400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Кйім дүкені

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Киім дүкені.

Мақсаты: Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру. Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту. Балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету. Бір-екі сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа баулу.

Көрнекіліктер: жазғы және қысқы киімдер бейнеленген сурет, қуыршақтың киімдері.

Сөздік жұмыс: киім.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1.Ұйымдастырушылық кезең.

Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады.

– Әдемі бол, жақсы бол, үлкен бол, ақылды бол! Балалар тәрбиешінің көмегімен жақсы сөздер айтады.

2.Негізгі кезең.

Суретке көңіл аударып, жазғы және қысқы киімдерді атайды.

Мысалы: көйлек, туфли, пальто, малақай т.б.

– Балалар, кәне, бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын айтайықшы.

– Айдана, сенің үстіңде қандай киімдер бар?

– Дулат, сенде қандай киімдер бар? Балалар үстеріндегі киімдерді қуанышпен жарыса

айтуға тырысады. Балаларға қуыршақтар таратып беріп, бүгін киімдер дүкеніне баратынын айтады. «Киімдер дүкенінен» қуыршақтарына киім сатып алып берулерін өтінеді. Балалар дүкенге келіп:

– Мен мына киімді аламын, – деп сатып алады. Қандай киім сатып алғанын, оны не себепті алғанын, және түстері туралы әңгімелейді. Балаларды сұраққа жауап беруге, әңгімелесуге тартады.

– Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағым – қыз бала. Көйлектің түсі қызыл. Көйлегі 25 әдемі.

– Мен шалбар кигіземін, өйткені қуыршағым – ұл бала. т.б.

Сергіту сәті.

«Бір, екі, үш», – деп

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.

1. «Бұл не?» дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің суреттерін көрсетеді.

2. «Ажырат!» дидактикалық ойыны. Шарты: қысқы киімді көк, жазғы киімді жасыл

сөмкеге сызып көрсету. Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізгенін, аттарын,

түстерін әңгімелеуге тырысады. Қысқы, жазғы киімдерді ажыратуға тырысады.







3. Іс-әрекетті бақылау кезең

Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектеседі. Әңгімелеуге талпынғандарын бағалайды. Балалар сөйлеп үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: киімді сипаттай алуды;

түсінеді: жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды;

қолданады: 2–3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрауды.

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі