400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кездесу кеші "Мамандықтың бәрі жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға арналаған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету,

оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін,

түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын,

қызығушылықтарын арттыру. “Мамандық” құндылығы туралы түсінік

сферасын кеңейту. Мамандық таңдаудағы ата — ана міндеті, оның

нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік

ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету.
Міндеттері:
• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
• Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау;
• Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану;
• Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, ойын — жаттығу.

Қатысушылар:ауылымыздың  кітапханашы, орман күзетшісі, фелдьчері, ішкі істер бөлімінің қызметкері, мал дәрігері, ұстаздар, 9 класс ата- аналары.
Жүргізілу барысы:
Ұйымдастыру:Ата — аналардың қолына жасыл және сары түсті жапырақшалар, мамандық туралы сауалнама таратылады.

1.Кіріспе сөз
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық — дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.
Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.             Әл — Фараби
ІІ. «Ой қозғау»
МАМАНДЫҚ – ОЛ…
Мамандық – бұл арнайы біліктілік пен білімділікті талап ететін, адамның еңбек қызметінің түрі.
ЕҢБЕК — ОЛ…
Еңбек — бұл адамның қызметі, материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталады.
ЕҢБЕК ПЕН МАМАНДЫҚТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ…
Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек, Ал мамандық латын тілінен аударғанда — ресми көрсетілген іс, яғни мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керектігін көрсетеді.
ІІІ. “Бүгінгі менің ойым”
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);
• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
• Ықылас деңгейі мен өзін — өзі бағалауы;
• Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым — қатынас жасай білу;
• Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой — ниеті салмақтана түседі.

 

ІV. Бүгінгі ашық сабағымызға әдейілеп ауылымыздың азаматтары шақырылып отыр. Олар: ауылымыздың кітапханашысыМағрипа апай, ауылымсыздың фелдьчері Маржан, мектеп мұғалімдері. Келген қонақтарымызға уақыттарын бөліп келгендеріңізге алдын — ала алғыс айтамыз.Енді сіздерді шақырудағы себебіміз оқушыларымыздың ойларындағы сұрақтарын қойсын деген ниетпен және өздеріңіздің мамандықтарыңыз туралы мағлұматтар берсеңіздер. (Оқушылардың сұрақтары)

















Тана мырза орта мектебі







Мамандықтың бәрі жақсы»





Мектеп психологы: Турарова К

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1100
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі