400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кестелермен жұмыс 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6а

Сабақтың тақырыбы: Кестелермен жұмыс

Сабақтың мақсаты: білімділігі: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторында кесте

құру тәсілдері мен ерекшеліктерін үйрету арқылы білімдерін

практикалық жұмыста тиімді пайдалана білуге баулу.

дамытушылығы: Оқушылардың танымдық ойлау қабілетін, ой-

өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасау

дағдыландырын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын,

шығармашылық қабілетін, белсенділігін арттыру.

тәрбиелігі: Алған білімдерін тиянақтай білуге, ізденіп шешім

қабылдауға, ойын жинақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық 8 сынып, Интерактивті тақта, ActiVote тестілеу құралы, кестелер-деңгейлік тапсырмалар;

Сабақта қолданылатын стратегиялар: топтастыру;

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. «Ой қозғау» аялдамасы - Үй тапсырмасын тексеру

1. Құжат беттерін рәсімдеу не үшін қажет?

2. Құжат беттерінің параметрлерін өзгерту үшін қандай әрекеттер орындалады?

3. Бағдарлау (Ориентация) рамкасында қағаз бетінің қандай түрлерін таңдауға болады?

4. Беттің номерлерін қою үшін қандай әрекеттер орындалады?

5. Колонтитул деген не?

6. Колонтитулды орналастыру үшін қандай әрекеттер орындалады?

ІІІ. «Жаңа білім» аялдамасы - Жаңа сабақ жоспары:

  • Кесте деген не?

  • Кесте құру әдістері

  • Кесте ұяшықтарын біріктіру және ұяшықтарға бөлу

  • Кестені автоішімдеу

  • Кесте құрылымын өзгерту


Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер орналасу мүмкін. Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады.

Құжатта кесте құрудың екі әдісі бар:

1- әдіс:

Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажет жерге апарып, Кесте (Таблица) менюіндегі Қою →Кесте (Вставить →Таблица) командасын таңдаймыз. Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қоямыз.

Кестені қою диалогтік терезесі.


Кесте өлшемдері көрсетілген соң оны Автоформат батырмасын басу арқылы автоматты түрде форматтауға болады. Терезе ішінде көрсетілген пішінде Автоформат терезесінде таңдауға болады. Терезенің төменгі жағындағы қосымша батырмалар таңдалынған стандартты типтегі кестеге қосымша рәсімдер жасауға мүмкіндік береді.

Автоформат кестелері диалогтік терезесі.


2- әдіс: Кестені Стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы құруға болады. Ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қоюға болады.

Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегімен немесе мынадай пернелер көмегімен: ↑, ↓, ←, →, Таb (бір ұяшық оңға), Shift+ Tab (бір ұяшық солға орындалады).


Ұяшықты біріктіру және бөліктерге бөлу.

Кестенің жоғарғы жағына оның тақырыбын жазу кезінде бір жолдың бірнеше ұяшықтарын бір ұяшыққа біріктіру қажет болуы мүмкін, осы кезде ұяшықтың мазмұнын Формат менюінің көмегімен форматтауға болады. Олардың ішіндегі мәліметтер де бір ұяшықтың немесе бірнеше ұяшықтың ішіне орналасуы мүмкін.

Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру үшін оларды белгілеп алып, Кесте менюіндегі Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки) командасын орындаймыз немесе Кесте және шекара (Таблицы и границы) тақтасындағы

батырмасын шертеміз.

Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қажет болса, курсорды сол ұяшыққа апарып, Кесте менюіндегі Ұяшықтарды бөлу (Разбить ячейки) бөлімін таңдаймыз немесе батырмасын шертеміз.

Ұяшықтарды бөлу командасы экранға Бағандар саны (Число столбцов) және Жолдар саны (Число строк) мәндерін енгізетін диалогтік терезесін шақырады.

Ұяшықтарды жолға және бағандарға бөлу.

Кесте құрылымын өзгерту. Кесте құрылымын өзгерту бастапқы кестенің жолдар мен бағандар санын өзгерту болып табылады.

Кестеге элементтер қою үшін (жол, баған, ұяшық) олардың орнына жаңадан қойылатын элементтерді белгілеп, Кесте менюіндегі Қосу (Добавить) командасын таңдап, берілген, яғни Бағанның сол жағы, Бағанның оң жағы, Бір жол жоғары, Бір жол төмен ұяшықтар (Столбцы слева, Столбцы справа, Строки выше, Строки ниже, Ячейки) пункттерінің керегін таңдау қажет.

Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Кесте менюіндегі Өшіру (Кесте, Баған, Жол, Ұяшық) Удалить (Таблица, Столбцы, Строки Ячейки) бөлімін таңдаймыз.

Таблицаға жол немесе баған қосу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі.

Ұяшық қосу диалогтік терезесі.

ІV.Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар:


  1. Электронды оқулықтан тапсырмалар орындау

№1 тапсырма. Кестені кірістіру

№2 тапсырма. Жолды төменгі жағына кірістіру

№3 тапсырма.Ерекшеленген бағандарды жою.

№4 тапсырма.Ерекшеленген ұяшықтарды біріктіру


  1. Практикум – «Өзің орында»

«Деңгейлік тапсырмалар» аялдамасы

№1 Міндетті деңгей – 5 ұпай (Бос кестені құрып, пішімдеу керек)


























№2 Лайықты деңгей – 10 ұпай (Мәтіні бар кестені құрып, пішімдеу)

Менің сабақ кестем

дүйсенбі

сейсенбі

Сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

























№3 Жоғары деңгей -15ұпай (Мәтінді жалғастырып жазып, құрылған кестені пішімдеу)

Оқушылар туралы мәлімет

р/с

Тегі, аты

Туған жылы

Мекн-жайы

Телефоны

1





2





3






3.Сауалнама- ActiVote тест алу құралымен

V. Сабақты қорытындылау – Топтастыру стратегиясы «Кесте»


Shape3 Shape2 Shape1

Кесте



Shape4 Shape6 Shape5



VІ.Үйге тапсырма: §23 – оқуға, Күнделікті тамақтану рационына кесте құру.

VІІ.Оқушыларды бағалау. «Бағалау парағы» (Әр жауап – 1 ұпай)

Үй тапсырмасы

Электронды

Оқулық тапс.

Практикум-«Өзің орында»

сауалнама

Топтастыру

«Кесте»

Ұпай

Баға

Міндетті

деңгей

Лайықты

деңгей

Жоғары

деңгей












Бағалау критериі:

10 - 20 - «3»

21 - 30 - «4»

31 - 40 - «5»





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі