«
Қаламгер ұстаз » атты
кездесу
кеші
« Аяла » би тобының орындауында
«Қазақ» биі
1-жүргізуші :
Армысыздар, қадірлі ұстаздар
өнерге білімге жаны құмар шәкірттер!
Бүгін мектебіміздің құтты ордасында
тамаша бір кездесудің куәсі болғалы
отырмыз.
Өрісім менің өрелі сонау самғау көк
Өрмелеп келем тұғырым таудай болғай
деп .
Арманмен алыс асқара барсам алдымнан
Ағалар жүр –ау ойларымен от елеп ,
Ізгілікпен ілгері бізді жетелеп
Дүниеге мынау бақыт боп келсем егер мен
Сапарға қарай жол тартар едім төтелеп
Асқарға барсақ , қырандай
қарсы аларлық
Бақыт бола алсақ төтелеп жол саларлық
Қазақстан Республикасының
ағарту ісінің үздік қызметкері, өлкетанушы
«Қордай батыр», «Олар отан үшін от
кешкен», «Өмір бақыты»,
«Олжабай сыншы» кітаптарының
авторы, ардақты үлкендеріміздің бірі
де бірегейі зейнеткер ұстазымыз Ниетжан
Нүпбаев атамызбен кездесу кешіне қош
келдіңіздер.
2- жүргізуші:
Ниетжан Нүпбаев атамыздың
өмір баяны .1941 жылы 1 қаңтарда Жамбыл
облысы, Сұлутөр ауылының Красногор
ауданында туған. 1957 жылы Калинин атындағы
орта мектепті бітіріп, сол жылы Красногор
совхоз техникумына түседі. Оны 1960 жылы
бітіріп «Техник-механик» деген мамандық
алып шығады. 1960 жылдан 1964 жылға дейін
Кенен ауылында механизатор болып жұмыс
істейді.
1964 жылдан 1967 жылға деін Москва
қаласында әскери борышын атқарып келген.
Әскери борышын атқара жүріп Н.К.Крупская
атындағы халық көркемдеу университетінің
бейнелеу өнері бөлімінде оқиды, оның
үш жылын сырттай оқып бітіріп көркемдеуші
суретші мамандығын алады.
1970 жылдан бастап өз ауылындағы
Киров орта мектебінде сызу, сурет,
машинатану пәндерінен дәріс беруден
бастайды. 1973-1978 жылдары Абай атындағы
қазақ педагогика институтының тарих
факультетін бітіріп шығады. Калинин
орта мектебінде ұстаздық еңбек етеді.
1978-1981 жылдар аралығында Красногор
аудандық оқу бөлімінде еңбекке тәрбиелеу
ісі жөнінде инспектор болып қызмет
атқарады. 1981-1989 жылы Е.Қашағанов атындағы
орта мектепте директордың тәрбие
жөніндегі орынбасары болып қызмет
етеді. Ол әдіскер де білімдар және өз
ісін жетік білетін маман ретінде 1984
жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің
озық қызметкері» белгісімен марапатталған.
Оқу ағарту бөлімінен мақтау
қағаздарының, сондай ақ «Тың көтеру»
Отан соғысының жеңісіне 20 жыл, 30 жыл
медалінің иегері.
Кенен Әзірбаев мұражайының
мүшесі өлке тарихын зерттеуші ұстаз.
Облыстық, республикалық, аудандық
газеттердің штаттан тыс тілшісі ретінде
мақалалары шыққан. Жолдасы Жанат
Рахымжанқызы Әбішева да өзімен бірге
ұстаз жолында қызмет атқарды, жанұяда
бір қыз, бір бала, бес немере тәрбиелеп,
өсіріп келеді. Олар да әке жолын қуған
ұстаздар.
1- жүргізуші:
Немерелері Айымжан мен
Күнімжанның орындауында атасына арнаған
тақпақтары
2- жүргізуші:
Асылқұл Ерланның өз
шығармашылығы
1- жүргізуші:
Бұл «Олжабай сыншы» атты
кітабында автор «Жаңғыру» бағдарламасына
байланысты 1930-32 жылдардағы қуғын-сүргінге
ұшыраған ауылдың, тағдыры жөнінде –
Олардан қалған ұрпақтарының өмір жолы
баяндалады.
Сонымен бірге ауылдағы атбегілер
және жер аттары жөнінде өлке тану туралы
айтылады.
2- жүргізуші:
«Олжабай сыншы » кітабында
мынындай әңгімелері жарық көрді:
1.Олжабай сыншы, Байтас ауылы,
Өнерлі ауыл, Ата мұра, Әкелер тағдыры
Атбегі біздің Ғани т.б көптеген әңгімелері
жарияланған.
1- жүргізуші:
Атбегі біздің Ғани аға әңгімесін
толығырақ айтып өтсеніз.
Оқушылардың сұрақтары:
1. Қай жылдардан бастап өлең
жаза бастадыңыз
2. Алғашқы жарық көрген
кітабыңыз
3. Ең қызықты кейіпкеріңіз
жайлы айтып берсеңіз
4.
2- жүргізуші:
Желеу Мадинаның өз шығармашылығы
Болатқызы Мөлдірдің өз шығармашылығы
1- жүргізуші:
Келген қонақтарға құттықтау сөз кезегі
беріледі.
Оқушылардың концерттік бағдарламасы
Ән : Алға Аминаның орындауында «
»
Күй : Ерен Асланның орындауында «Адай
»
Осымен «Олжабай сыншы » атты
кітабымыздың ашылу кеші өз мәресіне
жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
көп рахмет. Келесі кездескенше сау
саламатта болыңыздар.