Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Киелі орда мектебім, сағынып мәңгі өтермін"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Киелі орда мектебім,жүректе сақтап өтермін» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны
І-Жүргізуші: Армысыздар ардақты ата-аналар , қонақтар, ұстаздар , оқушылар! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол,әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан- сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі-соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Киелі орда мектебім,жүректе сақтап өтермін» атты салтанатына қош келдіңіздер! «Киелі орда мектебім,жүректе сақтап өтермін» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялаймын!
ІІ- Жүргізуші: Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің, Асқар тау,арқа тұтар алтын белім. Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа Қош келдің,айналайын халқым менің! Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жетті. Биыл барлығымыз үшін қуанышты да үлкен мереке Еліміздің бас ордасы –Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы тойланғалы отыр. Сонымен қатар Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып,бойы өсіп,алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп,соңғы қоңырау мерекесіне келді. Халықпен халықты,адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім деп,атақты жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай,жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім беру жүйесіне байланысты.
Ән: Астана Орындайтын: Байжанова Айнагүл
І-Жүргізуші Ондай білім беретін білім ордасы-мектеп.Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат-әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу. Сонымен ортамызда орта мектепті және негізгі орта мектепті бітіргелі тұрған 9-сыныптың түлектеріде ортамызда.
(Ән әуені ойнай бастайды).
ІІ-
Жүргізуші:
Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің
сынып жетекшілері Ниязова Айжан мен Әбілмажанова Шолпанды
қошеметпен ортаға
шақырамыз.
Сыныбының ұйтқысы,
анасы
Барлық шәкірт ұстаздардың
баласы
Жетіп жатқан жетістік пен ұйымшылдық
арқауы
Сыныбының жетекшісі
данасы
Шәкірт барма ұстазымен
мақтанбас
Сынып еді үміт, жігер
тапталмас
Нұрлы үмітін арқалаған
арқаға,
Жан сәулесін тарататын
баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді
көрсетіп,
Түлектерді шақырайық
ортаға.
Бүгінгі соңғы қоңыраудың
сәні «Жас түлектерді» және «Жас
қанат» құрметпен ортамызға
шақырамыз.
Бүгінгі салтанатты мереке 3 бөлімнен тұрады:
І бөлім.Мерекелік жиын.
ІІ бөлім.Түлектердің ұстаздарға құрмет көрсетуі.
ІІІ бөлім Оқушылармен естелік суреттерге түсу.
І-Жүргізуші:
Тарихы терең қазақ деген көне
елде
Ел белгі де ерлік, өрлік,
өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер
халықта
Кім сенеді ту болмады
дегенге?!
II
-жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің
қасиетті туы мәңгі желбіресін, -дей отырып ҚР мемлекеттік туы
әкелінсін.
I-
жүргізуші: Батырлыққа уызынан
жарыған
Ер төркіні байрағынан
таныған
Өзі ақын, өз әнші
халыққа
Жарасады жігер берер
Әнұран
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
IІ -жүргізуші :
Ажырамай мектептен бір елі
сіз,
Жақсылыққа жаралған
жүрегіңіз,
Сөз берелік құрметпен
өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз-дей келе
бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырған ауыл
әкімі Әлімбаев Нұрғабай ағайға
және мектеп директоры Агысбаева
Жания апайға сөз кезегін
береміз.
II
–жүргізуші: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр
десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушыда, көк күмбезіне
самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп
тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған,
ұстаздарға сазды сәлем
жолданады.
Келесі кезекте алтын ұя мектебімен
ұстаздарына алғыс ретінде өз әндерін арнағалы
тұрған Құлыбек
Дананы қошаметпен ортаға
шақырамыз.
І-Жүргізуші Қиындықтар мойытпасын сендерді, Батылдық пен асыңдар сан белдерді. Біліміңмен қуантсаңдар мектепті, Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.
Жүректері лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек ендігі құттықтау сөз кезегін 1 сынып бүлдіршіндерімізге береміз.
ІІ-Жүргізуші Өткенде бізден ағаттық, Байсалдылық пен тағат қып. Балалық болса кешірген, Байыппен баурап өсірген. Үлгілі әркез, ұстамды. Сабырлы,ізгі ұстазды Анадай көріп сыйлаймыз Айырылар кезде қимаймыз,-дей отырып,келесі құттықтау сөз кезегін 11-сынып түлегі Мұңалбаева Таңгүлге және 9 -сынып түлегі Тасболатова Қызғалдаққа береміз
I
–жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат
атанады,
Халқынан ата-анадан бата
алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ
тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы. «Ата -ана баланың
бас ұстазы» дегендей ата -ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне
деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі
ата-аналарға
беріледі.
II -жүргізуші
: Жаны асыл ұстаздарды еске
алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас
дарындар,
Шәкірті жаман екен
дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос
табыңдар!
Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны
асыл ұстаздарың да бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен өздеріңмен
қоштаспақ. Енді солардың шәкірттеріне деген соңғы ақыл-кеңесін, сәт
сапарын тыңдайық.
Сынып
жетекшілер атынан құттықтау сөз кезегі
беріледі.
I
-жүргізуші : Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау
мерекесінің дәстүрі бойынша ту тапсыру салтанатты рәсімін бастауға
рұқсат
етіңіздер.
Аманат ту тапсырушы:Қошқарбаев Мақсат.
Ассистенттері: Мұсабаев Азамат,Мұңалбаева
Таңгүл.
II –жүргізуші
: Аманат қабылдаушы: 9- сынып оқушысы Айтқалиев
Нұрберді. Ассистенттері: Мусабаева Айбаршын,Қайнарбаева
Дариға.
Мектеп түлектері қасиетті көк байрақты 9
сынып оқушыларына тапсыру рәсімін
орындайды.
Аманат ту тапсырушының сөзі:
Мақсат
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып
ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 9-
сыныптар!
Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған
аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған
аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер
аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған
аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған
аманат!
Көрінбейтін шимай-шатпақтан Дәптерім саған
аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған
аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған
аманат !
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған
аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған
аманат!
Үлгілі тәртіп , үздік оқу-ізбасарым саған
аманат!
Желбірейтін биікте-Алтын ұя туы
аманат!
Кір келтірмей атына , биікке самғау-бізге
аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге
сау-саламат!
Аманат ту қабылдаушының
сөзі: Нұрберді.
Біз 9 сынып оқушылары : Сіздерден қастерлі
аманатты қабылдай отырып,бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға ,
білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға, мемлекетімізді
гүлдендіруге , дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен
игерген саналы азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебелі екенін
биіктетіп , жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп
сеніммен ант
береміз.
I –жүргізуші
: Еліңді таң қалдыршы ұлы
істермен,
Қатарына қаймықпай құрышты
ерген.
Туды биік көтеріп
қалықтатшы,
Қуанта бер қашанда
жеңістермен
II
-жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар
сендерді.,
Батылдықпен асыңдар сан
белді,
Біліміңмен қуантсаңдар
мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді
енді.
I
–жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп артық
күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті
қып.
Шақырайық вальске
түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып
.
«Қоштасу вальсі». Ортаға бітірушілер ән
әуенімен шығып , вальске
билейді.
II
-жүргізуші: Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды
шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн. Жүректері лүпіл қағып
қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау
сәтте мектебімен қоштасып өмірдің екінші белесіне қадам басқалы
тұрған сіздер, осыдан 11 жыл бұрын қоңырау үнімен мектеп
табалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен
болашаққа аттанбақшысыңдар.Сәт сапар, саған жас
түлек!
I
–жүргізуші: Мектеп, мектеп - шаттыққа толы
үйің
Ұша білсең болмас-ау қону
қиын.
Балалықтың соңғы әнін шырқап
бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы
үнін. Қоңырау соғу
сәті.
Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметіне
мектебіміздің түлегі Мусабаев Азамат пен болашақта үміт күттірер,
аға - апаларынан үлгі алар 1- сыныптың үздік оқушысы Базарбай
Әминаға беріледі. II
-жүргізуші: Гүлдерге толып
омырау
Түлектер тойын
тойлайды.
Қағылмақ соңғы
қоңырау
Қаққызбай өмір
қоймайды
Хор : «Қош бол мектебім»
әні. Орындайтындар мектеп бітіруші
түлектер. I
–жүргізуші: Бірлік деген даналар мен
кемеңгер
Бір -біріңді әрқашанда
елеңдер
Түрлі асу жолдарында
тағдырдың,
Бір- біріңе сүйеу болып
демеңдер.
II
-жүргізуші: Сонда естілер ел жұртыңның нұрлы
үні,
Сонда жеңер мына өмірдің
шындығы.
Әуелетіп аспанға шар
ұшырдық,
Ол бірлігің, мәңгі бірлік
символы!
I
–жүргізуші: Қоштасады алтын ұя
мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен
күн
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық
бәріміз,
Тілейік біз армандарға
жеткенін
Музыка әуені. (шарлар көкке жіберіледі.)
Ән:Мектеппен қоштасу.
Орындайтын:Оңаев
Елдос.
I
І-жүргізуші : Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Ата-
аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! «Сам» мектеп -балабақша кешені
КММ-сінде «Киелі орда мектебім,жүректе
сақтап өтермін!» атты салтанатты жиынын жабық деп
жариялаймын!