтарын таратып беремін. Олар дұрыс болса ия, бұрыс жауапқа жоқ деп жауап бередіӘрбір сұрақтарға оқушылар жауап беру арқылы үй тапсырмасын еске түсіреді және балл жинайды.  Оқушылар жауап беру кезінде сыни тұрғыдан ойланады.Сұраққа толық жауап берді, - 3 Сұраққа жауап берді - 2Сұраққа жауап берген жоқ-15
    ТүсінуОқулықтағы тақырыпты меңгерту.Ms word бағдарламасында кестелер құруды үйрету. «Ой қозғау»арқылы 1.Кесте дегеніміз не ? (суретін көрсетемін, әр топ өз ойларын айтады.)2. Кесте құру тәсілдері. (Әр топқа тірек суреттер беремін, оқушылар топта талқылап ойларын айтады, мен толықтырамын)А)Вставка – Таблица –Вставить таблицуВ)Вставка – Таблица – Вставка таблицыС)Вставка – Таблица – Нарисовать таблицу3. Кестені редакциялау. Жигсо әдісі. Берілген флипчартқа кестені редакциялау командаларының суретін жапсырып қоямын оқушылар компьютерде іздеп қызметін тауып жазып келесі топқа түсіндіреді)

    «Ой қозғау» тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салады, бірін-бірі толықтырып отырады. Сонымен қатар командалардың суретінің компьютердегі қызметін іздеп тауып келесі топқа түсіндіреді.Тапсырма-ны толық орындады-3Катесі бар-2Орындай алған жоқ-111
    ҚолдануДербес компьютерде жұптық жұмыс.Әр жұпқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.Тапсырмалар:Кітаптағы деңгейлік тапсырма. Кесте құру.

    Ұяшықтарды біріктіру

    Ақылдасып отырып тапсырмаларды орындайды «Штурман мен Пилот» ойыны.(1оқушы айтып отырады, 2 оқушы орындайды)Білімін тәжірибеде толық қолдана алады-3Қолдануы толық емес-2Қолдана алмайды-16
    ТалдауСергіту сәті«Би жаттығулары». Семантикалық карта.Оқушыларға жеке-жеке орындауға тапсырмалар беруБерілген тапсырманы оқушылар жеке-жеке орындап жұп болып тексередіТолық қамтылды-2 Толық қамтылма-ды-17
    ЖинақтауОқушыларға бүгінгі өткен тақырып бойынша ашық сұрақтар қояды.1.Кестені құжатқа қандай тәсілдермен кірістіруге болады.2.Кестенің бойымен қалай жылжуға болады?3.Кестенің соңына жаңа жолды қалай қосуға болады?«Ротация» әдісі бойынша оқушыларға тапсырмалар беру.Әр топқа өздеріне бөліп берілген түске І топ –қызыл, ІІ топ- көк, ІІІ топ – жасыл бір-біріне сұрақ қояды , қойылған сұраққа өз түсінің маркерімен сұраққа жауап береді.

    Сұраққа толық жауап берді, - 3Сұраққа жауап берді - 2Сұраққа жауап берген жоқ –1

    7
    БағалауКритерий бойынша бағаланады.Кері байланыс беріледі. Ынталандыру белгілері арқылы, топ басшысының бағалау парағына өз топтарын бағалау арқылы бағаланды.2
    Үйге тапсырма§22
    Тәжірибелік сабақты бағалауСәтсіз жақтары:Уақытты үнемдеу.Сәтті жақтары: Топпен жұмыс жасауға дағдыланды. Оқушылар  АКТ –ны пайдаланып жұмыс жасады.Бір бірімен достық қарым-қатынастары нығая түсті.
    Сабақты түзету (кері байланыс) А) Сабақтың қорытындысы оқушылар әсерлерін смайликтерді жабыстыру арқылы кері байланыстарын  білдіредіӘ) Оқушылар алған білімдерін  сабаққа байланысты бағалау парағына толтырады.


    Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    0 ұстаз жүктеп алған
    18 ақпан
    537
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі