400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киім кию туралы. Спорт киімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: киім туралы білімдерін кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорларын толықтыру. Дамытушылық:тақырып туралы ойларын кеңейту, ауызекі сөйлеуге, алған білімдерін шығармашылыққа қолдана білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: қазақ тіліне қызығушылығын ояту, оқушыларды жас ерекшелікке сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр - сырын ұғынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке, сұлулыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Киім кию туралы. Спорт киімі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
киім туралы білімдерін кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорларын толықтыру.
Дамытушылық:тақырып туралы ойларын кеңейту, ауызекі сөйлеуге, алған білімдерін шығармашылыққа қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: қазақ тіліне қызығушылығын ояту, оқушыларды жас ерекшелікке сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр - сырын ұғынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке, сұлулыққа баулу.
Оқыту құралдары: сөйлеу тілі, жазу, белсенді тақта, сурет, тірек сызба,
Оқыту формалары: топпен, жеке,

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

  2. Ребусты шешу. 5мин

  3. Сөздікпен жұмыс 3мин

  4. Тыңдалым 3мин

  5. Оқылым 5мин

  6. Айтылым

А) сұрақ-жауап 5мин

Ә) Сөйлемді аяқтау 2мин

6. Жазылым 10 мин

7. Қорытынды
Сабақтың барысы:
І. Сәлемдесу 3мин
М -(Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып,бүгінгі сабағымызды бір – бірімізге өз есіміміздің алғашқы әріпінен басталатын жақсы тілек айтудан бастайық. Мұғалім шеңбер ортасында тұрып, өзі айтып бастайды. Мысалы: Зелимхан – зейінділік, Ситора – сезімталдық, сәттілік т.б тілейді)


Топқа бөлу: үш топқа бөлінеді, ұлттық киімдер, спорттық киімдер, классикалық киімдер.

1-тапсырма

Миға шабуыл. Ребус шешу 5 минут

,,, ,, ,, , ,, ,,, И ,




,,,, ,,,, ,,,,, Т , ,,,,, і




Ребустан сабақтың тақырыбы шығады. Мұғалімнің кіріспе сөзі.Оқушылар, ребусты дұрыс шештіңдер. Бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы «Киім кию туралы. Спорт киімі» және сабағымыздың мақсаты ...... Осыған орай топтарыңның атауы да ұлттық киімдер, спорт киімдері, классикалық киімдер деп аталады.

Слайд киім түрлеріне 4мин

2-тапсырма (әр топ өз киімдері туралы айтады)

  1. ҚР-сы осы тәуелсіздік алған жылдар ішінде неше жазғы, неше қысқы олимпиада ойындарына қатысты?

Қазақстан барлығы 5 жазғы және 6 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Алғашқы 4 жазғы Олимпиадаға қарағанда 2012 жылғы Лондонда өткен кезекті Олимпиадада қазақ спортшылары сәтті өнер көрсетті деуге болады. Лондонда Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынды иеленді.

  1. ҮІІ Қысқы Азияда ойындары Қазақстанда қай жылы, қай қалада өткізілді?

  2. Бұл Қысқы Азияда ойындарына неше ел қатысты?

VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қаласында (Алматы мен Нұр-сұлтан (Астана)) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілдіі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды.


3-тапсырма Сөздік жұмысы

М: Сабағымызды бастамас бұрын жаңа сөздермен таныс болайық және сол сөздермен сөзтіркесін құрайық.

Жаңа сөздермен жұмыс:

Тігісті- со швами

Тігіссіз- без швов

Жамылу-накинуть

Ұқыпты-бережливый

Қарапайым-простой

Айырмашылық-разница

Ұқсату-уподоблять

Жинақы-собранный, аккуратнный

Жарнама -реклама

Сапалы - качественный

Жеңілдік - скидка

Ыңғайлы -удобный

Ұсынамын–предлагаю


4-тапсырма Тыңдалым. Мәтінді аудиобасылымнан тыңдау 3мин
«Киім кию туралы»М: Аудиобасылымды тыңдап, мәтінге назар аударып отырыңыздар.



Киім кию туралы. Спорт киімі.

«Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» дегендей, жарасымды да сәнді киінудің маңызы зор. Киім адамды қоршаған ортаның , табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Киім тігісті және тігіссіз болып негізгі екі топқа бөлінеді. Тігіссіз киімді адам үстіне жамылып немесе орап киеді. Тігісті киімге қандай киімдер жататыны белгілі. Қазіргі заманғы киім түрлері күнделікті өмірде , жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналған.

Әркім киімді өзіне жарасымды етіп, таңдап кигені жақсы.

Қазіргі заманғы киім түрлері күнделікті өмірде , жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналғанАшық түсті киімдер кім-кімге де жарасатыны белгілі. Әркім өзіне жарасымды түсті киім таңдаса, келбетін келістіріп, көркіне көрік қосады.

Ұқыпты әрі таза киінуге аса мән берген. Сонымен қатар шамасы жете тұра қарапайым киінгені дұрыс.

Киім кию әдебі адамның жас ерекшелігі мен мамандығына да тікелей байланысты. Сонымен қатар классикалық үлгідегі киімді спорттық киіммен , ұлттық киімді романтикалық стильмен араластырып кимейді.

Гардеробта киілмей тұрған киімдердің де жинақы тұруыкиімді күту әдебіне жатады.

Спорт киімі адамның қимылына ыңғайлы жинақы болады. Бұл киім үлгісін әсіресе жолға шыққанда, табиғат аясына демалысқа шыққанда киген дұрыс. Олардың спорттық бас киім үлгісі, спорттық аяқ киім түрлері көптеп кездеседі.



5-тапсырма Оқылым. Мәтінді оқушылар оқып шығады. 3мин

М: Мәтін мазмұнымен таныс болдыңыздар, енді осы мәтін бойынша сұрақ-жауап дайындаңыздар.

Сұрақтар:

  1. Қазіргі заманғы киім түрлерін ата. (Қазіргі заманғы киім түрлері күнделікті өмірде , жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналған)

  2. Киім кигенде неге мән берген жөн. (Қазіргі заманғы киім түрлері күнделікті өмірде , жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналған)

  3. Спорт киімі қандай болу керек (Спорт киімі адамның қимылына ыңғайлы жинақы болады)

6-тапсырма Айтылым

  • Мәтінге жоспар құру. 3мин

Жоспар:

  1. Киім түрлері

  2. Киім таңдау

  3. Киім кию әдебі

  4. Спорт киімінің ерекшелігі


-Сөйлемдерді мағынасына қарай аяқтаңдар. 2мин


1Shape1 Shape2 . Киім адамды қоршаған ортаның....

.. аса мән берген жөн

2Shape3 Shape4 . Киімді таңдап кигенде оның..

...жинақы тұруы керек

3. Ұқыпты әрі таза киінуге...

...түрлі әсерлерінен қорғайды

4.Гардеробта киілмей тұрған киімдер де..

...түр-түсіне де аса мән берген жөн


7-тапсырмаЖазылым. ( дәптермен жұмыс) 10

Жалпы тапсырма:

І топ: Негізгі, туынды сын есімдерді екі топқа бөліп жазу.
Үлкен, қызыл, желсіз, еріншек, жүзгіш,мықты,жіңішке,сұлу, көтеріңкі, көк, қатты, түнгі, ұнамды.

ІІ топ: Сын есімдердің сапалық және қатыстық түрлерін тап.

 Бораш бір аққұба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен .Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы екен..  ,

ІІІ топБерілген мақалдардағы көп нүктенің орнына лайықты сын есімдерді қойып, орысша - ағылшынша аудар.
1. Өнер алды... тіл. (қызыл - красный - red)
2.... қыз – жағадағы құндыз. (жақсы - хорошо - good)
3.... жігіт жол бастар. (батыр - герой - hero)

Сабақты қорыту

Ғаламтордан киім кию әдебіне байланысты мақалдар іздеп тауып, мағынасын айту


(Уақыт артылса киім түрлеріне жарнама жасау)


Бағалау 1 мин


Үй тапсырмасы1мин



Оқушының аты-жөні :


«5»

«4»

«3»

Жалпы ұпайы


Сөздікпен жұмыс






Айтылым






Жазылым






Тыңдалым






Оқылым






Қорытынды
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1182
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі