Материалдар / кездесу кеші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

кездесу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
кездесуде желтоқсанғы ағаларымызбен кездесіп желтоқсан оқиғасының қалай болғанын сұрап өз құлақпен есту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2021
566
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Бейбіт елдің батыры.


Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау;

Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.


Көрнекілігі: Желтоқсан оқиғасына байланысты слайдтар, суреттері, буклет, банер, бейнематериалдар.


 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті  де қастерлі тәуелсіздікке 30 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын. Бүгінгі кешімізге арнайы 1986 жылы желтоқсан оқиғасының куәгерін шақырып отырмыз. Бізде қонақта  қаламыздың


келіп отыр. Құрметті _______________________________________ келгеніңзге көп- көп рахмет.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

1-жүргізуші Бүгінгі Бейбіт елдің батыры.деп аталатын кешімізді ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.

1-жүргізуші:  Желтоқсан, оқиғасы мәңгілік. Біз Желтоқсан оқиғасын есімізден ешқашан шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгілік сақталады. Көтеріліске шыққан жастар-тәуелсіздік киесі. Болашағымызды нұрландырған, тәуелсіздік әперген азаматтарымызды біз ұмытуға тиіс емеспіз.

2- жүргізуші:

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын,

Бір минут үнсіздікпен еске алайық,

Әруағы ағалардың ырза болсын! /1 минут үнсіздік/

Ән: Желтоқсан желі


 1-жүргізуші: Жалғыз Отан адамның жүрегі ғой,

Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой,

Ел үшін желтоқсанда құрбан болған,

Ербол, Қайрат-нағыз ердің бірі еді ғой.

Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,

Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.

Болашаққа даңғыл жол салып берген-

Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

Тәуелсіздік сатылмас құн болады,

Жаңа туған ел енді тең болады.

Кең байтақ, байлығы мол даламызды

Қорғамасақ ұрпаққа сын болады.


2-жүргізуші: Желтоқсан-жастықтың жалыны,

Желтоқсан –батылдық адымы

Желтоқсан- ұлтымның ұраны,

Желтоқсан- халқымның қадірі.

Желтоқсан – елдіктің бастауы,

Желтоқсан – еркіндік ақ таңы

Желтоқсан - өр рухты ұл мен қыз

Желтоқсан – елімнің мақтаншы

Желтоқсан – тарихтың белесі

Желтоқсан – ертеңінің елесі

Желтоқсан – аңсаған азаттық

Желтоқсан – тәуелсіздік күресі

 1-Жүргізуші: Желтоқсаншылардың бәрі де бір-бір батыр еді Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Солардың бірі- бүгінгі кездесуімізге қатысып отырған Желтоқсан оқиғасының куәгері болған --------

Құрметті ұстаздар мен оқушылар енді Желтоқсан оқиғасына қатысушы ------------------------- сөз кезегін берейік.

  1. Құрметті ағай (апай )жалпы өзіңіз туралы әңгімелесеңіз?

  2. Ағай (апай )желтоқсанның таңы калай атты?

  3. Тағдырлас еске алып отыратын дос-жарандарыңыз бар ма?

  4. Сол көтеріліс басталған шақта сіз қайда болдыңыз? Сол кездегі көңіл-күйіңізді жағдайыңызды айтып бересіз бе?

2-жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой - қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық 

Ендеше, орталарыңызда _______________________(мереке күйі орындайды) 

1– жүргізуші: ендеше ортамыздағы қонағымызға сұрақ қойсақ

  1. Құрметті ағай (апай )желтоқсан оқиғасы болған кезде сізді алаңға баруға қандай жағдай себеп болды.

  2. Құрметті ағай (апай ) көптеген желтоқсанға қатысқан ағалар мен апаларымыз сол кездегі оқиғаларды еске алғысы келмейді неліктен деп ойлайсыз?

  3. Құрметті ағай(апай ) осы оқиғаға қатысушы ретінде кейіннен билік органдарынан қудалау болған жоқпа?

1-жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық. 

2-жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. 

1-жүргізуші:

Сіздердің алдарыңызда Хаттау Инбат Мұхтар Шаханов ”Төрт жыл кешіккен шындық ”

Мұхтар Шахановтың ”Төрт жыл кешіккен шындық ” -өлеңі.

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысты, жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

2- жүргізуші

Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

1 – жүргізуші

Ендеше сұрақтар легін жалғастырсақ

1 . Құрметті ағай(апай ) сол кездегі жастар мен қазіргі жастар арасынан алшақтық байқамайсызба?

2 .Құрметті ағай(апай )  Желтоқсан оқиғасына тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл деп қуанып жатырмыз. Бірақта Желтоқсан көтерілісін жоғары деңгейде аталмай қалады. Осы жағдай туралы не айтасыз.

2-жүргізуші: "Ән көңілдің ажары" демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік.

Жетпісбай Байымбеттің орындауында Желтоқсан ерлері

2-жүргізуші:

Қара мынау ғажапқа,

Теңдік тиді қазаққа.

Езгідегі ұрпағың,

Енді айналмас мазаққа.

1-жүргізуші:   

Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төріңде.

2-жүргізуші: ----------------------- біз сіз сияқты ағаларымыздың  бар екеніне шынымен қуанамыз. Сізге көп рахмет, отбасыңызға бақыт, жұмысыңыздан шығармашылық табыстар тілейміз. Оқушыларыға осы желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы, тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында мерекелік тілегіңізді айтсаңыз.

ағайды тілегі….

 1-жүргізуші Келесі сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шугаепова Гүлайым Адиямқызына береміз.

2-жүргізуші Мінеки құрметті көрермендер ”: Тарихқа – тағылым, өткенге тағзым. ” атты кешіміз өз мәресіне жетті.

Ендеше

1-жүргізуші: Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен қоштасамыз.

Бірге: Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!