Материалдар / Кездесу кеші "Мен отбасыммен мақтанамын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кездесу кеші "Мен отбасыммен мақтанамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды көп балалы отбасылармен кездесу барысында қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2019
1600
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мен отбасыммен мақтанамын»
Мақсаты: Ата - ана мен баланың және мектеп арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Ата - ана мен баланың өзара қарам - қатынасы жақсы, бір - бірін түсіне алатын, үлгі бола алатын отбасы.
Жоспары:
1. Таныстыру.
2. «Мен отбасыммен мақтанамын» пікіралысу.
3. Отбасы туралы видеоролик көрсету

4. «Үшеуіміздің суретіміз!» тренингі.
5. «Менің балам қандай?» қызықты сұрақтар ойыны
5.
«Менің баламның қолөнері» ата-аналар балаларының жасаған бұйымдарын көрсетіп таныстырады.
5. Қорытынды. «Мен балама қандай жылулық беремін?» рефлекция
Саламатсыздарма! Құрметті ата-аналар оқушылар! Бүгінгі көп балалы ата-аналармен кездесу кешіне қош келдіңіздер! Отанды-сүю – отбасынан басталады. Себебі, отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы! Олай болса бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныс болайық!
Журунтаева Жамила
Билисбаева Мөлдір
Нұржанова Гаухар
Кенжалиева Салтанат
Абдулла Камила
Толжанова Нурслу
Бакытова Акканат
Смайлова Сабира
Халмұратова Лаура
Мелешко Любовь
Ускинова Сайра
Исанбаева Алия
Кадирова Салтанат
Серикбаева Қолғанат
Жакешова Набира
Уринбаева Гүлжайнар
Елдашева Қарлыағш
Скакова Акселеу
Хожамбергенова Эльмира
Ермашева Гүлнар
Каракеева Айгүл
Қаржауова Дариға
Ұйымдастыру тренингі: Мектеп психологы Айтмуханбетова Нурслу

2. «Мен отбасыммен мақтанамын» тақырыбында пікіралысу.
- Отбасы дегеніміз не? Оның құрамы?
- Менің отбасым....
- Менің отбасымның жетістіктері...
- Отбасым менің мақтанышым...

2. «Отбасы» туралы видеоролик көрсету

3. «Үшеуіміздің суретіміз!» тренингі.

Суретті бір - бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, келесі баласы жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3. Бір - біріңізді қалай түсіндіңіз?
4. Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.

4. «Менің балам қандай?» қызықты сұрақтар ойыны
-Балаңыздың туған күні?
-Балаңыз спорттық қай түрін жақсы көреді?
-Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
-Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
-Балаңыздың бірінші тісі қай айында шықты?
-Балаңыздың сүйікті асы қандай?
-Балаңыз қай уақытта бірінші қадамын басты?

5. «Менің баламның қолөнері» ата-аналар балаларының жасаған бұйымдарын көрсетіп таныстырады.

Қорытынды.
«Мен балама қандай жылулық беремін?» рефлекция
Ватмандағы күнге ата-аналар бір-бірден күннің шуағын салып, балаларына қандай жылы сөздерін айтатынын жазып шығады.
Бала ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанынан кірген тікен менің маңдайыма кірсін» - деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Бүгінгі кешімізге қатысып, келгендеріңіз үшін сіздерге үлкен рахмет айтамыз!























































Саржансай ЖОББМ











Shape1

«Мен отбасыммен мақтанамын!»













Көп балалы ата-аналармен кездесу кеші



























2018-2019 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!