400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«КИІМ КОНСТРУКЦИЯСЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
«КИІМ КОНСТРУКЦИЯСЫ»
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАЯНДАМА

«КИІМ КОНСТРУКЦИЯСЫ»


Юху Дихар Ихаровна

Лосыева Айше Сулеймановна


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының № 7 Бетқайнар колледжі өндірістік оқыту шеберлері


Конструкциялау - тігін бұйымдарын жобалаудың маңызды бөлігі, ол екі кезеңнен тұрады.

1- кезең шығармашылық іздену – конструкциялау әдісін таңдауды және эскизді жоба көлемінде бұйым сызбаларын әзірлеуді, яғни конструкцияны есептеуге арналған формулаларды таңдауды, күрделі пішіндер мен пішімдерді өңдеуді қамтиды. Бұл кезең орындаушыдан жоғары біліктілікті талап етеді.

2- кезең - формулаларды есептеу, сызбаны құрастыру, лекалоларды дайындау, жұмыс құжаттамасын құрастыру. Бұл жұмыс есептеуіш техника құралдарымен автоматтандырылуы мүмкін математикалық және логикалық операцияларды орындаумен байланысты.

Конструкциялау кезінде практикалық жұмыс тәжірибесі және қолданбалы антропология, материалтану, технологиялар, киім гигиенасы, өндірісті ұйымдастыру және оның экономикасы саласындағы жетістіктер пайдаланылады. Соңғы жылдары мүмкін болатын көптеген шешімдердің ішінен ең оңтайлысын таңдауға мүмкіндік беретін заманауи техника құралдарын (ЭЕМ, дисплей, графиксалғыштар) қолдана отырып, киім жобалау және автоматтандырылған киім жобалау жүйесін құру тәсілдерін ғылыми түрде негіздеу үшін математикалық әдістер мен ЭЕМ барған сайын көптеп тартылуда.

Конструкция (лат. constructio) – қандай да бір зат, машина, аспап және т.с.с. бөлшектерінің оның міндетімен айқындалатын құрылымы, құрылысы, өзара орналасуы.

Киім конструкциясы бірнеше ұстанымдармен сипатталады: сыртқы пішіні (силуэт және пішім); бұйымның құрамды бөлшектерінің құрылымы; біріктіру тігістерінің түрі, материал түрі. Бөлшектердің мөлшері мен конфигурациясы тұрақсыз болып келеді. Олар сәннің, киім пішімінің, пішіннің бет түрінің, денебітім ерекшеліктерінің, материал қасиеттерінің және бұйымды өңдеу технологиясының ықпалымен өзгеруі мүмкін.

Пішін (форма) (лат. forma) – бұйым затының сыртқы түрі, сұлбалары; адам денесі мен денебітімінің кескіндері, пішімі, түсі және басқа да белгілері бойынша бірдей, белгілі бір санаттағы адамдар үшін белгіленген киім (мысалы, әскери қызметшілер мен теміржолшылардың және т.б. формасы); белгіленген үлгі; киім дайындау, кию тәсілінде қатаң белгіленген тәртіп және басқалары.

Силуэт (XVIII ғ. француздық қаржы министрі Э. де Силуэттің атымен аталған, оған арналып көлеңкелі кескін түрінде карикатура салынған) – адамдардың, фигура мен заттардың бір түсті жазық, олардың көлеңкесіне ұқсайтын, суреті салынған немесе қағаздан, матадан және т.б. ойып алынған суреті. Бұл сурет ашық фонда қара түспен немесе қара фонда ашық түспен салынуы мүмкін.

Силуэт – костюмнің сыртқы пішінінің сипаттамасы, кескіні; сәнді айқындайтын көлемді пішіннің стильге салынған жазық бейнесі.

Қазіргі заманғы модельдеуде бұйымның денебітімге жанасу дәрежесіне қарай (жартылай қынама, қынама, бос, кеңейтілген немесе төменге қарай тарылған) және жанасып тұратын геометриялық пішін түріне қарай (тікбұрышты, трапеция тәріздес, сопақ, Х-тәріздес) жіктелетін киімнің бірнеше жетекші силуэттері қабылданған. Үш силуэт – қынама (қынама бел), жартылай қынама және түзу (бос) – классикалық силуэтке жатады және сән қанша жерден өзгерсе де, пальто- костюмдік және көйлек-блузкалық сұрыпталым бұйымдары үшін негізгі силуэт болып қала береді.

Костюм пішіні - модельдің көлемдік-кеңістіктік сипаттамасы болып табылады. Пішінге силуэт сипаттама береді.

Силуэт – пішіннің жазықтықтағы бейнесінің көрінісі. Сәннің дамуына байланысты тенденциялардың өзгеруіне алып келеді.

Силуэт абрисі, контур сызықтары - силуэттік сызықтар деп аталады. Костюм пішінінің толық сипаттамасын алу үшін, оны жан- жақты, фронтальды (анфас), профильді (бүйірден қарағандағы бейнесі) талдаудан өткізеді.

Пішімнің әртүрлі конструктивті шешімдерін қолдана отырып бірдей силуэт алуға болады. Костюм пішімі, бөліктер мен көлемдердің бірігуі арқылы оларды бір- бірімен біріктіру арқылы алынады.

Әдетте, силуэт бірнеше пішіндерден құралады, олар қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін, оларды сипаттау жеңіл болуы үшін геометриялық пішіндермен: тікбұрышты, трапеция, дөңес және т.с.с мен салыстырады.

Костюм пішінін сипаттауға дәл келетін геометриялық пішіндерді бірнеше негізгі түрге бөледі: тік, трапеция тәріздес, жартылай қынамалы (полуприлегающий), толық қынамалы (прилегающий), дөңес (овальный).

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бердник Т.О. Моделирование и художественное оформление одежды. – Ростов н/Д: Феникс, 2000.

  2. Бердник Т.О. Основы художественного проектирования костюма и эскизной графики. – Ростов н/Д: Феникс, 2001.

  3. Бердник Т.О., Неклюдова Т.П. Дизайн костюма. – Ростов н/Д: Феникс, 2000.

  4. Войтковский С. Б. Основы менеджмента и проектный менеджмент в искусстве. – М.: Нам-издат, 2001.

  5. Воронов Н. Российский дизайн. Том 1. – М.: Союз дизайнеров России, 2001.

  6. Воронов Н. Российский дизайн. Том 2. – М.: Союз дизайнеров России, 2001.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 сәуір
235
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі