Киімді түрлендіру (трансформаиця) және тігін бұйымдарын сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутерия)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киімді түрлендіру (трансформаиця) және тігін бұйымдарын сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутерия)

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбектен қыздарға арналған сабақ жоспары, "Киімді трансформациялау" ҚМЖ толық, көрнекіліктерімен жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Педагогтің Т.А.Ә.

Тоқтарбекова А.Т

Күні :

10.02.2025


Сынып

Қатысушылар саны:

Тақырыбы:

Киімді түрлендіру (трансформаиця) және тігін бұйымдарын сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутерия)

Оқу мақсаты:

7.1.3.1-Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

Мақсаты:

Оқушылар тақырыпқа байланысты түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, идеяларды қарастырады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

3 минут








Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу, құрал-жабдықтарды тексеру. Өткен сабаққа шолу.

Психологиялық ахуал қалыптастыр

Оқушылар бір – біріне жақсы көңіл – күй мен сәттілік тілейді

Миға шабуыл стратегиясы:

1. Фотосуреттерді қарастырыңдар. Оларда не суреттелген?

2. Бұл киімдерде қандай ұқсастық бар?

3. Оларды топтарға жіктеңдер.



Оқушылар мұғаліммен амандасады. Бір-біріне сәттілік тілейді. Орындарына жайғасады. Барлық оқушылардың назары тақтада болады.

Оқушылар суретке қарап ойларын айтады. Тапсырманы орындайды.








Қалыптастырушы бағалау: мадақтау.


Жарайсыңдар!


Оқулық, презентация, альбомдар мен бояулар



Ортасы

35 минут


























































Жаңа білімді меңгерту.

Трансформер заттар - сыртқы түрін немесе қызметін өзгерте алатын бұйымдар.

Трансформер заттар ыңғайлы, көпфункционалды, әр кезде жаңаша көрінуге мүмкіндік

береді.

Адам өзінің сырт келбеті қандай да бір жағдайға сай болуы үшін киімін ауыстыруға үйіне қайта оралмай-ақ, трансформациялау арқылы өз келбетін өзгерте алады.

Трансформация тәсілдері:

киім бөлшектерін немесе элементтерін «созу - қусыру»;

киім бөлшектерін немесе элементтерін «ажырату - біріктіру»;

киім бөлшектерінің өлшемі, көлемі және пішінін «өзгерту - бекіту»;

киім бөлшектерін немесе элементтерін «орау - жазу»;

бұйым көлемінің «кішірейтілуі - үлкейтілуі»;

киім бөлшектерін немесе элементтерін басқа бөлшектермен немесе элементтермен

«ауыстыру»;

бөлшектерді «үйлестіру - жинақтау»;

киім бөлшектерінің немесе элементтерінің «орнын ауыстыру».


Құндылықтарға баулу: Еңбексүйгіштікке, адалдыққа баулу


Топтық жұмыс:

1 топ. Дизайнерлердің жұмыстарын қарап шығыңдар. Берілген бұйымдардың трансформациясын қандай тәсілдермен орындауға болатынын анықтардар

2 топ. Ескі заттарды қайта жаңғырту трансформациясының бір түрі болып табылады.



3 топ. Фотосуреттерді қарастырыңдар. Бұйымдарды безендіру және өзгерту тәсілдерін атаңдар.




4 топ. Фотосуретті қарастырыңдар. Сәндік элементтерін атаңдар



Практикалық бөлім:

1. Алдын ала дайындалған эскизді қолдана отырып (§ 6), әртүрлі материалдардан қимаүлгі (қатты қағаз, тоқыма, пленка және т. б.) жасаңдар.

2. Оларды әртүрлі әрлеу материалдарымен және фурнитурамен әшекейлеңдер.

3. Эскизді сыныпқа таныстырыңдар.

Дискриптор:

- Оқушылар ақпарат көздерін өз бетінше зерттей алады

- Әшекейлеудің жолдарын қарастырады

- Эскиздерін сыныпқа таныстырады


Оқушылар мұғалімнің ақпаратын тыңдайды. Сабақта белсенділік танытып ойлармен бөліседі.


























Оқушылар топта жұмыс жасайды. Сұрақтарға жауап іздеп, зерттеу жұмысын жүргізеді. Топтық жұмыста белсенділік танытады. Ақпарат көздерін зерттейді.



















Оқушылар жеке өз беттеріше жұмыс жасайды.

Жұмыстарының ерекшеліктерін айтып береді.





































Тамаша!

























Керемет!









































Презентация






















Аяқталуы

5 минут




Үйге тапсырма:

Ескіні жаңалау, өзгерту барысының суретін салыңдар.







Рефлексия

100% - Белсенді болдым, барлығы түсінікті

70% - сұрақтарым бар, қиындықтар болды

50% - жартылай ұнады, кедергілер болды

30% - қабыдап үлгермедім, қызық емес

Қорытынды.

1. Киімді қалай жаңалауға болады? Бұл бүгінгі күнде өзекті ме?

2. Трансформер заттардың ыңғайлылығы неде?

3. Тігін бұйымдарын өзгертуге (трансформациялауға) қатысты қандай идеялар туындады?

Оқушылар сабақтағы белсенділіктерін анықтап береді. 100% тұрған оқушылар төмен пайызда тұрған оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз қатарларына тартады. Өзара білім беруге тырысады.















Жарайсыңдар!










Қабырғаларға пайыздық көрсеткіштер ілінеді.

Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:






























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.03.2025
243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі