жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Киелі менің- Атамекенім
Тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын!»
Мақсаты: -Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың
бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру.
- Өскелең ұрпақты демократиялы қоғамда өмір сүруге, азаматтық
белсенділігін, білімділік қабілетін дамыту.
- Тәуелсіз азамат-патриот тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үнтаспа (әнұран), билердің суреттері,
сөзжұмбақ, кесте қағаз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушыларды , мұғалімдерді орналастыру).
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сәлеметсіздерме, оқушылар және қонақтар.
Бүгін бізде «Мен елімнің патриотымын»
атты ашық тәрбие сағатын бастауға руқсат етіңіздер!.
1. Басталғанда: Әнұран орындалады.
Сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев
Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов
Мұғалім сөзі. – ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз- өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сенім мен қарайтын азамат болу.
«Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақта».
Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Оқушыларды 2 топқа бөліп, сабақ бойы тарихтан алған білімдерін қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді. Сайыс 6 бөлімнен тұрады. Жеңіске жеткен топқа «Жас тарихшылар тобы» деген атақ беріледі және сол топ жоғары бағаға ие болады.
Сайыс бөлімдері:
І тур. Таныстыру.
ІІ тур. «Бәйге» ( сұрақ-жауап)
ІІІ тур. «Тіл өнері» ( мақал-мәтел жалғасын табу)
IV тур «Ой толғау» (шығарма)
V тур Сөзжұмбақ
VІ тур «Кім тапқыр» (кесене суреттерін табу)
VІІ тур Қорытынды. (жеңімпазды анықтау)
І. тур. Таныстыру. Екі топ өздерін таныстырудан бастайды.
ІІ.тур. «Бәйге» шарты: әр топқа 10 сұрақ қойылады. Сол сұрақтарға жылдам жауап береді
(бір дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді).
ІІІ.тур. «Тіл өнері» шарты:Топпен жұмыс істеу, сұраққа жауап беру
(толық жауап 30 ұпай)
ІV тур. Сөзжұмбақ шарты: Интерактивті тақтада көрсетілген тапсырмаларды орындайды.
V тур « Кім тапқыр» шарты: ( кесене және астан суретін аттарын айыру)
І тур таныстыру.
Ітоп. Бәйтерек.
Ұраны:
Бәйтерек деп ән салып,
Бәйтерек деп жар салып,
Тобымызды қорғаймыз
Қосылып біз бәріміз.
ІІтоп. Келешек.
Ұраны:
Қарсы алайық келешекті бәріміз,
Елге жеттік азат болып жанымыз.
Осы жерге келіп тұрмыз келешек,
Барымызды саламыз бұл сайысқа.
ІІ тур «Бәйге»
І топ.
1.Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері қай жер ? (отырар қаласы)
2.ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторлары кімдер? (Ж.Мәлібекұлы. Ш.Уәлиханов)
3.Қазақстан тұңғыш географ-ғалымы? (Ш.Уәлиханов)
4.Қазақстан жер көлемі қанша ? (2700 мың км)
5.Күздің үшінші айы ? ( Қараша)
6.Бір жылда неше күн бар ? (365 күн)
7.Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері ? (Т.Әубәкіров)
8.Қытай астанасы ? ( Пекин)
9. Жас қала ? (Астана)
10.Қазақстандағы ең ұзын өзен ? (Ертіс)
ІІ топ.
1.Әбу Насыр әл-Фараби қай жылы дүниеге келді ? (870-
2.ҚР мемлекетінің тудың авторы ? (Ш.Ниязбеков)
3.Ш.Уәлихановтың шын аты кім ? (Мұхамедқанапия)
4.Қазақстанда қанша облыс бар ? (14 облыс)
5.Қыстың бірінші айы ? (Желтоқсан)
6.Тәуелсіздік күні ? (16 желтоқсан)
7.Тәуелсіз Қазақстан ғарышкері ? (Талғат Мұсабаев)
8.Түркия астанасы ? (Анкара)
9.Ел басы кім ? (Н.Ә.Назарбаев)
10. Қарағанды өңірінен не өндіреді ? (Көмір)
ІІІ тур. «Тіл өнері»
Тіл- тіршіліктің тірегі. Сондықтан да тілге қатысты сөз бүкіл тіршілігімізге қатысты болуы керек. Елтану барысында көп тіл білудің пайдасы орасан зор. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы 3 тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тіл» екендігін атап айтты. Сондықтан тамыры тереңде жатқан ауыз әдебиетінен нақты айтсақ, мақал- мәтелдер мен жұмбақтар осы бөлімде сайыс ретінде өтеді.
