Данабекова Дамира
Жетесовна
Ақтөбе облысы,
Шалқар ауданы Жаңақоныс ЖОББМ
Мақсаты: ата - ана мен бала
арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді
нығайту. Ата-ана -
отбасының негізгі діңгегі,
бастапқы дәнекері екенін ескеріп,
мектеп,
ата-ана,
ұстаз болып бірігіп,
сапалы білімді,
саналы тәрбиелі,
салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-
Ата -
ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады,
баланың бас ұстазы ата -
ана екенін түсінеді,
бір -
біріне деген сезім нығайады;
Идеясы: «
Ұяда не көрсең ,
ұшқанда соны ілесің!»
Әдісі: әңгімелесу-
пікір алмасу,
сұрақ-жауап сыни тұрғыдан ойлау,
ассоциация,
құрастыру,
тренингтер,
ситуациялық сұрақтар шешу,
шығармашылық жұмыс,
кері байланыс,
бағалау
Ресурстары: интербелсенді тақта,
сызбалар,
ватман,
А4
қағаздары,
маркер,доп,
ойын элементтері,
жағдаяттар,
стикерлер,
бағалау парақшалары т.б.
Түрі: дөңгелек үстел,
топтық жұмыс
Жүргізілу барысы:
Кіріспе сөз :
-
Қош келдіңіздер,
құрметті ата -
аналар және әріптестер.
Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен дөңгелек үстелімізді бастаймыз.
Тренингіміздің
ерекшелігі сол,
тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп,
сіз боп пікірлесе отырып,
ойымызды түйіндеп,
өмір жолында пайдалану.
Отбасы -
Адам баласының алтын діңгегі.
Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап,
осында ер жетіп,
отбасының тәрбиесін алады.
Сондықтан да отбасы -
адамзаттың аса қажетті,
әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып,
мектеп табалдырығын аттағанымен,
оның өмірінің көп бөлігі әке -
шешесінің қасында өтеді екен.
Ал сіздердің ата -
ана,
өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз.
Бірінші рет –
өзіңіз,
екінші рет –
балаңыз,
ал үшінші рет –
немереңіз барады екен.
Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата -
аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып,
немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық тренинг «Көңілді күн»
«Сәлемдесу»
жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу,
топқа энергия беру;
Жаттығу барысы
Қатысушыларға шеңбер құрып тұрады.
Әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп,
«өз
амандасу тәсілімен»
барлығымен сәлемдеседі:
«европалықтар»
қолдарын қысады,
«жапондықтар»
бастарын иеді,
«африкандықтар»
мұрындарымен,
«Қазақтар»
құшақтасады.
Тибет халқы тілдерін шығарады.
Топтық жұмыс. Сұрақ-
жауап:
«Әрбір
баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады»-
деп Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына,көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады.Ата-ана -
бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы,өзін көретін айнасы.Сондықтан,ата-аналар,мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.
1-топқа:
1.Бала
тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2.Бала
үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3.Бала
тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,
әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
2-топқа:
4.Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде,атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
5.Баланы
еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
6. «Баланың өскенде жақсы,өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор»
дегенге өз пікіріңіз,көзқарасыңыз қандай?
Ата-аналардың пікірі тыңдалады
Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.
Егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз
1 -
қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2 -
қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3 -
қателік:
Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек,
өйткені мен үйдің басшысымын»
4 -
қателік Балаларды тым еркелету
5 -
қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6 -
қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету
7 -
қателік Баланың ісіне көңіл -
күйіңізге қарап баға беру,
яғни көңіл -
күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау,
әңгімесіне құлақ аспау
Міне құрметті ата -
аналар,
бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп,
сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
Бейне үзінді көрсету:
«Бала
тәрбиесі»
туралы
Мұғалім:
1.Ата –аналар, бұл жағдайға не
айтасыздар?
2.Балаға, ата – анасына қандай ақыл – кеңес айтар
едіңіздер?
3. Кімнен қателік кетті деп ойлайсыздар?
Топтық жұмыс Жаттығу. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық
ағашы»
Нұсқау: Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген
отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына
орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып
есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына
отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл
аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 - 10
минут.
1. Мықты денсаулық 2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік 4. Ортақ қызығушылық
5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау 6. Қамқорлық
7. Тәртіп 8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік 10. Ата - ананың сөзі заң
11. Ата - ана отбасының үлгісі 12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық қарым – қатынас 14. Махаббат
15. Мейірімділік 16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу 18. Береке
19. Үлкенге - ізет, кішіге – құрмет 20. Көп бала
Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап
шығамыз.
Сергіту сәті: Шәмшінің әндерін айтқызу, «Ата ана», «Мұғалім» сөздері
арқылы
VII. Жағдаятқа ену
1-топ Ата-аналар
1-жағдаят Анашым,мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге
берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп
айта салыңызшы.
2-жағдаят Бала сыныптасымен төбелесіп қалды, Сізді тез арада
мектепке шақыртып жатыр, не шара қолданасыз?
2-топ Мұғалімдер
3- жағдаят Баланың музыкалық қабілеті байқалып, аптасына екі рет
болатын домбыра үйірмесіне шақырылады. Үйіндегі анасы домбыра жоқ,
бармай ақ қой дейді. Мұғалім іс-әрекеті.
4- жағдаят. Оқушының ата-анасына телефон
шалып, баласының мектепке жарылғыш заттар әкелгенін хабарладыңыз.
Ата-анасы біздің бала ондай емес, одан да мұғалімдер өз балаларын
жөндеп алсын деді. Сіздің әрекетіңіз.
Ата-аналар осы
жағдайларды сол сәтте қалай
қабылдайтындықтарын(қуаныштарын,реніштерін іс-қимылын салып)
көрсетеді
- Ата - анаға жадынама
-Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
- Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл
болады
- Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ
болады
- Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына
алуға бейім тұрады
- Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал
сабырлы, ұстамды келеді
- Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады
- Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың
ортасында жүреді
VIII. Қай ағашты таңдайсыз?
(психологиялық тест)
Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине,
қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне
қараңыз.
Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен
танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?
1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға
талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай
сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз
өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді
жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді
әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара
салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы
көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар
аздау.
2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да
даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды
жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан
қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің
көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.
3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз
бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз.
Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан
қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған
көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.
4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз.
Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан
да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың
ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет.
Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді
шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.
5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген
қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз
үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар
тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды
бағалайсыз, шындықты сүйесіз.
6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай
қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін
жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде
кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз
өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.
7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды
айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын
салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да
қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос
уақытты тиімді өткізесіз.
8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың
қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса,
үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан
да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады.
Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша
байыз таппайсыз.
9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті
пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен
жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге
әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.
ІХ. Рефлексия «Бес саусақ әдісі»
«Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе, бәрі өз
қолымда!» Әр саусақ сіздің көзқарасыңызды көрсетеді, сол
бойынша өз ой-пікіріңізді төмендегі нұсқауға сәйкес салынған
саусақтың ішіне толтыру (пікірлер, ұсыныстар)
Бас бармақ - мен үшін бүгінгі жиналыста маңызды және қызықты
болды.
Балаң үйрек - осы сұрақ бойынша мен өзіме
қажетті мәлімет алдым.
Ортан терек - бұл маған қиынға
соқты...(маған ұнамады)...
Сылдыр шүмек - менің психологиялық ортаны
бағалауым.
Кішкентай бөбек - бір тілек
Мұғалімнің қорытынды
сөзі:
Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал
балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата
- аналар сіздерге байланысты дей отырып
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны таныр қиядан
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы - жаман болса бала солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның
сөзімен бүгінгі кездесуді аяқтаймын