жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Киелі жеті саны."
ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ КИЕ ТҰТҚАН САНДАРЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқұшыларды табиғат сырына үңіле білуге бауылу. Қазақтың қасиетті және киелі деп санаған 3, 40, 7, 9, 12
Сандарының құпиясын ашу.
Оқушылардың бойына ұлттық тәрбие негізін қалау, салт-дәтүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатымыздың көрнекілігі:
Әдеби кітаптар
Қанатты сөз жазылған плакаттар
Мерзімдік басылымдар
Үнтаспа
Тәрбие сағатының түрі:
Дәстүрлі емес, іздену, шығармашылық.
Тәрбие сағатының барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ақ көңілді қонақтар, армысыздар,
Сағындырып жуатып қармысыздар,
Аққу құстың шоғыры секілденіп,
Бәріңіз есен-сау бармысыздар.
Қадірлі күн, қадірлі зиялы қауым! Бүгінгі біздің «Халқымыздың кие тұтқан сандарының құпиясы» атты тәрбие сағатымыға келген қадамдарыңызға нұр жаусын.
1-жүргізуші.
Халқымыздың кие тұтқан сандардың құпиясын ашуға, оны білуге жиналып отырмыз. Өзімізге белгілі 3,40,7,9,12 сандарын қасиетті, киелі деп есептеген. Табиғаттың тылымсыз сыры көп. Оны түсіну үшін біз өте білімді, көп оқыған азамат болуымыз керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың шырты кие тұтқан сандардың сырларын ашу, оны меңгеру. Өйткені ол да біздің салт-дәстүріміздің бір бөлшегі.
Қасиетті сандарды білу, құрметтеу біздің ұлттық борышымыз.
2-жүргізуші.
Адам бойындағы кереметтей асыл қасиеттер, халықтың киелі қасиеттері бала кезінен бастап-ақ бойға сіңеді. Жас күнінде Сіңірген қасиет өмір бойы өзіңе азық болады. Сондықтан жас кезімізден бастап халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстұрін, оның киелі де қасиетті сандарын білуіміз керек.
1-жүргізуші.
Жас ағаш бұтақтары әуел баста жанжаққа қанат жайып, таратқан болса, жүздеген жылдар бойы қашан оны шауып тастамайынша солай болып тұра береді. Ендеше, біз халқымыздың киелі сөздерін жастай үйреніп, өмір бойы есімізден кетпестей бойымызға сіңіруіміз қажет.
2-жүргізуші.
Адам бойындағы алғашқы әсерлер берік орнаса, бұл бір керемет, сондықтан халқыңның киелі, ақылға қонымды нәрселерінің бәрін жас балғын шағыңда үйреніп өмірімізге жүзеге асыра алатындай тәлім алып жатсақ, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
1-оқушы:
Қазақ халқы 7, 9, 12, 40 сандары қасиетті, киелі деп есептеген. Мысалы, орта ғасыр алхимиктері мен астрологтерінің жеті күнге жеті жұлдыз атап қойып, жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын) пайда болған күні деп-дүйсенбі, сейсенбі,
сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сембі, жексембі деп күндерге ат берген.
2-оқушы:
Халқымыз әр күнге арнайы ырымдар жасап, жолға сәрсенбі күні шығуы немесе тойды сенбі күні жасауы, жүма ауыр күн деп есептеп жолға шықпай, садақа беріп, мешітке намазға барып, жеті нан пісіріп, қайтыс болған адамдарды еске түсіру сияқты әрекеттер осыдан туындаса керек.
3-оқушы:
Табиғаттың біз білмейтін қүпиясы көп-3, 9, 5, 7, 12, 40 сандары киелі сандар деп айтылады. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7 күннен кейін атап өтсе, қайтыс болған адамның 7 күннен кейін жетісі беріледі. Жаңа туға нәресте 40 күннен кейін қырқынан шығару деп ит жейдесін шешіп, енді адам долды деп қуанған, ал о дүниеге аттанған адамның 40 күннен кейін қырқын беріп енді келмеске кетті, «тек біз жеті нанпісіріп әруағын риза қылайық» деген.
4-оқушы:
Білімдар адамды «жеті жұрттың тілін біліпті» деп атауы да тегін емес. Жеті қатты «шырқау биік, шексіз аспан» деп түсінеміз. Жеті қат көп шығыс астрономдарының кеңінен қолданылатын термин, жеті саны – жеті жұлдызға сәйкес аталады. Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн. Осы жарық жұлдыз шығыс астрологиясында жеті қат көк деп аталады.
5-оқушы:
Біздің халқымызда әрбір бала әке жағынан да, шеше жағынан да жеті атаға дейін кімдермен қандай туыс екенін білуі міндет. Бұл қазақтардың заңы. Себебі жеті атаға дейін бір-бірімен қыз алысуға болмайды. «Жеті атаны білмеген жетесіз» деген мақал осыдан туса керек.
6-оқушы:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде жеті түрлі заттан – соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай, тары, күріш, т.д. дәндерді жетіге толтырып, қазан толы наурыз көже пісірген.
7-оқушы:
Халық аузында өлең-жырлары мен ертегі эпостарында ежелден айтылып келе жатқан жеті ғашық сөзінің түп-төркіні Шығыс елдерінде аңыз, дастан болып тараған ғашықтық хикаялармен сабақтас. Жеті ғашық жайлы жырларды тыңдаушылары жаттап, кейде жазып алып, ауыздан ауызға таратып отырған. Қазақ жыршылары мен ақындардың шығармаларында кездесетін жеті ғашыққа мыналар жатады: Ләйлі-Мэжнүн, Жүсіп-Зылиқа, Фархад-Шырын, Таһир-Зуһра, Арзу-Қамбар, Уәлік-Ғарра, Уәки-Күлшаһ.
8 – оқушы.
Жеті санының қасиеті туралы айта берсек бітер емес. Әз Тәуке хенның жеті жарғысы кезінде адамдардың мінез-құлқын, әрекетін, бір-біріне деген қамқорлығын, адамгершілік мәселесін көтерген қазақ даласындағы тұңғыш заңның 7 санының тұруыны өзі 7 санының қасиетті емес пе?! Мұның өзі ата-бабаларымыз киені қадірлеп өссін деген ізгі ниетпен шыққан болар.
9– оқушы.
Жеті жетім.
Тындалмаған сөз жетім,
Киюсіз тозған боз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Бұл дүниеде не жетім,
Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айрылған ер жетім.
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.
10 – оқушы.
Жетіген.
Қолға алатын аспабым жетігенім,
Бізге ғасыр қойнынан жетіп едің.
Енді жаулап қорамақ болған кезде,
Қапылыста қиылған жеті үн едең.
Бөлшегісін баба айтқан шежіренің,
Тыңдап нүнде аңызды көз ілмедім.
Жетігенді ойнасам, жеті ерді,
Жіберердей оятып сезінемін.
Көрініс: «жеті жаманды біл»
Бөлтірік шешеннің қасында бірнеше шәкірт болады. Бір шәкірті сұрайды:
- Ақ ата, тәнің мен жаның бірдей сау болсын деген сөзіңіздің мәнісі не?
- Тәсі саудыңжаны сау болмай ма?
Бөдтірік шешен былай дейді:
- Тән мен жанның саулығы бірдей болуы – кісі бойындағы сирек кездесетін қасиет.
Кісінің жанын аздыратын күншілдік деген бар, содан сақтан.
Кекшелдік деген бар, содан сақтан.
Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр.
Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.
Қараулық деген бар, одан таза бол,
Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол.
Ынсансыздық деген бар, содан амал бол.
Төрт мүшең түгел болса, жанаң менен тәнің бірдей сау болуы деген сол.
Шәкірттері: - Жеті жаманды бізге ашып бердіміз, енді біз сол жамандардан аулақ жүреміз.
Бөлтірік шешен:- Қазақта жеті деген сан өте қасиетті, соға орай:
Жеті атаңды біл,
Жеті руды біл,
Жеті жарғаны біл,
Жеті жақсыны біл,
Жеті жаманді біл,
Жеті жетімді біл.
Шәкірттері:
- Ақ ата, сіздің айтқан алып сөздеріңізді ұғып, түсініп жүреміз.
Бөлтірік шешен:
- Балаларым, бәрің жас шыбықтай өсіп келе жатқан жассындар. Сендерге бір бата беріп жіберейін:
Ер қорғайтын батыр бол,
Шындықты айтар ақын бол.
Халқым деген жүрегің болсын,
Жұртыңның қамқор, тіріге бол.
Абыройың өрлесін,
Еш жамандық көрмесін.
1-жүргізуші.
Жті санын халқымыз кие тұтып қандай да игі істерін киелі сандармен байланыстырған. Жұттың өзі де жеті ағайынды болады деген.
Құрғақжылық;
Мал жұтау;
Оба;
Өрт;
Соғыс;
Сел;
Зілзала болатынын 7 санының төңірегіне сыйғызған.
2-жүргізуші.
Адам туғанынан бастап кәрілікке жетуінің өзің де 7 мүшел жасқа болген.
1.Сәбилік шақ мүшелі-13 жас
2.Ер жету мүшелі-25 жас
3.Жігіттік шақ-37 жас
4.Орта жас мүшел-49 жас
5.Ақ сақалдық мүшел-61 жас
6.Қарттық тартқан шақтық мүшел-73 жас
7.Кәрілік мүшел 85 жас деп әр мүшел сайын 7шелпек салып,садақа беріп отырған.
11- оқущы.
Қазақ халқында қазына көп. Соның бәрін айта бермей, осы ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы,қыран бұркіт, берен мылтық деп айта келе, 7 санына барлық қазынаны сыйғызудың өзі қасиетте тұр емес пе?
1-жүргізуші.
Жетісудың дүл-дүл ақын І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінде Жетісудың өзі жеті өзеннен туындағанын, тамаша табиғатын өз өлеңінде әсем жырлаған.
12-оқушы «Жетісу суреттері» өлеңін оқиды.
2-жүргізуші.
Ерте кезде арабтар 9, 3 санын да қасиетті деп санаған. Арабтар арқылы Ислам дінінің енуіне байланысты 9 санының ерекше құрметтелуі тегін емес. 9-ай, 9-күннен кейін сәбидің дүниеге келуі, 9-жолдың торабы, 9-қабат торқау қию, т.б. ырымдар бәрі де 9 санының қасиетті, киелі екендігінің дәлелі.
13-оқушы.
Халқымыздың үш жүзге бөлінуі де 3 санының қасиетті екендігі болар. Жігіттің үш жұрты бар:
Бірінші өз жұрты – күншіл келеді;
Екінші жұрты қайын жұрты – міншіл келеді;
Үшінші жұрты нағашы жұрты – шаншыл келеді деген сөздің өзі 3 санынан келіп тіреліп, әр жұртың өз бағасын берген.
1-жүргізуші.
Ақиық ақынымыз М.Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңі де осы қасиетті 3 санының мағынасынан туғандай.
14-оқушы. «Үш бақытым» өлеңін оқиды.
15-оқушы. Үш мұрат,
Сауда мұраты – ұту.
Жол мұраты – жету.
Қыз мұраты – кету – десек, 3 тәтті де бар:
Бірінші жан – тәтті.
Екінші мал – тәтті.
Үшінші жар – тәтті, - деп би-шешендеріміз 3 санмен байланыстырып даналық сөздерін қалдырған.
2-жүргізуші.
Қандай жағдайда болса да адам ұйқы, тамақ, күлкіден тыйылмайды екен. Адам өміріндегі ең ерекше орын алатын жайттар: ұйқы, тамақ, күлкі, сондықтан оны арсыз деп таныған.
16-оқушы.Абайдың 31-қара сөзін оқиды.
1-жүргізуші.
Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша 12-айға арнап жәндіктер мен хайуанаттар атын берген (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой мешін, тауық, ит, доңыз) деп оларды да 12 қазына деп атаған. 12 жылда бір мүшел деп арнайы атап өту 12-мүшенің сау болсын деген ұғымнан туған және де бітпеген іске «12-де бір нұсқасы жоқ» деп те реніштерін айтқан. Бұл да 12-санының сыры.
17-оқушы. Он екіден айырылма.
1. Жақныңнан айырылма.
2. Ақылыңнан айырылма.
3. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма.
4. Шешеніңнен айырылма.
5. Еліңнен аыйрылма.
6. Жаныңды алса да, сырыңнан айырылма.
7. Көшем деп алып қойған отынныңнан айырылма.
8. Дайар атың мен малыңнан айырылма.
9. Болмашыға өкпелеп, досыңнан айырылма.
10. Басыңдағы баспанаңнан айырылма.
11. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма.
12. Әр пендеге пайдалы іс істе, басыңа күн туғанда 12-ден айырылма-деп Шипагер Баян өз кітабында жазып кеткен екен.
2-жүргізуші.
Қазақтаң кие тұтқан 4 санының да құпиясы да мол. Төрт санын табиғатпен байланыстыра келе , оның да халқымыздың салт-санасына, тәлім-тәрбиесіне тигізері көп.
18-оқушы.
Халқымыз от, ауа, жел, жерді 4 тұлға деп қастерлеген. Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Сотүстікті төтр құбыла деп айтса, Ніл, Фирер, Жейхун, Сейхунды төрт дария деген.
Ал Үнді, Қытай, Мысыр, Рим, Европаны дүниенің төрт бұрышы деп атаған. Сонымен қатар екі қол, екі аяқты адамның төрт мүшесі деп атап, «төрт мүшенің сау болсын» деп тілеген. М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңі үнтаспадан тыңдалады.
1-жүргізуші.
Біз бүгін қазақтың киелі сандарының қасиетінің адам өміріне, қоршаған ортаға әсер ететіндігіне тоқталдық. Олардың сырларын жан-жақты ашуға тырыстық «Қасиет» деген сөздің өзіңде қаншама сыр жатыр. Қазақ халқы өзінің ырымдарын осы сандармен үйлестіре отырып жорамалдай білген.
2-жүргізуші.
Ендеше біз осы «Ұлтымыздың кие тұтқан сандарының құпиясы» тақрыбындағы тәрбие сағатын аяқтай келе, бүгінгі алған білімдерімізді өмірде қолданып, жүзеге асыра білейік! Салт – дәстүрімізді құрметтейік!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген