Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киім және оған қойылатын талаптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Киім және оған қойылатын талаптар, киімнің мақсатымен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді....................

Қысқа мерзімді жоспар.

Сабақ:

Сабақтың тақырыбы: : Киім және оған қойылатын талаптар, киімнің мақсаты

Мектебі: Саурық батыр ОМ

Күні:4.12

Мұғалім:Жайлаубекова Индира

Сыныбы:6

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Оқу мақсаттары

1.Киім түрлері және киімге қойылатын талаптар туралы жалпы түсінік беру


Бағалау критериилері


Бағалау критериилері

1.Киімге қойылатын гигиеналық талаптарды біледі

2. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік екенін түсінеді


3. Тұрмыстық киімдерді ажырата алады.

Алдыңғы білімдер


Киімге қойылатын негізгі талаптар

Тілдік мақсаттар

Киім-одежда-

Сән-мода-

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздері

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі өткен тақырыпты қайталау

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса келесі оқушы көмектесуіне болады.

1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина, аяқ машина, электрлі машина, арнайы машина). 
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи) 
3. Матаны ылғалды – жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу) 
4. Ресейдің қайқаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск) 
5. Тігін машинасының атасы? (ЭлиосХоу) 
6. Тігін машинасы мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері? 
7. Қазіргі заманға ұқсас тігін машинасын ойлап тапқан ғалым? (Исаак Зингер) 
(Бір оқушы машинаның құрлысымен таныстырып, сабақталуын көрсетеді) 

Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы














. Сергітусәті.(би қимылы) 
3. Жаңа сабақ 
Білемін 
Білгім келеді 
Үйрендім 
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек. 
Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін. 
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды. 
Кітаппен жұмыс. 
Оқушыларды 2-топқа бөлу.

Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.

бөліп мәтінді оқыту (4-5мин). 
Адам өзін жайлы, сенімді сезіну үшін киім ыңғайлы, әдемі болу керек. Қолдануына қарай киім түрлерінің бөлінуі: 
Сырт киім 
Жеңіл киім 
Іш киім 
Жағажай киімі 
Бас киімі 
Киімдер ассортиментіне қарай үшке бөлінеді 
- Сырт киім, 
- Жеңіл киім, 
- Іш киім. 
Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған басты талап – таза болуы, ылғалды жақсы сіңіруі және еркін жіберуі керек. Күндіз киген іш киіммен түнде ұйықтауға болмайды. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек. 
Іш киім тігуге келесі мата түрлері қолданады: 
- Тығыздап тоқылған, 
- Біркелкі боялған, 
- Қандай мата болмасын (мақта-мата, зығыр, жібек), барлығы да ағартылуы керек. 
Жеңіл киім – іш киімнің сыртынан киілетін барлық киімдер (блузкалар, юбкалар, көйлектер, халаттар, көкірекшелер, қамзолдар). 
Сырт киім – жеңіл киімнің сыртынан киетін барлық киімдер (пальто, плащ, куртка, тондар). 
Қандай да болмасын бұйымға бірқатар талаптар қойылады. 
Олардың ішіндегі негізгілері: 
Дәптермен жұмыс 
Эстетикалық талаптар: киім әдемі болуы керек; қазіргі заманғы сән бағытына сәйкес болуы керек; адамның жеке дене құрылысы мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек. 
Гигиеналық талаптар: киім жайлы микроклимат жасауы керек; жеңіл, жұмсақ, мықты, қыртысталмауы керек; қозғалыс, дем алу, қан айналымы еркіндігін қамтамасыз етуі керек; жеңіл жуылуы, тазалануы, үтіктелуі керек. 
Эксплуатациялық (пайдалану талаптары): киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге, суға, жуу құралдарына, тазалауға және де оның матасының тігуге төзімділігі. Киімнің пайдалану ұзақтылығы оны кию шарттарына байланысты болады. 
Киімнің адамға ұзақ қызмет етуі оны кию шарттарына және күтіп баптауына байланысты. 




















Аяқталуы

Қорытындылау

Сәйкестендіру тесті 

1-ші топ 
Іш киім: Іш киімнің сыртынан киілетін киім 
Сырт киім: Жалаңаш денеге киетін киімнің барлығы 
Жеңіл киім: Жеңіл киімнің сыртынан киілетін киімдер 



2-ші топ 
Эстетикалық талап: Киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге төзімділігі 
Гигиеналық талап: Киім әдемі, заманға сай болуы керек 
Эксплуатациялық талап: (пайдалану талбы) Киім жеңіл, жұмсақ жайлы микроклимат жасау керек 
5.Бағалау 
«Кім жылдам?»; Сәйкестендіру тесті; Оқушының аты-жөні. Бағасы 
6. Үйге тапсырма 
86-бет. 18-тақырып (оқу)



Дифференциация


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және өмір қауіпсіздік техникасын сақтау.


Рефлекция

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?


Сұрақтарға жауап беру



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1594
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12