Мерзімі
: 07.10.24
ж.
|
Сынып
сағаты
|
Сабақтың
тақырыбы
|
«Киімдер»
|
Мұғалім:
|
Картанова Гулшат
Ауезхановна
|
Сыныбы
|
1
«В»
|
Сабақтың
мақсаты
|
Білімділік:
Оқушыларға киімдер және оның түрлері туралы
түсінік беру. Киім атауларын дұрыс әрі анық айтуға көрнекіліктер
арқылы тәрбиелеу.
Түзете-дамытушылық:Танымдық процесстерін,ойлау қабілеттерін ойын
арқылы арттыру және қолдың ұсақ моторикасын
дамыту.
Тәрбиелік:
Тазалыққа,адамгершілікке,әдептілікке,ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
|
Бағалау
критерийлері
|
*
Ұқыптылыққа,тазалыққа үйренеді, мақтаныш сезімі
қалыптасады;
*
анық, таза сөйлеу, ойын еркін жеткізуге
үйренеді;
* жетекші сұрақтарға сүйеніп
сурет бойынша әңгімелейді;
|
Құндылық
|
Тазалық,ұқыптылық,тәрбие
|
Әдіс-тәсілдері:
|
Түсіндіру,сұрақ-жауап,ой
қозғау,миға шабуыл.
|
Сабақ
кезеңі
|
Мұғалімің
іс-әрекеті
|
Оқушы
әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Шаттық
шеңбері:
Сәлем саған алтын
күн,
Сәлем саған көк
аспан.
Сәлем саған жер
ана,
Сәлем саған
достарым,
Сәлеметсіздер ме
қонақтар!
Қане балалар,
бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік:Бүгінгі күніңе
сәттілік,ауырма,мейірімді бол,көңілің түспесін,аман
бол!
Ойын: «Тыныс
алу»
-Балалар қазір бізде
жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің
ерекшеліктері неде?
-Менің қолымдағы
заттың атауы не?
-Қардың түсі қандай
болады?
Иә балалар, қардың
түсі ақ және ұлпа болып келеді екен,қане ендеше бәріміз бірге тыныс
алып қарды үрлеп көрейікші
|
өлең шумағын бірге
айтып, қол ұстасып,қимылды жаттығулар
орындайды.
Тыныс
алып,үрлейді.
|
сөздік
нұсқау
|
Жаңа тақырыпты
ашу
|
-Балалар қане «Кім
шапшаң» ойынын ойнайық,мен сендерге жұмбақ жасырамын,шешуін кім
жылдам табады екен?
Жұмбақ:
Адамның
сәні
Онсыз жоқ мәні
(киім)
Балалар расыменде
адамның көркі,сәні ол киімдер ғой,үстімізге жаңа,сәнді,әдемі киім
киіп алсақ болды сұлу болып шыға
келеміз.
|
Жұмбақтың шешуін
табады
|
|
Жаңа
тақырып
|
-Олай болса балалар
бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Киімдер» деп
аталады.Киімдер жыл мезгіліне сай төрт түрге
бөлінеді:жаздық,қыстық,көктемгі және күздік.Сонымен қатар ұл және
қыз балаларға арналған киімдер болып
бөлінеді.
-Балалар
сыныбымыздың ішінен қандай өзгеріс көріп
тұрсыңдар?
-Бұл кімнің,ненің
үйшігі екен?
-Қане жүріңдер ішіне
кіріп көрейік
-Ой балалар мұнда
қуыршақтар бар екен,қуыршақтар бізге қонаққа келіпті,олар
жайдан-жай емес бізден көмек сұрай келген екен,олай болса
көмектесеміз бе?
Қуыршақтардың 1-ші
тапсырмасы:
-Үй ішінде шашылып
жатқан киімдерді сөрелерге жинап
шығу.
Қуыршақтардың 2-ші
тапсырмасы:
- Лас киімдерін
жууға көмектесу және оларды жайып
шығу.
Қуыршақтардың 3-ші
тапсырмасы:
-Киімдерге нелер
жатады?
|
Тыңдалым
-Үйшік
Балалар мұғалімнің
түсіндірмесін зейін қойып
тыңдайды
|
Үйшіктің
макеті,қуыршақтар
Плакаттағы суретке
жапсырмалау
Топтастыру
|
Сергіту
сәті.
|
«Түстерді
ажырату»
|
Доптарды түсіне қарай жәшікке
жинау
|
Музыка
ырғағы
|
Қорытынды.
|
-Қане балалар бәріміз мына суреттерге қарайық.
Суреттен кімдерді көріп
тұрмыз?
-Балаға ат
қояйықшы
-Қыз балаға да ат
қояйық
-Балалар мына жерде киімдердің суреттері
жатыр,осының ішінен ұл баланың киімін ұлға,қыз баланың киімін қызға
киіндіру керекпіз.
-Балалар сонымен бүгінгі сабақта біз
сендермен не туралы айттық?
-Киімдердің түрлерін
ата?
-Бүгінгі сабақ ұнады ма
сендерге?
|
Ұл бала мен қыз баланың
суреттері
|
|
Рефлексия.
|
«Жылы жүрек»
ойыны
Әр адам білімді мәдениетті,
мейірімді болу керек. Олай болса, бір-бірімізге жүрекшелер
сыйлаймыз.
- Қараңдаршы, жылы сөз айтып
едік біздің сыныптың іші нұрға, жүрегіміз адами құндылықтарға
толды.
Балалар,қуыршақтар сендерге
көмектескендерің үшін қуанып,рақметін айтып,алғысын білдіріп
жатыр.Сендерге тәтті печеньесін алып келіпті.Осымен балалар бүгінгі
сабағымыз аяқталды.Сау
болыңыздар!
|
бір-біріне
жақсы тілек
айтып
жүрекшелерді
береді.
|
Түрлі-түсті
жүрекше-лер
|