«Жарқын бейне»
Кештің басында бейнебаян көрсетіледі.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Бүгін біздің гимназия төрінде шәкірттердің шуақ шашқан күніндей ардақты жан, мұғалім атты қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан мыңдаған жас ұрпақтың болашақпен жалғастырар алтын көпіріне айналған ұстаз - Сәуле Сейдағалиқызы келіп отыр.
Әдебиет деген әлемнің тұңғиығына бойлап, ана тіліміздің қадірін ұғындырып, бар жан-тәнімен ұлтшыл ұрпақтарын тәрбиелеуге арнаған, әдебиет саласының жілігін шағып майын ішкен тіл жанашыры, ұлт жанашыры Сәуле Сейдағалиқызы қонақта. Сізді ортаға шақарамыз. Келіңіз. Бүгінгі төр сіздікі.
Әдебиет адам жанына шуақ шашатын, қиялына қанат бітіріп көкке жетелейтін сала.
Қазақ тілінің мәңгі жасауының алтын көпірі әдебиет. Бүгінгі кейіпкеріміз сол салаға бар ғұмырын арнаған дара тұлға. Қош келдіңіз!!!
Кезекті құлаш құрышын қандырар әсем әнге берсек. Бұл ән сізге арналады.
ӘН: Қызғалдақ апай
Жанарымда нұр ойнап, шаттық күлген
Бойымнан арылмаған пәктік мүлдем
Қайран менің, балалық балдай кезім
Доп қуалап, шыбықты ат қып мінген - деп балалықты жырлағандай балалық шағыңыздың ең тәтті кезі өткен, сол бір тәтті шағыңыздың куәсі болған қасиетті мекенмен таныстырып өтсеңіз. Бозбала шағыңызда қай ауылдан сусындадыңыз, қандай үйде өстіңіз, қандай тәрбие көрдіңіз?
Жүргізуші: Әңгімемізді бала Сәуленің қол созған биігінен бастасақ дейміз. Киелі Торғайдың топырағында отырып алып, атар таңға, батар күнге, бәлкім толған айға қарап нені армандап едіңіз? Балалық пен балғын жастықтың қимас әңгімелері қалып қойған сол күндерге шолу жасасақ.
Балалық шақтағы арманыңыз? Қайсысына жеттіңіз, қайсыған жете алмадыңыз?
Сіз жақсы білесіз, әлемге мәшһүр шешен де, көпті көрген көсем де...бәрі-бәрі өздерінің ең ұмытылмас кездері туралы сөз қозғағанында, әңгіменің әлқиссасы деп алғашқы оқыған мектебін, тұңғыш ұстазын, бір партада отырған сыныптастарын еске алудан бастайды. Осы орайда сіз білім ұясының табалдырығын қашан, қай жерде аттадыңыз, ең алғашқы ұстазыңыз кім еді, құрбы-құрдастарыңыз деген сауалдың өз-өзінен туындары анық. Осы сауалдарға жауап бере отырып, ортаға сіздің сынып жетекшіңіз бен сыныптастарыңызды шақырғым келіп отыр.
-
Әбдікова Ырысалды апай – сынып жетекшісі (Нұрсұлтан қаласы)
-
Әлия Қарсақбаевна – сыныптасы (Арқалық қалалық кітапхананың кітапханашысы)
-
Гүлайым апай – сыныптасы (Арқалық жасөспірімдер театрының тігіншісі)
-
Абдрахманова Салтанат - сыныптасы
-
Бахытгүл Мүсілімқызы – құрбысы (Арқалық қаласы зейнеткер)
Құрметті Сәуле Сейдағалиқызы! Залда отырған көзі қарақты үлкен-кішінің бәрі сіздің ғибратты өмір жолыңыз бен атқарған қызметіңіз жайлы жақсы білетіні анық. Енді бүгінгі кеште сіздің бойыңызда бар ерекше қасиеттер жайлы сыр ашатын әріптестеріңіз келіп отыр екен.
-
Арман Жақанұлы - әріптесі (Арқалық қаласы көпсалалы колледжінің аға оқытушысы)
-
Сабыржан Нұрсалиұлы – әріптесі (Арқалық қаласы Нұр Отан партиясының жетекшісі )
-
Айнұр Хайруллаевна – қазіргі әріптесі (қалалық білім бөлімінің әдіскері )
-
Қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Гүлшанат Шағалақызы бастаған)
Жүргізуші: Бүгін ортамызға бір әулеттің инабатты, ибалы келіні, Сәуле апайдың сырлас жеңгесі келіп отыр. Қошеметпен ортаға шақырайық.
Осы әулетке келін болып түскен сіз не айтасыз? Қандай ерекшелігі бар бұл отбасының?
-
Үмітжан апай - жеңгесі (жақын жанашыр туысы) Қарасу ауылынан
Жүргізуші: Атақты қолбасшы Александр Македонский қол астындағы әр сарбазының есімін білген дейді, сіз мектептегі оқушыларыңыздың есімін белесіз бе?
Сіздің ұстаздық жолындағы қажырлы еңбегіңіз жайлы баяндау үшін шәкірттеріңіз келіп отыр.
Арман Жалмишев – шәкірті (Арқалық УК 166/1 бөлімінің бастығы)
Каримжанова Айнагүл - шәкірті (А.Құнанбаев атындағы №6 мектеп гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)
Сәуле Сейдағалиқызы шәкірттеріңіздің бейне құттықтауларын қабыл алыңыз.
Құттықтау бейне роликтері :
-
Тұяқова Айгүл - ???? жылғы шәкірті Республикалық Абай оқулары байқауының жеңімпазы ???? жыл
-
Мұқатай Елдос - шәкірті Республикалық Абай оқулары байқауының жеңімпазы ???? жыл. Асфандияров атындағы медицина университетінің 6 крус студенті.
-
Қалтай Аяужан – 2021 жылғы түлегі Республикалық Абай оқулары байқауының жеңімпазы ???? Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті филология факультетінің студенті
-
Зәмзагүл Сейітқызы – әріптес құрбысы (Нұрсұлтан қаласынан)
-Тағдыр, өмір жолы дегеніңіз қызық қой. Мәселен, аты әлемге әйгілі хирург Н.М.Амосов өзінің өмір жолын алғашқы конструкторлықтан бастаса, маршал А.М.Васильевский «Барлық өмірімнің мәні» атты мемуарында жас кезінде агроном болғысы келген ойын айтады. Бірақ...иә, бірақ бұл адамдар тарихтағы өз орындарын кейін біреуі медицина әлемінен, екіншісі әскери ғылым саласынан тапқаны анық. Ал сіздің жастық шағыңызда сондай кейбір армандардың кеудеңізде бүр жарған сәті болды ма? Болса, қандай мамандықты меңгеруді қалаған едіңіз?
Жүргізуші: Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иесі ұстазымыздың еңбек жолы көпке үлгі- өнеге. Ұстаз бен шәкірттердің жүрекпен тілдескен диалогы бірде сұрау, бірде ой, бірде кемеңгерлік сөзбен өріліп отырады. Ендеше ұстазымызға қояр сауалдарыңыз болса қоюға рұқсат.
Жүргізуші: Адам баласының мықты боп қалыптасуына үш нәрсе байланысты дейді. Олар: ата-ана, ұстаз және кітап. Әдебиет әлеміне қадам басуыңызға осы үшеуінің қайсысы әсер етті деп ойлайсыз?
Келесі сөз кезегін гимназия директоры Кисикова Ақтоты Жанараловнаға береміз.
Сіздің атқарған қызметіңізге бас иіп, бүгінгі дара жолды аяқтаймыз. Әркімнің өмірде өз жолы бар, оны дара ету өз қолыңызда.
Сәуле Сейдағалиқызы алтын уақытыңызды бөліп келгеніңізге үлкен рақмет!!!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кездесу кеші "Жарқын бейне"

шағым қалдыра аласыз