400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киелі орда

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Киелі орда

Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен,тоқылық - деп, бүкіл қазақты оқу білімге шақырып ,халқы үшін үлкен өзгеріс әкелген алғаш 1864 жылы Торғай қаласында тұңғыш мектеп ашқан қазақтың ұлы ағартушысы қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин болатын. Содан бастау алған бағыттан талай жылдар өтіп, елімізде сансыз мектептер ашылды.

Осындай мектептердің бірі - Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Жетібай ауылындағы №3 мектеп - білім ордасы. Болашақ ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие беріп келе жатқанына биыл 60 жыл толып отыр.

Осы жылдар ішінде мектебіміз қасиетті қара шаңыраққа айналды.

Алдымен мектептің құрылу тарихына көңіл аударайық.

Мектебіміз алғаш рет 1959-1960 жылдары Жетібай жерінде жертөледе бастауыш сынып болып ашылған. Оның алғашқы директоры Өрбісінов Майлыбек ал, оқу ісінің меңгерушісі Ашығалиева Марусия бастаған даңғыл жол бүгінгі күнге дейін жалғасуда. 1965 жылы жаңа мектеп ғимараты салынып, оқу жүйесі 8 жылдық болып, мектеп басшылығына Көшенов Социал тағайындалды. Оқу барысы осылай алға ілгерілей келе 1964-1974 жылдар аралығында орта мектепке айналып, №3 орта мектебінен № 4 және № 8 мектептер бөлініп шығып ,тамырын тереңге бұтағын кеңінен жая бастады. Сол кездегі мектеп директоры, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекарыстанов Зердебай болса,1974-1986 жылда «Халықтар достығы наградасының» иегері , Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі Қалиев Жұмабай болды.

1977-2009 жылдар аралығында; Нұров Құрманғазы, Қалиев Жұмабай, Асанов Қуаныш, Баданов Нәби, Тажібаев Табынбай ағай мектепке басшылық етті.

Осы арада атап өтетін жәйт, мектебімізге Тажібаев Табынбай ағай басшылық еткен жылдары жаксыдан бақ қалар демекші, мектебіміздің айналасына шыбықтар отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда мектеп ұжымының Табынбай ағайға алғысы шексіз.

Бабаларымыздан қалған алтын мұраны көз қарашығымыздай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету біздің міндетіміз бен парызымыз . Алғаш суық жертөледе білім кенін іздеп, қиын қыстау заманда бастау алған мектеп бұл күнде жарты ғасырдан артық уақытты бағындырып, кәрі қайыңдай мүлк етпей , бауырынан небір ақынды , жазушы сазгерді, түрлі маман иелерін қанат қақтырып, ел қызметіне жіберді.

Сонау 60 - жылдары оқыған оқушылар бүгінде бір отбасының ұйытқысына, қадірлі қариясына айналған.

Сыр сандықтан сыр ақтара берер болсақ, онда парақ беттері жетпесі анық.

Ал, бүгінгі таңдағы №3 мектеп қалай өзгерді және, қандай өзгерістер мен жаңалықтар күтеміз деген сұраққа мен мүдірместен жарқын болашақты дер едім. Бүгінде мектебімізде 1149 шәкірт білім алып, 86 мұғалім білім беруде.

Оқушылардан зор үміт күтеміз, ал ұстаздардан талмай еңбек етуін тілейміз.

2017 жылдың 16 тамыз айынан бастап №3 мектебімізге Муканова Гүлшат Сағынбайқызы басшы болып өз жұмысын жүйелі атқарып келе жатыр.

Аз уақыт ішінде мектептің беделі өсіп, ішкі және сыртқы тәртіптері реттеліп, алға қарай ілгерілеп келеді. Сөзімді қорытындылай келе, өз еңбек жолымды киелі мектеп орнында бастап, ұлағатты ұстаздардан білмегенімді үйреніп, және жас бүлдіршіндерге үлгі – өнеге беріп келе жатқаныма қуанамын, өз ортамды мақтан тұтамын.


Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы

Жетібай ауылы №3 орта мектепің

Бастауыш сынып мұғалімі Қосанова Зибагүл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
521
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі