МКҚК «Бүлдіршін»
бөбекжай бақшасы
Бекітемін:
«Бүлдіршін»б/бақшасы
Меңгерушісі
муа:
Дәуренова
Г.
Ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
«Киіз
басу»

Ересек «Балауса»
тобы
Тәрбиеші: Отелова
Н.
2024-2025 оқу
жылы
Коммуникативтік
дағдыларды дамыту,Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту,
Шығармашылық дағдыларын,зерттеу іс-әрекетін дамыту.
Білім
бөлімі :
Сөйлеуді
дамыту
Тақырыбы: Киіз
басу
Мақсаты: Балаларға
халқымыздың қолөнері қазынасы киіз басу туралы түсінік беру.Оның
жасалу жолдарымен таныстыру.Көркем орындау қабілеттерін
дамыту,әуеннің ырғағына сай қимыл қозғалыстар келтіре
білу, саусақ қимылдарын
дамыту. Балалардың сөздік қорын
айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың
атауларымен кеңейту,аталған заттардың қолданылуы аясы туралы
балалармен
талқылау.
Қажетті
құрал-жабдықтар мен
көрнекіліктер: қойдың жүні, мата ,сабаулар,
видео.
Қолданылған
әдіс-тәсілдер: топпен
жұмыс ,жеке жұмыс,акт,зерттеу жұмысы,ойын,ұсақ қол матиркасын
дамыту.
Шаттық
шеңбер
Білер қазақ
баласы,
Сәлем сөздің
анасы.
Үлкендерге
құрметпен,
Бәріңізге
ізетпен
Біздер сәлем
береміз
-Сәлеметсіздер ме
қонақтар!
Балалар біздің Отанымыз
қалай аталады?
Біздің Отанымыз
Қазақстан деп аталады.
Еліміз өте бай,көп
таулары бар,ағаштары,ормандары,өзен-сулары,мақтамыз,егістікте
егіндеріміз,мақта қауын –қарбызымыз бар.
Елбасымыз
кім?
Елбасымыз Қасым –Жомарт
Кемелұлы Тоқаев.
Елордамыз қай
қала?
Елордамыз Астана
қаласы
Рәміздерін
атайықшы?
Ту,елтаңба,әнұран.
Қазір жылдың қай
мезгілі?
Күз
мезгілі.
Біздің ата-бабаларымыз
мал өсірумен айналысқан .
Соның ішінде қой туралы
болмақ бүгінгі әңгімеміз.
Қойды күзде және көктем
мезгілінде жүнін қырқатын болған .
Әжелеріміз жүннен түрлі
кілемдер тоқыған ,киіз басқан.
Атадан балаға мұра етіп
қалдырған салт-дәстүріміздің бірі, киіз
басу.
Қанекей, олай болса
видеоны тамашалап алайық.
Бүгін киізді қалай
басатынын көріп алайық.
Ал,ендеше балалар киіз
басу үшін бізге бірінші не керек екен ?
Бізге балалар қойдың
жүні керек .
Олай болса,біздің
ұлдарымыз бізге қойдың жүнін қырқып әкеліп
берсін.
Балалар қараңдаршы
қойдың жүні қандай екен ?
-Ол, өте жүмсақ,мақтаға ұқсайды
Музыка ойнап
тұрады.
Жүнді қырқып болған соң
оны түтіп , тазалап жуып, мынандай сабаумен (екі таяқша) сабап
аламыз . Ол жүнді
жүмсартады.
Бірінші мата төсеп
аламыз , оның үстіне тегістеп жүнді ұзынша етіп және көлденең етіп
саламыз.
Жүннің үстіне сабынды
суды тегістеп сеуіп шығамыз ,үстіне жұқа етіп мата (тор) жауып
үстін бастырамыз қолмен.
Жайлап шетінен
ораймыз.Орап болған соң шетінен суды сырғытамыз.оралған жүнді
ары-бері илейміз.Жаймен ашып жүннің басы біріккенін көреміз
.
Сергіту
сәті:
Қара жорға
биі
Ал,енді бізге киізге
салатын оюлар керек .
Қанекей балалар
«Сиқырлы оюлар » ойынын ойнайықшы.
Музыка ойнап
тұрады..
Балалар барлығымыз
тақтаға қарайықшы ,бұл жерде қағаздар берілген ,осыдан түрлі
оюларды су себу арқылы шығарып аламыз.
Ендеше оюларды әкеліп
текеметке салып үстіне осындай жұқа тор матаны жайып үстінен
сабынды суды біркелкі етіп шашамыз.Суды шашып болған соң,
сыртындағы матамен қосып орап ары-бері аунатамыз.
Болған соң киізді ашып
көреміз..
Ал ендеше біздің
қыздардың «Киіз
басу» биін
тамашалаңыздар.
Балалардың
жұмыстары:
1 . ұлдар қамшы
өреді
2 . аналарымыз
қыздардың шашын өреді
3.қойға жүн
жапсырады
4 . сүзбеден құрт
жасау
Ал,балалар бүгінгі
ұйымдастырылған оқу қызметіміз осымен аяқталды.
Қорытынды: -Бүгінгі оқу қызметіміз
сендерге ұнады ма?
-Жарайсыңдар, балалар,
сендер киізді қалай басуды үйрендіңдер ма?
Келген қонақтармен
қоштасайық.
Қоштасу
шеңбері:
Қол ұстасып
тұрайық,
Шеңберді біз
құрайық
Көріскенше күн
жақсы
Сау саламат
болайық


