400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Киім түрлері және оған қойылатын талаптар

Материал туралы қысқаша түсінік
киімге байланысты
Материалдың қысқаша нұсқасы





Пәні: технология
Сыныбы:
9 «Б» сыныбына ашық сабақ
Тақырыбы:
Киім түрлері және оған қойылатын талаптар.
Мақсаты:
Оқушылардың киім туралы түсініктерін кеңейту, киімге қойылатын талаптар туралы айтып түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
Киім түрлері және оған қойылатын талаптар туралы біледі. Киімді мезгіліне, пайдалануына, қолдануына қарай ажыратуды үйренеді.
Негізгі идеялар:
Оқушылардың өмірдегі біліміне, білетініне сүйену, оқушыға жаңаша ойлау дағдысын мәнерін амалдарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қолданылатын әдістер:
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Топқа бөліну. Постер қорғау
Модульдің қолданылуы:
Сыни тұрғыдан ойлау, дарынды және талантты бала мен жұмыс, оқыту бағалау.
Көрнекіліктер:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу оқу құралдарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару

Оқушылар сабаққа дайындалады

Үй тапсырмасын сұрау

Өткенге шолу,сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

Оқушылар сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын орындайды

Ой шақыру

Жаңа тақырыпты ашу әңгімелеу түсіндіру.Киім түрлері және оған қойылатын талаптар туралы әңгімелеу.Мағынасын айтып түсіндіру. Киімдер қандай болып бөлінеді және өз арасында нешеге бөлінеді деген сөзге оқушылар топқа бөлініп постер қорғайды

Оқулықпен дәптермен жұмыс. Оқушылар күннің жадын жазып, жаңа тақырыпты белгілеп алады. Мұғаліммен пікір алмасады.

Топқа бөлу

Сыныптағы оқушылар үш түрлі гүлдерді теру арқылы үш топқа бөлінеді.

Топтар Орамал, Көйлек, Халат деп үш топқа бөлініп, әр топ ерлер,әелдер, балалар киімдерінің түрлерін постер арқылы дайындап қорытындылайды

Сарамандық жұмыс

Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам.
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып,ою оям,-
деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, Сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз. Алдын ала Т.Қ.Е-ні есте сақтау және әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды. Жұмбақ шешу арқылы сарамандық жұмысты қызықтыра түсу.
1. Жүрген сайын жүйрігім,
Қысқартады құйрығын. (ине-жіп)


2. Деген емен екен, емен екен,
Мен көрсем емен жолы төмен екен.
Білімді ақын болсаң мен айтайын,
Құраннан бір жас үлкен немене екен? (нан)

3. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(с.м. лента)
Сарамандық жұмысымыз; ерлер,әелдер, балалар киімінің үлгісін қағазға түсіріп, оқушылар жұмыстарын көрсетеді.

Оқушылар жұмбақтың жауабын табады және сарамандық жұмысты орындап, жаңа тақырыпқа түсініктерін жеткізеді.

Сабақты бекіту

Жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру

Оқушылар сұраққа жауап береді

Үйге тапсырма беру

Киім түрлерін сән журналдарынан қарап реферат дайындап келу

Оқушылар үйге берілген тапсырманы белгілеп алады

Рефлексия кезеңі

Білемін. Үйрендім. Білгім келеді.
Оқушылардың жаңа тақырыпқа деген көңіл күйін тексеру

Оқушылар өздерінің пікірін көңіл күйін білдіреді

Бағалау

Сабаққа дайындығына біліміне қарап оқушыларды бағалау

Оқушылар алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі