400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатка пәнінен 7 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары. Жаңартылған білім мазмұнында жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2.2

Мектеп: «Д.Қонаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Төлеубай Қазына

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме

7.2.2.3 Электронды кестеде диаграммалар құру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін: Диаграмма түрлерін біледі. Қарапайым диаграммалар құрады.

Көптеген оқушылар үшін: Құрылған диаграммалардың негізгі параметрлерін өзгерте алады.

Кейбір оқушылар үшін: Берілген деректер бойынша кесте жасап , өз бетінше диаграммалар құрады.

Бағалау критерийі

1. Электронды кестеде диаграммалар командаларын саралай алады

2. Кестеде диаграммалар салу кезіндегі өзгерістерді түсіндіреді.

3. Диаграмма шеберін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • ұғымдар мен терминдерді қолданады;

  • түсіндіреді, талқылайды, өз ойын басқаларға жеткізе алады;

  • қорытынды жасайды;

Пәндік лексика және терминология

Диаграмма, гистограмма, грфик, дөңгелек, сызықтық,

Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Диаграмма түрлерін жазу

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастыққа, топпен жұмыс істеуге, ойын еркін жеткізуге, шығармашылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика, геометрия, экономика, ағылшын, орыс тілі

Алдыңғы білім

Ұяшықтарды форматтау, шартты форматтау, автотолтыру, формула кірістіру жолдарымен таныс диаграмма құрастыру дағдысы қалыптастады деп жоспарланады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақ басы

Психологиялық ахуал






















Білімді өзектендіру:


Білу































Сынып оқушыларымен «Жылы сезімдер» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

Бірінші оқушы жанындағы сыныптасының қолынан ұстап жақсы тілек тілейді. Екінші оқушы тілектің соңғы әріпіне сәйкес келесі сыныптасына жақсы тілектер жеткізеді. Осылайша жалғаса береді. Соңғы оқушы тілегін мұғалімге жеткізеді.

Геометриялық фигуралар арқылы топқа топтастыру. Оқушылар алған геометриялық фигуралар бойынша екі топқа бөлінеді.

Әр топтан өздері таңдаған фигураны неге таңдағаны туралы сұралады. Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Сендер бір-біріне қамқор, тілекші екеңдеріңді «Жылуы сезімдер» жаттығуы арқылы көрсеттіңдер. Таңдаған фигураларына байланысты былай да мінез құлықты анықтауға болады екен.

Shape1 Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тез шешім

қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер. Шыдамды,

тәуекелшіл.


Shape2 Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға

қызығушылық білдіреді.



Оқушылар «Қар кесегі» әдісі барысында екі топтың әр оқушысы бір-бір сұрақ дайындап келесі топқа ұмаждалған сұрақты лақтырысады. Топтағы оқушылар алдына түскен қағазды көтеріп келесі топ оқушыларының сұрағына жауап береді.


Оқушылар өзін –өзі бағалау үшін «Жетістіктер баспалдағы» әдісі қолданып сабақ барысындағы алған біліміне саралау жасайды.


Shape4 Shape3

Істей аламын

Білемін


«Құпия сөздің сырын ашу»

Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару керек.

К

Ұ

Я

Ш

Д

И

І

Т

А

Ы

Қ

А

Ф

О

П

Л

А

Г

Б

Р

М

У

А

Р

Е

Т

Т

Е

М

А

К

Е

С

А

М

Т

















  • Кітап-книга-Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген.

  • Бет-страница-list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады

  • Ұяшық-ячейка-cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады;

  • Диаграмма-диаграмма-diagram;

мәліметтерді графиктік түрде көрсету

  • Кесте-таблица-table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;

  • Формула-формула-formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады;

М: «Адасқан әріптерден» бізге таныс және таныс емес ұғымдар шықты. Таныс ұғымдарға сипаттама беріңдер. Таныс емес ұғым қайсысы болды?

-Жарайсыңдар! Диаграмма. Бұл сөзді үш тілде атап жіберейік.

Оқулықтан диаграмманың анықтамасын табу. Оқушылар кестелі мәліметтердің графикасына (диаграммасына) анықтама береді.

Баяу музыкалық әуен














Стикерлер















Әр оқушы алдына «Жетістік баспалдағы»

Сабақтың ортасы

Түсіну

Топпен жұмыс:






















Сергіту сәті








Қолдану

Жеке жұмыс

Белсенді оқытуда оқулықтағы мәтін талданады.

«Кір жаятын жіп» әдісі бойынша мәтін бөліп беріледі,оқушылар жеке оқиды, топ ішінде түсіндіріледі, талқылайды, постер құрады, қорғайды.

Үшбұрыш топ: Диаграмманы не үшін қолданады? Диаграмма түрлері қандай?

Төртбұрыш топ: Диаграмма құрудың алгоритмін тап?


Диаграмма құрудың алгоритмі

1. Мәлімет еңгізу

2. Мәліметті белгілеу

3. Диаграмма командасын таңдау

4. Дайын батырманы шерту


« Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалау







Шырату жаттығуы


Оқушылар интербелсенді тақтадағы бейнероликтен көз жаттығуларын

қайталайды.




« Көзге арналған жаттығулар»

Практикалық жұмыс

Бағалау критерийі: Білім алушы

- Электронды кестеде диаграммалар құрады.

Тапсырмалар

  1. Мәтінді оқыңыз. Электронды процессорде кесте жасап, диаграммасын құрыңыз.

Қазақстан Республикасы – қазақ ұлтынан басқа, өздерінің мәдени, тарихи құндылықтарын, тілін сақтаған көптеген өзге ұлт өкілдері өмір сүретін полиэтикалық мемлекет. Олар: орыстар (23,7%), украиндар (2,1%), өзбектер (2,9%), татарлар (1,3%), ұйғырлар (1,4%), немістер (1,1%) сонымен қатар, басқа ұлт өкілдері (4,4%)

Дескриптор

-электронды кесте құрады.

-сәйкес келетін диаграмма типін таңдайды.

Shape5









2 тапсырма: Отбасы мүшелерінің жастарына байланысты диаграмма құрыңыз.

Дескриптор

-диаграмма құру үшін аймақты таңдайды

-сәйкес келетін диаграмма типін таңдайды.


Жұмысты орындау барысында оқушылардың ұяшықтарды дұрыс форматтау , автотолтыру және шартты форматтау элементтерін дұрыс қолданып үйренеді.

Берілген дескрипторға сүйеніп, орындаған жұмыстарын өздері бағалайды.

Саралай оқытуда қабілетті оқушы берілген тапсырма бойынша LearningApps.org программасында кестелі мәліметтердің графикаларын атауымен сәйкестендіреді


«Алматыкітап» баспасы

Информатика оқулығы

7 сынып

43-46 бет

















https://www.youtube.com/watch?v=-2g_Buoxzmc














Қалыптастырушы бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

7сынып

19 бет








































https://learningapps.org/display?v=pzd1sbs0v17


Сабақтың соңы










Бағалау










Кері байланыс «Чемодан. Еттартқыш. Себет» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың тиімділігін білу

Оқушылар өзін –өзі бағалау үшін « Жетістіктер баспалдағы » әдісі қолданып сабақ барысындағы алған біліміне саралау жасайды.

Shape7 Shape6

істей аламын

Білемін

Келесі оқылым: оқулықтан 65-66 беттегі практикалық тапсырмаларды орындап ортақ поштаға лақтыру.











Стикерлер




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Топпен жұмыс, өз бетінше жұмыс, жұппен жұмыс жасауға көңіл бөлемін. Қабілетті оқушылардың өз топтарындағы оқушыларға түсіндіруіне, көмектесуіне жағдай жасаймын.

Әрбір тапсырманы орындағандарды қолпаштап, мақтап мадақтау;

Топ аралық бағалау;

Топтың ішінде бағалау;

Өзін-өзі «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау. Бағалаудың қолдану бөлімінде тапсырманы дискритор құру арқылы бағаладым.

Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау, қауіпсіздік ережесін қайталау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Оқу мақсаты сабақтың тақырыбына сай, оқу мақсатына сәйкес алынған сабақ мақсаты қолжетімді болды. Барлық оқушылар диаграмма құруды үйренді.

Саралау дұрыс болды. Әр топтағы қабілетті оқушылар өзгелерді жетектей білді.

Сабақ кезеңдеріне бөлінген уақыт дұрыс пайдаланылды.

Сабақ жоспарынан ауытқушылық болмады.

Жалпы бағалау. Оқу мақсаты орындалды. Оқушылар сабақ мақсатына қол жеткізді.










ҚАР КЕСЕГІ


Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;

  • ойлау, проблемаларды шешу;

  • шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушыларға проблемаларға орай өз әрекеттері туралы ойлануға және аталған тақырып бойынша өз ойларын қарастыру үшін ақырындап жан-жағындағы адамдармен бірлескен жұмысты бастауға мүмкіндік береді. Бұл - аз сөйлейтін оқушылардың өз ойларын әуелі жұптарда, одан кейін топтарда айтуға мәжбүрлейтін практикалық тәсіл. Бұл сонымен қатар оқушылардың сұраққа байланысты пікірлерін білдіруге жетелеп, жалпы талқылаусыз бүкіл сыныпқа келісімге келуге мүмкіндік береді.

Сыныпты жоспарлау

Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе, оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.

Жұмыс алгоритмі

1. Тиісті сұрақ қойылады немесе оқиға сипатталады.

2. Оқушылар ойларын, пікірлерін немесе ұсыныстарын өз бетінше жазады.

3. Оқушылар жұп құрып, жауаптарын салыстырады. Олар өз тұжырымдарын талқылайды да, мәселе бойынша келісілген және мәмілелік тұжырымға қол жеткізіп, оны жазып алады.

4. Оқушылар төрт адамнан тұратын топтар құрып, тура сол рәсімді қайталайды. Тағы бір келісілген тұжырымға қол жеткізіліп, оны жазып алады.

5. Төрт адамнан тұратын топ сегіз адамнан тұратын топқа айналады да, үдеріс қайталанады. Келесі келісілген тұжырымға қол жеткізіледі.

6. Топтар өсіп отыратын болғандықтан, өкіл/үйлестіруші, хронометрші, ресурстарды үлестіруші, хатшы және т.б. таңдау қажеттігі туындайды.

7. Содан кейін сыныптың түпкілікті тұжырымы талқыланып, негізделеді.

8. Келісілген тұжырымға қарсы шыққан, өз пікірі жеткілікті түрде ескерілмеді деп санайтын оқушының пікірі жазылып алынуы тиіс.

9. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу тек білу мен түсінуді ғана емес, сонымен қатар тапсырманы орындау үдерісін зерттеп білуге мүмкіндік береді: оқушы шешімге қалай келді? Мәмілеге қалай келді? Олар қандай дағдыларды пайдаланды?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі