400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ мұғалімдерге тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу

Мектеп: 41





Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 7а

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.3-электронды кестеде диаграммалар құру


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: электронды кестеде диаграмма құру жолдарын біледі

Көпшілік оқушылар: кестедегі мәліметтердің диаграмма түрлерін қолданып графикалық түрде ұсына алады

Кейбір оқушылар: диаграммаларды түрлі салаларда қолдануды жүзеге асыра алады


Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау


Бағалау критерийі

  • Электронды кестеде мәліметтерді диаграмма түрінде жасап көрсетеді

  • Кестедегі ақпараттарды диаграмма түрлерін қолданып өрнектейді

  • Әртүрлі саладағы ақпараттарды диаграммаларды қолданып мониторингін жасайды


Тілдік мақсаттар

Диаграмма, гистограмма ,графика, шеңбер ,аумақтық.


Құндылықтарға баулу

Сыныпта бірлескен жұмыс орнату, бір-бірлерінің пікірін тыңдау, құрметтеу арқылы білім алу


Пәнаралық байланыс

Математика


Алдыңғы білім

Кесте құру,Excel программасымен жұмыс


Сабақтың барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар


Сабақтың басы

2 мин


Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу зейіндерін сабаққа аудару






Сабақтың ортасы

33 мин




















































































































Үй тапсырмасын Кір жаю:әдісі бойынша сұрақтар арқылы білімдерін пысықтау

1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
А) Іске қосу - программалар – Microsoft Office- Microsoft Excel
Б) Іске қосу - программалар – стандартты - Microsoft Excel
В) Іске қосу - құжаттар - Microsoft Excel
2. 
Жаңа бет қосу үшін
А) Файл – лист Б) Вставка – лист В) Формат – лист
3. Ұяшықтар қалай белгіленеді?
А) А6, Ң12 Б) Д12 В) Ә15
4. Ұяшық дегеніміз не?
А) Бағанның жалпы атауы Б) Жолдың жалпы атауы
В) Бағана мен жолдың қиылысқан орны.
5. Excel электрондық кесте не үшін керек?
А) Мәтіндерді еңгізу үшін;
Б) Есептерді жүргізу және диаграммаларды тұрғызу үшін;
В) Эксперимент жүргізу үшін

Жаңа сабақ: Bilimland сайтынан видео көрсету.

Слайд материалы арқылы тақырыпты визуалды көрсету.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақты жетелеуші сұрақтар арқылы ашу

1.Диаграмма дегеніміз не?

2.Диаграмманың қандай түрлері бар?

3. Еxcel бағдарламасы үшін маңызы қандай?



Оқушыларға компьютерге отырмас бұрын техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру

Практика жүзінде мұғалімнің түсіндіруі.

Тәжірибелік жұмыс: 1-тапсырма жеке жұмыс окулықтағы 3.9 кесте

А).деңгейі Егер дүниежүзінде 0 қан тобындағы адамдар саны 46 % -ға жуық,А тобындағы саны 34% -ға жуық,ал АВ- ең сирек кездесетін қан тобы 3,5% -ға тең болса ,онда адамдардың қан тобына қарай бөлінуінің дөңгелек диаграммасын құрыңдар.

В) деңгейі Қала экологиясының жақсаруына біріншіден қоршаған ортаға түрлі ластаушы заттарды тастауды азайту жатады.Табиғат ортасында қағаздың шіруіне -10 жыл, консерві банкісіне-90 жыл, темекі фильтріне-100 жыл, полиэтиленді пакетке -200 жыл уақыт қажет

Эксел электронды кестеге кестені толтырып оған атау беріңдер

Диаграмма құрыңдар

Дескрипторлар:

  • Кестені құра алады

  • Гистограмма, дөңгелек диаграмма таңдай алады

  • Диаграмма тақырыбын енгізе алады

Сергіту сәті: :Көз жаттығулары онымен қоса «Венгр» сөзжұмбағы. Сабаққа қатысты сөздерді табу

  Жасырылған сөздер диаграмма, гистограмма, информатика,кесте,графика,микропроцессор,сызба



2-тапсырма жеке жұмыс «Кім жылдам»?әдісі арқылы

Суретте ең көп сатылған автокөліктердің кестесін құру, диаграмма құру



Дескрипторлар:

  • Кестені құрастыра алады

  • Диаграммалардың түрлерін анықтай алады

  • Ақпараттарды әртүрлі диаграммалар арқылы ұсына алады

Диаграмма типтерін сәйкестендіру

Тапсырма 3 Белсенді оқу тәсілі

Кесте ішіндегі мәліметтерді сурет бойынша нұсқағыштармен сәйкестендіріңдер

Нүктелік

Гистограмма

Қатқыл диск

Аймақтық

Графикалық

Сызықтық

Дескрипторлар:

  • Түрлерін ажарата алады

  • Нүктелік диаграмманы дұрыс таба алады

  • Гистограмманы дұрыс таба алады

  • Графикалық дұрыс таба алады

  • Сызықтық дұрыс таба алады





Үлестірме қағаздар






Слайд ,интерактивті тақта













https://bilimland.kz/ru 



















Бағалау: Түрлі-түсті стикер













































Слайд, интерактивті тақта

















Бағалау: Түрлі-түсті стикер































Үлестірме қағаздар

Слайд интерактивті тақта



Сабақтың соңы:

5 мин



Bilimland сайтынан шағын тест алу

Үйге тапсырма:3.6 кесте бойынша 1 апталық ауа райын саралап,диаграмма құрып келу

Қай куні суық ,қай куні жылы болды диаграммаға түсіру

Рефлексия: «Жетістік сатысы» әдісі арқылы бүгінгі сабақты бағалау

https://bilimland.kz/ru 

Компьютер, интернет, интерактивті тақта













Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Белсенді жұмыс, жеке жұмыс арқылы сабақты меңгерту. «Сәлемдесу» көңілді ахуал орнату, «үлестірме қағаз» әдісі арқылы ,Кір жаю әдісі , видео деңгейлік тапсырмалар,Миға шабуыл тест орындату, кері байланыс жасату: «Жетістік сатысы» әдісі

ауызша, жазбаша түрде қалыптастырушы бағалауды іске асыру



Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру









Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





































































Нүктелік

Гистограмма



Қатқыл диск



Аймақтық



Графикалық



Сызықтық



Тест сұрақтары
1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
А) Іске қосу - программалар – Microsoft Office- Microsoft Excel
Б) Іске қосу - программалар – стандартты - Microsoft Excel
В) Іске қосу - құжаттар - Microsoft Excel
2. 
Жаңа бет қосу үшін
А) Файл – лист Б) Вставка – лист В) Формат – лист
3. Ұяшықтар қалай белгіленеді?
А) А6, Ң12 Б) Д12 В) Ә15
4. Ұяшық дегеніміз не?
А) Бағанның жалпы атауы Б) Жолдың жалпы атауы
В) Бағана мен жолдың қиылысқан орны.
5. Excel электрондық кесте не үшін керек?
А) Мәтіндерді еңгізу үшін;
Б) Есептерді жүргізу және диаграммаларды тұрғызу үшін;
В) Эксперимент жүргізу үшін
6. Excel программасынан шығу үшін қандай программалар орындалады?
А) Файл – параметр Б) Файл – шығу В) Файл - өшіру






























































Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу

Мектеп: 41




Күні:04.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Мұқажан Ақерке

Сынып: 7а

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.3-электронды кестеде диаграммалар құру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: электронды кестеде диаграмма құру жолдарын біледі

Көпшілік оқушылар: кестедегі мәліметтердің диаграмма түрлерін қолданып графикалық түрде ұсына алады

Кейбір оқушылар: диаграммаларды түрлі салаларда қолдануды жүзеге асыра алады

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Бағалау критерийі

  • Электронды кестеде мәліметтерді диаграмма түрінде жазуды біледі

  • Кестедегі ақпараттарды диаграмма түрлерін қолданып өрнектей алады

  • Әртүрлі саладағы ақпараттарды диаграммаларды қолданып мониторингін жасай алады

Тілдік мақсаттар

Диаграмма гистограмма графика шеңбер аумақтық

Құндылықтарға баулу

Топта бірлескен жұмыс орнату, бір-бірлерінің пікірін тыңдау, құрметтеу арқылы білім алу

Пәнаралық байланыс

ағылшын тілі, математика, география, қазақ тілі, сызу.

Алдыңғы білім

Кесте құру,ехсел программасымен жұмыс

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы














Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

Топқа біріктіру: «диаграмма», «гистограмма», сөздері жазылған парақшалар арқылы бөлу.

 



А4 парағы

Үлестірме қағаздар










Сабақтың ортасы






















































































































Кір жаю:әдісі бойынша

Тест сұрақтарына жауап беру.

Жаңа сабақ: BilimLand сайтынан видео көрсету.

Слайд материалы арқылы тақырыпты визуалды көрсету.

Практика жүзінде мұғалімнің түсіндіруі.

Тәжірибелік жұмыс:

Дескрипторлар:

  • Кестені құрады

  • Гистограмма, дөңгелек диаграмма құрады

  • Диаграмма тақырыбын енгізеді

  • Мәліметтер кестесін енгізеді

Сергіту сәті: Логикалық есептерді шешу

 

Топтық жұмыс:Постер қорғау

1-топ

2-топ



2-тапсырма Жеке жұмыс

Суретте ең көп сатылған автокөліктердің кестесін құру, диаграмма құру



Дескрипторлар:



  • Диаграммалардың түрлерін анықтай алады

  • Ақпараттарды әртүрлі диаграммалар арқылы ұсына алады

Қорытынды: Диаграмма типтерін сәйкестендіру

Тапсырма 3

Кесте ішіндегі мәліметтерді сурет бойынша нұсқағыштармен сәйкестендіріңдер

Нүктелік

Гистограмма

Қатқыл диск

Аймақтық

Графикалық

Сызықтық



Тапсырма 4: «Венгр» сөзжұмбағы. Сабаққа қатысты сөздерді табу

Бағалау: Түрлі-түсті стикер


















Слайд

Үлестірмелі материал



Бағалау: Түрлі-түсті стикер

















































Бағалау: Түрлі-түсті стикер

































Бағалау: Түрлі-түсті стикер

















Сабақтың соңы:



BilimLand сайтынан шағын тест алу

Үйге тапсырма: «Электрондық кесте»

тақырыбында эссе жазу

Диаграмма құрып келу

Рефлексия: «» әдісі арқылы бүгінгі сабақты бағалау

Компьютер, интернет, интерактивті тақта











Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Бірлескен жұмыс, жеке жұмыс арқылы сабақты меңгерту. «Сәлемдесу» көңілді ахуал орнату, «үлестірме қағаз» әдісі арқылы топтарға біріктіру,миға шабуыл, видео деңгейлік тапсырмалар, тест орындату, кері байланыс жасату: «Кеме» әдісі

ауызша, жазбаша түрде қалыптастырушы бағалауды іске асыру



Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Тақырыбы: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны.

Мақсаты: 
- ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру,
- ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу,

- ұялы телефонды пайдалану туралы ой-пікірлерді білу, 
- баланың денсаулығына өз жауапкершілігі туралы ой салу, осы тақырыпта  әңгімелесуге даярлау;

Күтілетін нәтиже: 
- Қазақ қыздары мен жігіттерінің қазіргі заманға лайық техникалық құралдарды пайдалануда ақпараттық мәдениетті болуын қалыптастырады.
-   Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін зиянын біледі.

Жоспары

Әлеуметтік желі.

2. Ғаламтор мен ұялы телефонның шығу тарихы.

3. Сауалнама қорытындысы.

4. Ғаламтор мен ұялы телефонның пайдасы мен зияны.

5. Ұялы телефонды пайдалануға байланысты кеңестер.

6. “ Ой түю, өз ойын білдіру ” қорытынды.

Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбейтей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса , таң қалуға болмайды.

Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде.

Қазіргі “ ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады ” - деп Елбасымыз айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауда. Соның ішінде интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр .

Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және әлеуметтік желілердің ұялы телефонның алатын орны жоғары көрсеткіште тұр.

  • Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.


Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.





Ең үлкен желілер

Шетелде:

Facebook

Last.fm

LinkedIn

MySpace

Қазақстанда:

Zhelide.kz

www.kazlife.com

Ресейде:

ВКонтакте

Мой Круг

Мой Мир@mail.ru

Одноклассники.ru

Живой Журнал

видео

  • Интернет (оқылуы [интернет]; ағылш. Internet — International Network) —Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

  • 1991 жылы Бүкіләлемдік тор интернет пайда болды.

Қазіргі таңда «ҚазСат-2» ғарыш аппараты штаттық режимде жұмыс жасауда. Жер серігінің қазіргі атқарып отырған жүктемесі 69 пайызды құрайды.

Ұялы телефонның жасалған алғашқы байланыс тарихы 1973ж 3 сәуірінен басталды. Motorola компаниясының қызметкері, алғашқы ұялы телефонды ойлап тапқан өнертапқыш Мартин Купер

Өндіріле бастаған алғашқы телефон салмағы 1,15 келі болған. Әрі бағасы 4000 доллар болған.

2000 жылы Қазақстанда ұялы телефон кеңінен қолданыла бастады. 2005 жылы ауданда ұялы телефонды кеңінен қолданды.

2012 ж сәуір айынан бастап ауылда ұялы телефон кеңінен қолданды.

Интернет желісіне қосылған кез келген адам осы әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы әлемнің түкпір түкпіріндегі тұрғындармен пікір алмасып хабарлама арқылы тілдесе алады. Сондай ақ иртернет арқылы сөйлесу адамды шынайы өмірден алыстатады. « Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталайық »

Әлеуметтік желілердің, ұялы телефонның қандай пайдасы бар ?


«Техниканың жетілгені сонша, адамның да қажеті болмайды.»

Е.Лец

«Ұялы телефон бізге ешқашан бос отыруға мүмкіндік бермейді»

М.Ларни

Сауалнама жайлы қорытынды.

Видео






« Таяқтың екі ұшы бар » дегендей әлеуметтік желілердің, ұялы телефонның жақсы жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой пікірімізді таразыға салып көрейік.

Сұрақтар

Ұялы телефонды мектепте ұстаудың қажеті бар ма?

Интернеттің пайдасы қандай ?

Ұялы телефонның электромагниттік сәулесі адам ағзасына қалай әсер етеді ?

Ұялы телефонның бала денсаулығына қаншалықты зияны бар деп ойлайсыз ?

1. Ұялы телефонның адам денсаулығына зияндылығын білесіз бе? 
2. Адам қанша уақыт ұялы телефонмен сөйлесе алады?
3. Ұялы телефон қандай ауруларға душар етуі ықтимал?
4. Ұялы телефон қандай дене мүшелеріне зиянды әсер етеді?
5. Ұялы телефонның зияндылығын қалай білуге болады?

Ұялы телефонның зияны жайлы не білесің ?





Электромагнитті ұялы телефонннан шығатын электромагниттік өрістер ол адам ағзасына біраз жиналып барып, «комулятивный действие» дейді, оның әсері 5-10 жылдан кейін бірақ пайда болады.  Ол мүмкін ісік ауруы, жүйке ауруы, қан ауруы болуы мүмкін. Сондықтан,  ұялы телефонды қолданғанда өте сақ болу керек. 

 

Ғалымдар, әсіресе, «3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды» дейді. Өйткені, электромагнитті өріс, өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарлатады. Сондықтан, мамандар радиотехникалық нысандардан бөлінетін зиянды толқындарды тығыздық ағымын өлшейтін аспаптармен ұдайы тексеріп отырады. Айтуларынша, антенналар мен ұялы телефондардың шегі 10 микроватт шаршы сантиметрден аспау керек.

Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.

Ұялы телефон мен көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.

Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.

Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.

Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.

Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.

Ғаламтор мен ұялы телефондағы тәуелділіктің апаратын жолы:

Зорлық-зомбылық

Қылмыс

Жыныстық бұзылу

Діншілдік

Суицид

Жүйке жүйесінің тозуы

Әртүрлі аурулар (денсаулыққа зияны)

Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді.

Әлеуметтік желі және ұялы телефон жастардың « індеті » ма немесе уақыт талабы ма ? Осы туралы ой пікірді тыңдайық.



SAR (ағылш. Specific Absorption Rates) – ұялы телефон пайдаланған 1 секунд ішінде адам ағзасына жұтылатын ең жоғары меншікті қуатты көрсететін меншікті коэффиценті. Оның өлшем бірлігі 1Вт/кг.
Еуропада рұқсат ету мәні 10 граммға 2 Вт/кг
АҚШ-та 1 граммға 1,6 Вт/кг
Ресей, ТМД-да 1Вт/см22о
SAR неғұрлым төмен болса, ұялы телефонның сапасы жоғары.
Өз ұялы телефоныңыздың SAR білу үшін нұсқаулықты оқу керек. www.cnews.ru/reviews/phones/sar.shtml
ask.li/sar.html

















Кез келген нәрсені мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуальды қарым қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым қатынастардың зияның шегетін оқушылар. Сондықтан қосылыңыз әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін.

Қазіргі жастар « ұялы телефоны бардың күні жарық,

ұялы телефоны жоқтың күні қаріп » дегеннің кебін киіп отыр. Тіпті дүниенің бар қызығы сонда тұрғандай ұялы телефонға тәуелді болып қалғандары бар. Осы тәуелділік дегеніміз не ?

Ұялы телефонды пайдалануға байланысты кеңестер.

Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.
2.    Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен сөйлескеніңіз дұрыс.
3.    SAR бойынша ұялы телефон үлгісін таңдаған дұрыс.
4.    Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.
5.    12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.
6.    Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.
7.    Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс.
8.    Сөйлесуді SMS  қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.
9.    Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс.
10.    Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.
11.    Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.
12.    Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.
13.    Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.

“ Ой түю, өз ойын білдіру ”

  • Қорытынды сұрақтар
    1. Сіз ұялы телефонды пайдалануыңызға өзгеріс енгізу керек деп ойлайсыз ба? Әлде сіздің қазіргі пайдалануыңыз денсаулығыңызға зиян келтірмейтініне сенімдісіз бе?
    2.  Сіздің туыстарыңыз бен жолдастарыңыздың арасында ұялы телефонды уақыт өткізу үшін, музыка тыңдау үшін, жол қысқарту үшін, т.с.с. қажеттіліксіз пайдаланатын жағдайларын байқайсыз ба? Мұндай жағдайдағы сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
    3. Сіздің ұялы телефоныңыздың SAR-ы жоғары болса,  коэффицент төменіне алмастырар ма едіңіз?
    4. Ұялы телефонды пайдалану ережелері немесе әдебі бар ма? Сіз құрбыларыңызға қандай кеңестер бересіз?

  • Қорытынды тұжырымдау.

  • Адам ағзасына ұялы телефон қандай зиян келтіреді?

  • Телефонмен ұзақ сөйлесу біз үшін зиянды ма?

  • Өйткені тіпті ғалымдар да бір шешімге келген жоқ. Бірақ біз осындай мәселелердің бар екенін білеміз, әрқайсысымыз қауіпсіздік жұмыс шараларын қолдануымыз керек.Балаларға, ата-аналарға мәселелерді түсіндіріп айту қажет.

  • Адамның, жасөспірімдердің денсаулығын ешқандай ақшаға сатып алуға болмайды .

  • « Бес саусақ бірдей емес » демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл қыздары көп болсын дейік . Әрине бәрі де Айтуға оңай деп бүгінгі бағдарламаны аяқтаймыз.






































Фейсбук, Вконтакте, Истаграм, Однокласники – бүгінде осындай әлеуметтік желілерге байланып, бар уақыты мен күш-қуатын, ақшасын жұмсап жататын адамдар көп және олардың бұл әрекетіне ешкім онша таңырқай қоймайды. Әлеуметтік желілердің жеке адамға, жалпы қоғамға, мемлекеттерге ықпалы барған сайын күшейіп барады. Иран, Ауғанстан сияқты ислам елдерін былай қойып, көрші Қытай да әлеуметтік желілерді бұғаттап, өз азаматтарының оны пайдалануына тиым салды.

Әлеуметтік желілердің пайдасы неде?

Ең алдымен, бұрын танымайтын, білмейтін адамдармен араласып танысуға, пікір алмасуға және өз пікірлестеріңді табуға жәрдемдеседі. Кез-келген сәтте танысыңмен байланысқа шығып, тегін пікір алмасып, хал-жағдай сұрасуыңа, соңғы жаңалықтармен бөлісуіңе мүмкіндік бар.

Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Жәй хабардар болып қоймай, сол оқиғаға қатысты адамдардың пікірлерімен де танысуға мүмкіндік болады. Үшіншіден, әлеуметтік желіден түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен әндер, фильмдер, суреттер, мақалалар табасың және бәрі тегін. Оған қоса, білім беретін деректі фильмдер мен кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да қалағаныңша тауып оқуға болады.

Сонымен бірге, өз бизнесіңді дамытуға, сатып алушы клиенттерді тартуға да мүмкіндік жасалған. Егер сіз шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, кітаптарыңызды әлеуметтік

еліні пайдаланушыларға ұсынып, сатып алушы оқырмандар табуыңызға болады.

Әлеуметтік желінің залалы

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желілердің залалы да жетерлік. Ол, тіптен пайдасынан көбірек болып жатады. Сондықтан, әр адам әлеуметтік желіні пайдаланбас бұрын оның пайдасы мен залалын таразылап алғаны дұрыс.

Әлеуметтік желі ең алдымен, адамның алтын уақытын жейді. Уақыт – Алланың адамға берген ең үлкен байлығы және баға жетпес құндылығы. Жоғалтқан уақытты ешқандай жолмен қайтара алмайсыз. Әлеуметтік желіде күн сайын жеті-сегіз, тіпті одан да көп сағаттап отыратындар алтын уақыттарын жоғалтып жатқандар.

Екінші залалы – әлеуметтік желі адамды белсенді емес тұтынушыға, яғни көк жалқауға айналдырады. Әрине, әлеуметтік желіні адамдар әртүрлі мақсатта пайдалануына болады, оның ішінде жаңа нәрселерді жасап, соны жұртқы ұсынуға да мүмкіндік бар. Дегенмен, оны тұтынушылардың көбі жаңаны жасағаннан гөрі,  ұсынылып жатқан ақпараттарды тұтынғанды жөн санайды.

Әлеуметтік желі ақырсында адамды тәуелді етеді. Араққа, есірткіге тәуелді болған сияқты, адамдар көп ұзамай әлеуметтік желіге де тәуелділікке түседі. Енді олар күндіз-түні компьютерде отырып, әлеуметтік желіге қараудан жалықпайтын болады. Бүгінгі күні, әсіресе жасөспірімдер арасында әлеуметтік желіге тәуелділік белең алып барады.

Әлеуметтік желі адамды бақытсыз етеді. Иә, әлеуметтік желіге байланған адам үшін бақыт деген жұрттың өзі ұсынған ақпаратқа немесе суретке лайк басып, сүйсінуі болып саналады. Олар өзгелерді тамсандыру үшін, тіпті өмірлеріне қатер төндіріп биік үйлердің төбесінде, жүріп келе жатқан пойыз көрінісі аясында суретке түсуге ұмтылып жүріп, мерт болып немесе жарақат алып жатады. Жұрт лайк баспаса, ол үшін нағыз үлкен бақытсыздық болып табылады.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі адамдарды жақындарымен, таныс-достарымен тірілей байланыс жасауына кедергі келтіреді. Жәй кедергі келтірсе жарайды ғой, олардың еркін алып, айналасындағылармен қарым-қатынастарын үзуге еріксіз мәжбүрлейді. Әлеуметтік желінің қызығына түскен адам туыстарын да, отбасын да, тамыр-таныстарын да естен шығарады.

Күніне сағаттап интернетте отырып, айналасындағы дүниені ұмытатын, адамдармен қарым-қатынасын үзетін, әлеуметтік желіге тәуелді болған пенде ақыр-соңында денсаулығын жоғалтып, түрлі ауруларға шалдығады. Бар уақыты мен күш-қуатын, қабілет-қарымын интернетте сағаттап отыруға жұмсайтын ондайлар күнделікті өмірдегі отбасы, еңбек ұжымы, жалпы қоғам алдындағы міндеттерін ұмытып, содан қолайсыз жағдайларға тап болады және тұрмыста да ауыртпалықтарға ұшырайды.

Түйін: әлеуметтік желіні бүгінде жұрттың бәрі дерлік пайдаланады. Дегенмен, оны шектен тыс пайдаланамын деп тәуелділікке түсіп, уақытыңызды, денсаулығыңызды құртып, айналаңыздағы адамдардан аулақтап, тұрмыста, отбасында қолайсыз жағдайларға тап болмйын десеңіз, оған көп үйір болмағаныңыз жөн. Ең бастысы: әлеуметтік желі маған не береді? -деп, оның тек пайдалы жағына ғана назар аударған жөн. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
836
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі