жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Киімдердің жасалу тарихы, костюм қызметі
|
121106 2 |
Мамандығымыз 121106 2- «Тігінші» . 3 разряд
Тігінші мыналарды білу қажет :
1.Бұйымдардың пішілу , тігілу жолдарын білу қажет.
2.Тігін машиналарын жұмысқа дайындауды жіптерді дұрыс өткізуді , машинаның бұзылу себептерін білу керек.
3.Инені және жіпті бір-біріне сәйкес келетіндігін . машинамен иненің сәйкес келетінін ажырыта білу керек.
4.Қолмен және үтікпен жұмыс істейтін операцияны білу керек.
5.Маталардың түрлерін , олардың қасиетін және матаның оң терісін ажырата білу керек.
6.Тігілген заттардың сапасын тексере білу.
7.Адам денесіндегі негізгі өлшемдерді білу.
8.Тігін машиналарының негізгі бөлшектері мен құрылысын білу.
9.Жұмыс аяқталған соң , жұмыс орнын өткізу.
10.Ақаулардың пайда болу себептерін білу.
11.Еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелерін білу.
12.Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін білу.
Адамның дене құрылысын өлшеу сызбасы

Матаға ине мен жіпті нөміріне қарай лайықтап алу
|
Матаның түрі |
Жіптің нөмірі |
Иненің нөмірі |
|
|
Мақта жіп |
Жібек жіп |
||
|
Өте жұқа мата: муслин , бәтес , жұқа жайма , т.б |
60-80 |
20 |
70-80 |
|
Коленкордың жұқа сорттары, мақта шифон, жұқа жібек маталар. |
40-60 |
16-18 |
70-80 |
|
Жүннен тоқылған жұқа маталар , қалың коленкордың барлық сорты, сиса , сәтен |
30-40 |
12-16 |
80-90 |
|
Қылшық жүнді маталар, тик, қалыңдау шұға |
20-30 |
- |
90-100 |
|
Қылшық жүнді шұға, түкті шұға |
40-60 |
Зығыр |
100 |
Қол жұмыстарының сипаттамасы
|
Қол жұмыстарының атаулары |
Жұмыстың түрі |
Іс жүзінде қолданылуы |
|
Көктеу |
Матаның екі бөлігін бір-бірімен беттестіріп Инемен сирек тігу.Бұл машинамен тігер алдындағы әзірлік процесі. |
Киімнің екі жаны және иық тігістері көктеледі. |
|
Айналдырып көктеу |
Көмкерілген бөліктердің жиегін уақытша қиғаштап тігу. |
Қақпақ, түймелік пен жаға айналдырып көктеледі. |
|
Шетін бүгіп көктеу |
Пішілген матаның шетін бүгіп , уақытша тігу. |
Белдемшенің, көйлектің етегі , жеңнің ауызы , жең ұш бүгіліп көктеледі. |
|
Жөрмеу |
Сетінегіш матаның жиегін біржолата қиғаштап тігу. |
Пішілген матаның шет-шеті жөрмеленеді. |
|
Іле көктеу |
Екі бөлікті бірінің үстіне бірін салып қабаттап, уақытша іліп қою керек. |
Түймеліктің әдебі, жаға, астар іліп көктеледі. |
|
Қондыру(көктеу) |
Екі бөлікті ойынды бойымен қосып көктеу. |
Жең мен жаға қондырылады |
|
Жапсыру |
Қайырылған жиекті білдірмей тігу |
Көйлектің, белдемшенің етегі, жеңнің аузы, астар жабыстырылады |
|
Қадау |
Түйме,ілгек,шыртылдақ және басқаларды қадау |
|
|
Түкті көтеру |
Тігісті көрсетпеу үшін түкті матаның түгін көтеру |
|
|
Көмкеру |
Ойылған тесіктерді көмкеру |
Ілгек , қалтаның аузы көмкеріледі |
|
Іліп қаю |
Бөліктердің жиектерін машинамен қайырмай-ақ, қолмен білдірмей сирек қайып тігу |
Белдік ұстатқыштың, қақпақтың , өңірдің , жағаның (негізінен сырт киімдерде) жиегі қайып тігіледі |
|
Екі бөлікті түйістіріп өң жағынан біріктіру |
Матаның өрнегін ескере отырып, екі кесіндінің шеттерін түйістіріп өң жағынан бір жолата тігіп тастау |
Сырт киімнің жетпей қалған жеріне осылай жалғайды |
|
Екі бөлікті түйістіріп ішкі жағынан біріктіру |
Жоғарыдағыдай етіліп тігіледі, бірақ ішкі жағынан тігу керек |
Өңір мен жағаның асты осылайша құралады |
Тігін жұмыстарының сипаттамасы
|
Тігін жұмыстарының атаулары |
Жұмыстың түрі |
Іс жүзінде қолданылуы |
|
Сырып тігу |
Матаның екі бөлігін жалғастыру |
Иық тігістері сырып тігіледі |
|
Қосып тігу |
Жоғарыдағыдай жалғастыру, одан айырмашылығы үлкенді-кішілі бөліктерді жалғастырғанда қолданылады |
Қиық пен ендірме қосып тігіледі |
|
Көмкеру |
Матаның жиегін қиғаш немесе ұзынынан , кесе көлденең қиып алған әдіппен әдіптеу |
Жиек,өңір,қақпақ,жаға, ілмек көмкеріледі |
|
Қондыру(тігу) |
Бұл да сырып тігу сияқты ,бірақ ойынды бойымен тігу |
Жең мен жаға қондырылады |
|
Бастыра тігу |
Тігіп болғаннан кейін тігісті бір жағына қарай жатқызып үстінен тағы бір тігу |
Екі бүйір, иық , шынтақ тігістері бастыра тігіледі |
|
Айырып тігу |
Тігіс жиектерін екіге айырып , екі жаққа қарата жатқызып, үстінен тігу(бұл үтіктеудің орнына жүреді) |
|
|
Үстінен тігу |
Киімнің әдіптелген жиегін сыру |
|
Үтіктеу жұмыстарының сипаттамасы
|
Үтіктеу жұмыстарының терминалогиясы |
Жұмыстың түрі |
Іс жүзінде қолданылуы |
|
Айыра үтіктеу |
Жай тігісті екі жаққа айырып , сол қалпында үтіктеу |
Киімнің жай тігістері айырып үтіктеледі |
|
Жатқыза үтіктеу |
Жиекті немесе тігісті бір жағына қарай жатқызып үтіктеу |
Түрлі тігістер жатқыза үтіктеледі |
|
Баса үтіктеу |
Матаның қалыңдығын жұқарту |
Қалта , өңір , жаға баса үтіктеледі |
|
Жия үтіктеу |
Матаны түрліше отырғызу , қысқарту үшін сәл іркіп , қалдыра отырып үтіктеу |
Түрліше жиылуға тиіс жер жия үтіктеледі |
|
Соза үтіктеу |
Ойық пішін беру үшін не иіп келтіру үшін матаны соза үтіктеу |
Шалбардың артқы тігісі, жеңнің үстіңгі бөлігінің алдыңғы тігісі соза үтіктеледі |
|
Тегістеп үтіктеу |
Мата қыртысының , ұйпалақталған жерін тегістеу |
Әр түрлі киімді тегістеп үтіктемейді |
|
Булап үтіктеу |
Матаның бетіндегі жылтырды кетіру |
Әр түрлі киімді булап үтіктейді |
Киімнің негізгі қызметтері
Киім-утилитарлық және эстетикалық қызметтерді атқаруға , адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйым , бұйымдардың жиынтығы.
Киім адамды қоршаған ортаның , табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды.Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар.Киім белгілі бір дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын , әлеуметтік ерекшеліктері мен этникалық ортасын танытады .
Киімнің ыңғайлысы, жас мөлшеріне және денесіне сәйкес келуін, оның үстіне сәнді болуын ескеру керек. Ылғалдан киімнің сыртқы түрінің бұзылмауы үшін киім тігуге арналған матаны декатировкалайды.
Кейбір маталарды
(креп, барқыт, шибарқыт) декатировкалаудың
қажеті жоқ. Киімді үйде пішіп тігу үшін сантиметрлік лента, қағаз,
қарындаш, сызғыш пен тіктеуіш (угольник) дөңгелек формалы
лекал
сызғыш,
қайшы,
түйреуіш,
мата түстес жіп пен түсі басқа көктеу жібі,
иіс сабынның сынығын немесе бор, оймақ, түрлі нөмірлі инелер, ені
30—40 ем, ұзындығы 80—100 ем картон қажет. Қағазға үлгіні (бұл
үшін газет, балалар клеенкасын
қолдануға болады) түрлі-түсті қарындаш пен сызғыш, тіктеуіш және
лекалоны пайдаланып түсіру керек. Ал матаның бетіне сызық түсіру
үшін борды немесе құрғақ сабынды пайдаланады. Матаны қию үшін
кәдімгі қайшы қажет (қалың матаны тігіншілердің арнайы қайшысымен
қияды), бұйымдарды үтіктеу үшін жеңді үтіктейтін қондырғысы
бар стол қажет. Кейбір сән журналында
бірнеше киім үлгісі салынған қағаздар болады, бұл үлгілердің
әрқайсысында шартты белгі бар, яғни сызық түсі басқалардан өзгеше
түседі. Мұндай үлгілерді арнайы көшіргіштің көмегімен бастырып
алған жөн. Бұл үшін үлгінің бетіне үлгі толығынан сиятындай
жұқа
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген