Кестелеу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кестелеу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Кестелеу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері 0 Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру. Сабақтың мақсаты: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру. Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт - дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық. Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет, ине жіп түрлері, қайшы үлгі қағаз керілген мата, суреттер. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу. Қажетті құрал - жабдықтар: бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. II. Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Интерактивті тақтада сұрақтар нөмірленген. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату». 1. Бисер дегеніміз не? 2
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Отан отбасынан басталады»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ отбасының тәрбиесі туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Ананың,әкенің,атаның,әженің,туыстардың өмірдегі орындарын айту.

Тәрбиелік: Отбасын құрметтеуге, ата - анаға көмек көрсетуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, салыстыру, топтастыру, өзіндік ізденіс, талдау.

Көрнекі құралдар: Оқулық, слайд, кестелер, суреттер, тірек сызбалар, Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады», «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»

Үйге берілген тапсырманы тексеру. Тәрбие отбасы туралы мақал-мәтелдер айту. Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу. (оқушылар мақалдарды негізге ала отырып сабақтың тақырыбын айтады)

Мұғалім: балалар, сабағымызды бастамас бұрын біз өткенді еске түсіре кетейік. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? Олай болса біз «Идея себеті» ойынын ойнап, қайталай түсейік. « Отбасы мүшелері » деген сөзі бар плакат тақтаға ілінеді. Бұл ойын барысында жұмыс жұппен жүргізіледі. Бұл ауқымы кең, маңызы зор тақырыпты біз 5 сыныпта да өткен болатынбыз. Биылғы жылы да осы тақырып жалғасын тауып отыр. Бүгінгі таңда біздің осы тақырып бойынша сабағымызды өткізіп жатырмыз. Қазір әр жұп отбасы мүшелері жайында атауларды жазып, түсінік береді. Ең алдымен қағазға жазылып, кейіннен плакатқа бекітіледі. (3 - 5 минут)

Отбасы мүшелері

Анықтама берілетін сөздер: әке - шеше, немере, шөбере, жеңге, ағайын, нағашы, жиен.

Әке - шеше, ата - ана - дүниеге ұрпақ әкелген ерлі - зайыпты адамдар.

Немере - ұлдың баласы.

Шөбере – немеренің баласы.

Жеңге – ағаның әйелі.

Ағайын – бірге туған туыстар.

Нағашы – баланың анасының төркіні.

Жиен – қыздың немесе әпке, қарындастан туған бала.

«Қатені тап» ойыны. Жұптық жұмыс

Қате мәліметпен мәтін ұсынылады. Ол мәтіннен жіберілген қателерді табу керек. Талаптары: ең қарапайым қате және сабақтың тақырыбын ашқаннан кейін қорытындылап табатын қате.

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше емес. Шеше – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды.

Әже – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжіту үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен әже әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі.

Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтамайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.

Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан әр-бір отбасы балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.

. Ұрпақ тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепте жалғасады.

. Бала ертегі-әңгімелерді тыңдайды. Есіне сақтап қалады.

.Ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайтын ол біз

а) ана ә) бала б) немере

Қорытындылау.«Айрандай ұйыған» бойынша өз отбасыңыз туралы шағын шығарма жазу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
621
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі