Тақырыбы:
Киім
бөлшектерін қатырмамен өңдеу. Бірінші шақтап көруге
дайындау.
Мақсаты:
Оқушыларды киім бөлшектерін
қатырмамен өңдеуді үйрету.
Эстетикалық талғамын
қалыптасуға тәрбиелеу, адамгершілік қарым- қатынасқа тәрбиелеу,
бір-біріне көмекке келуге, адамдардың еңбегін сыйлауға
тәрбиелеу.
Шалбар тігуде және өңдеу
жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға , тұрмыста
қолдануға оқушыларды дайындау
Оқыту
формасы:
• әңгімелеу,
• түсіндіру,
• өздік
жұмыстары.
Жабдықталуы:
технологиялық карта,мата,қайшы,бор,шалбар
лекалосы.
Сабақ
барысы
I . Ұйымдастыру
кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа
дайындығын тексеру.
2. Сабақтың тақырыбын,
мақсатын хабарлау.
II.Негізгі
бөлім
Тігілетін бұйым мінсіз және
қонымды болу үшін жақсы пішімдеу мен тігу технологиясынан басқа,
аралық төсем материалдарын дұрыс таңдап,оны жақсылап өңдеу
керек.Қазіргі кезде дүкендерде аралық төсемдердің түрлері өте көп,
соның ішінде көп қолданылатыны-желімді аралық
төсем.
Желімді аралық төсемдердің бір
жағында арнайы балқымалы жабыны болады.Оларды қолдану өте оңай және
қол жұмысын біраз жеңілдетеді.
Желімді материалдарды
бөлшектерді немесе бұйым шеттерін бекітуге қолданады.Сонымен қатар
желімді материалдар жұқа, жұмсақ маталардан тігілген бұйымдарды өз
формасында ұстап тұруға
көмектеседі.
Қазіргі кезде дүкендерде
желімді материалдардың түрлері өте көп.Сондықтан сатып алатын
болсаңдар,ең алдымен,матаға қаншалықты сәйкес келетінін біліп алу
керек
III. Практикалық
жұмыс.
1.Пішімді жаймалау.Пішу
алдында матаның жиектерін келтіріп, өң жағын ішке келтіріп, арқау
жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалау отырып ұэынынан
екіге бүктейді.
2.Матаны үнемдей отырып барлық
лекалоны бірден жайып қойып шығады.
3.Контурларын тұтас сызықпен,
түзу ұзын сызықтарды сызғышпен
сызады.
4.Тігіс Және өңдеу үшін
қалдыратын қосымшаларды қалдыра отырып
қию.
5. Бөлшектердің тізімін, санын
тексеріп алады.
IV. Қорытынды
нұсқау.
Сабақтағы жұмыстың
қорытындысы.
10. Оқушының жасаған
жұмысындағы кемшілікті анықтау.
11. Жұмыс жасау барысындағы
жақсы нәтижеге жеткен оқушыларды
мақтау.
12. Әр оқушының жұмысын
бағалау.
Үйге: §21-22.Мата алып
келу