Интерактивті тақтада көрсетілген 10 таблицадан әр топтың оқушылары мақал- мәтелді жалғасын немесе жұмбақтың жауабын қазақша, орысша және ағылшынша айту керек. Толық жауап 30 ұпай, жартылай жауаптарға 20-10 ұпай. Ал, ендеше, іске сәт!
І топқа ІІ топқа
1. Жері байдың ... бай. |
6. Жақсы болсаң, ..... көп. |
2 Ағаш аласа болса да, .... тамаша. |
7. Қалауын тапса ... жанар. |
3. Қына тасқа бітеді, ..... басқа бітеді. |
8. Көп түкірсе ... . |
4. Жұт .... ағайынды. |
9. Адал достық ..... нан қымбат. |
5. Жақсы туса-ел ырысы, ...... жауса- жер ырысы. |
10.Қыста киімін тастайды, көктемде киіне бастайды. .... |
1. Жері байдың елі бай. (ел- народ-
2. Ағаш аласа болса да, алмасы тамаша. (алма- яблоко-
3. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді . (білім-образование-
4. Жұт жеті ағайынды. (жеті-семь-
5. Жақсы туса-ел ырысы, жаңбыр жауса- жер ырысы. (жаңбыр-дождь-
6. Жақсы болсаң, жақсы көп. (жақсы-хороший-
7. Қалауын тапса қар жанар. (қар-снег-
8. Көп түкірсе көл. (көл-озеро-
9. Адал достық алтыннан қымбат. (алтын-золото
10.Қыста киімін тастайды, көктемде киіне бастайды. (ағаш-дерево-
ІV тур «Ой толғау» (шығарма жазу оқу)
ІV тур. Сөзжұмбақ
Байтерек және Келешек сөзжұмбақтарын шешу.
І топқа
1.Қазақ жеріндегі ең көне қалалардың бірі.
2.Қымыс т.б. сусын құюға арналып ешкі терісінен жасалатын ыдыс қалай аталады.
3.Қазақстан халық әншісі.
4.Үйсіндердің мәдениеті ескерткіштері шоғырланған аймақ.
5.Киіз үйдің төбе жағын атаңыз.
6.Қазақстан тәуелсіздігін білдіретін белгілері.
7.Наурыз айынан басталатын мезгіл.
ІІ топқа
1.Қазақстанның інжу-маржан жері.
2.Аристотельден кейінгі екінші ұстаз.
3.Әмір Темірдің бұйрығымен қандай кесене салынды.
4.”Шахмат” ойынының отаны.
5.Ұзатылған қыз киетін әрі әсем бас киім.
6. “Тарихтың атасы” атанған кім.
7.Әжелердің бас киімі қалай аталады.
8.Кеңес одағының батыры атанған қаһарман қыз.
V тур «Кім тапқыр»
Интерективті тақтада көрсетіледі кесене және астана қаласының суреттерін атын білу.
(Арыстан баб кесенесі, Қожа-Ахмед Йасауи кесене, Айша бибі кесенесі, Ағыбай батыр кесенесі, Бұқар жырау кесенесі, Жошы хан кесенесі, Қорқыт ата мазары,
Қозы Көрпеш- Баян сұлу, Президент резиденциясы, «Нұр Астана» мешіті,
Тәуелсіздік монуметі, ҚР тұңғыш президентінің мұражайы, Байтерек т.б)
Қорытынды:
Қорытындылай келе, тәуелсіздік нығайту жолындағы ғасырға белгісіз онжылдықтар жылжып өтуде. Талай-талай мазмұнды оқиғалар тізбегі көз алдымызда. Мұның бәрі тәуелсіздік шежіресі, тәуелсіздік қазақтың тарихы.Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты Қазақ елі. Тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдің өз құқы өз қолында. Біздің еліміз жылдан жылға дүниежүзіне танымал, әрі көркейіп дамып келеді.
Осымен қымбатты ұстаздар және оқушылар!
«Мен елімнің патриотымын» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген