жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Киелі сан атауларының ұлттық сипаты
|
Байқау номинациясының атауы |
«XXI ғасырдың жас ғалымы» жобасына |
1 |
Қатысушы оқушы |
Абдуали Ғазиза Жандарбекқызы |
2 |
Мекен-жайы |
Түркістан облысы Ордабасы ауданы |
3 |
Оқитын мектебі |
«Атамекен» жалпы орта мектебі |
4 |
Сыныбы |
6 «В» |
5 |
Жетекші мұғалім |
Усипбаева Алия Куанышбековна |
6 |
Пәні |
Қазақ тілі |
7 |
e- mail, байланыс телефондары |
usipbaeva2019@mail.ru 87070091376 |
8 |
Пошталық мекен жайы |
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені Атамекен ауылы Н.Төреқұлов көшесі номерсіз |
«Атамекен» жалпы орта
мектебінің 6 «В» сынып оқушысы
Абдуали Ғазизаның «Киелі сан атауларының ұлттық сипаты» атты Республикалық ғылымы жоба сайысына жазған жазба жұмысы
тақырыбы: Киелі сан атауларының ұлттық сипаты
мазмұны:
жобаның мақсаты:
Халық қазынасының тереңіне бойлап, қазақтың қасиетті сандары жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.
жобаның міндеті:
Қасиетті сандармен танысу.
Қасиетті сандардың өмірдегі орнын түсіндіру.
Әрбір киелі сандардың сандар қатарында орнын көрсету
зерттеу нысаны:
Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың маңызын зерттеу
қорытынды:
қазақ тілінің лексикасында киелі сан атауларының ерекшелігі мен сан атауларының мәні
5. пайдаланған әдебиет
Қазақ ауыз әдебиетінде қазақтың қасиетті сандарының ерекше саналуы көнеден келе жатыр. Бұл сандар халқымыздың ұлттық болмысына, санасына, салт- дәстүріне әбден сіңіп кеткен.
Қазақ халқы ырымшыл халық. Кей кездері ырымдары дәл келіп жатса ,ал кейде қырын кететін тұстары да жоқ емес. Ал сол ырымдап алған немесе ұстаған затының өзінде осы бір қасиетті сандарды негізге ала отырып, жүзеге асыратындығы хақ.
Бір санының киелілігі- атам қазақ ислам дінін мойындағаннан бері Алланы бір деп санауы, Хақтан басқа ешбір тәңір жоқ деп есептеуі арқылы сол санды кие тұтуы. Үш санының киелілігі- қарапайым төрт саусақтағы буындар саны үштен болып, әр саусақтағы буындар саны он екі болу арқылы он екі ай, яғни бір жыл ,сонымен бірге төрт саусақтағы төрт мезгіліне сәйкес келіп, сұқ саусақ наурыз, көкек, мамыр (көктем); ортан терек маусым, шілде, тамыз (жаз); шылдыр шүмек қыркүйек, қазан, қараша (күз); кішкентай бөбек желтоқсан, қаңтар, ақпан (қыс) айларын білдіруі.Саусақтағы салыстырмалы ұзындығы жыл мезгіліндегі күннің ұзақтығын көрсетіп тұрады. Наурыз бен қыркүйекте күн мен түннің ұзақтығы теңеледі,сұқ саусақ пен шылдыр шүмек ұзындығы орташа.Қолдағы ең ұзын саусақ ортан теректің бірінші буыны маусым айын көрсетеді.Бұл айдың мейлінше ұзаратын күні
(22 маусым) ,ал ең қысқа күн (22 желтоқсан) болатын айға кішкентай бөбектің бірінші буыны сәйкес келеді.
Ал енді осы әр 5 саусақтағы буындар саны он төрттен екені айтпаса да белгілі.Бұл ай есебін жүргізуге қолайлы.Айдың көріну мерзімі 28 күн. 28 саны киелі сандардың бірі.Апта күндері әр
28 жыл сайын айдың дәл сол күніне қайталанып келіп отырады. Енді айдың толу ,кему деп бөлсек, әрқайсысы 14 күннен болып шығады, сонымен бірге жыл қайыру, мүшел есебіне, ай ретін санауға ,бір тәуліктегі сағат санын есептеуге өте ыңғайлы.
Жинақтау сан есімдерінде біреу, екеу ... жетеу , ал сегізеу, тоғызеу деп айтылмайды. 1-7 сандарының ерекше бөлек тұлғада айтылуы неліктен екен? Аталған сандардың қосындысы 28-ге тең(1+2+3+4+5+6+7=28),яғни айдың көріну күнінің саны. Ендеше мұның да аспан мәні бар болар. Иә,7 қат көк ,7 қат жер асты т.с.с, яғни ол туралы Құран Кәрімде «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» [Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят] деп сонау,шамамен VI ғасырда, ерте заманда айтқандығы хақ. Ғылым мен білім дәл қазіргідей дамымаған заманда оны кім білген дерсің іштей. Жеті туралы зерттеулер мен пайымдау, топшылау түрлі әдебиеттер бар.Ел аузындағы жеті шәрп,жеті ғалам, жеті ғылым деп келетін сөз тіркестері де жоғарыда айтылғандармен сабақтас болар.Солай деп жорысақ қазақтың білімді адамдарды жеті ғылымды меңгерген деп айтуы жеті әріпке келеді.
Жеті туралы аз айтылмасы анық, мысалы жеті жұт:құрғақшылық, жұт(мал қырылу), өрт, оба(ауру), соғыс, топан су, зілзала; Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ; Жеті ғашық:Ләйлі –Мәжнүн, Зылиқа –Жүсіп, Шырын- Фархад, Жамал-Мәлік, Зияда-Бозжігіт, Арзу-Қамбар, Зуһра-Таһир; Жеті түрлі іс-әрекет сәтсіздікке ұшыратады: Күдік пен күмән, сиқыр, тойымсыз нәпсі, өсімқорлық, жетімнің ақысын жеу, жаумен шайқасқанда қашу, ерлі –зайыптыларды орынсыз сөгу; Құрандағы жеті қасиет: Құранның басы- таза дәрет, анасы- бата, қорғаны-Аятүл гүрсі(аят аты), көңілі- Ясин, кілті- Ысырайыл Ықылас, ділі- қатесіз беріліп оқу, тәспісі- шырағы; Жеті нәрсе жүйкені тоздырады: Еңбексіз жеген нан, некесіз туған жан, боямалы тән, нашадан бұзылған қан, темекінің түтіні, арақтың жұтымы, ақшалы ойынның ұтымы; Жан-жүйені жадырататын жеті жәйт: әкімдердің шарапаты, ғұламалардың шариғаты, байлардың сауап ісі, кедейлердің қанағаты, үлкендердің ұлағаты, жастардың инабаты; Жегідей жеген жеті кесел: коррупция, мафия, парақорлық, бюрократтық, рекетерлік, маскүнемдік, жезөкшелік; сол сияқты жеті ата, жігіттің жеті қазынасы,жеті тозақ,т.с.с.киелі жеті саны туралы айтылатын сөздер өте көп.
Сонымен,қазақ тілінің лексикасында киелі сан атаулары ерекше орын алады.Сандар мен олардың атауларында киелі мән бар, олар магиялық мағына мен күшке, симвлға ие. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрі өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы қазақ халқы келешек ұрпаққа ұлағатты тәрбие бере отырып, салт –дәстүрін сақтап қалу үшін санамызға осы қасиетті сандарды сіңіре білген.
«Білім шыңы» орталығының
директоры Б.А Есенге
Түркістан облысы Ордабасы ауданы
«Атамекен» жалпы орта мектебінің
директоры Д. Тинисбаевадан
Ұсыныс хат
«XXI ғасырдың жас ғалымы» республикалық сырттай ғылыми жобаға
Түркістан облысы Ордабасы ауданы «Атамекен» жалпы орта мектебінің
6 –сынып оқушысы Абдуали Ғазиза жетекші мұғалімі Усипбаева Алия «Киелі сан атауларының ұлттық сипаты» тақырыбындағы ғылыми жұмысын ұсынамын
Мектеп директоры: Д.Тинисбаева

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген