Киіз үй

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Киіз үй

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдысын дамыту. Шығармашылық қиялын дүние танымын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс әрекет

Мақсаты:
 Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттілігін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуметін ашу. Қазақ халқының мәдениетімен таныстыру арқылы сөздік қорын байыту.

Міндеті :  Қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдысын дамыту. Шығармашылық қиялын дүние танымын арттыру.


Барысы:

Шаттық шеңбері:

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Сәлеметсіздерме апайлар

Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.

Міндеті; дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды анық айту дамыту.(сөйлеуді дамыту)


Балалар назарын киіз үйге аудару.


Балалар қараңдаршы қазақтың киіз үйі ғажайыпқа толы екен.Мұнда сандық бар екен.Ашып көрейік.

Ғажайып сәт;

Сыр сандық ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Қараңдаршы балалар, қандай керемет сандық. Ішінде тақия бар екен. Ендеше басымызға киіп алайық.
Балалар,өте жарасып кетті.

Жарайсыңдар,балалар. Ендеше бүгін біз “ Ғажайып киіз үй” туралы әңгімелейтін боламыз.

Бейне ролик Киіз үй тамашалау.

Міндеті; Балалардың назарын киіз үйге аударып,айтылған сөйлемді мұқият тыңдап,сұрақтарға дұрыс жауап беруін дамыту (қазақ тілі)


Киіз үйдің бізге берер тапсырмалары бар екен.


Ендеше киіз үйдің ғажайыпқа толы тапсырмаларын орындайық. Тапсырмаларды орындамас бұрын біз киіз үйдің негізгі үш бөлігінің атауымен топтарға бөлініп алайық .

1. Шаңырақтобы

2. Уықтобы

3. Керегетобы

(сурет арқылы қандай топ болатынын анықтап алады)

1-тапсырма; Қолөнер


  1. Қамшы өру

2. Дорба, қоржын тігу

3. Жіпке моншақтар жинау

Міндеті; ұсақ моторикасын дамыту.Заттарды зерттей отырып,қолмен ұстау арқылы бастаған істі соңына дейін апаруға тәрбиелеу.Заттарды қолдану аясын әңгімелеу. (танымдық дағды,сөйлеуді дамыту,еңбекке баулу)


Ендеше шеберханамызға өтіп, тапсырмаларымызды орындауға кірісейік. Іске сәт.
Балаларымыз қамшы өріп, сақиналарын жинап, қоржындарын тіккенше 
күй ойнап тұрады. Міндеті күй тыңдау музыка.


Сергіту сәті; “ Қара жорға” биі

Міндеті; Ұлттық би өнерін сергіту сәтінде қолдана отырып,дене белсенділігін арттыру. (Музыка,дене шынықтыру)

2-тапсырма; “ Ғажайып киіз үй”

Міндеті; Түстерін пішінін ажырата отырып,киіз үй бөлшектерін орналастыру,сыни ойлауын дамыту (құрастыру)

Шарты: Киіз үй бөлшектерін өз орнына орналастыру.Әр бала бір бөліктен орналастырып командамен жұмыс жасайды.

3-тапсырма; “Ұлттық құндылықтар”
Міндеті; Көрнекі бейнелік ойлауын дамыту.Зерттеу іс-әрекеті арқылы шыққан нәтижені әңгімелеуге тілін,ой-өрісін арттыру.Патриотизмге баулу,ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру.( Танымдық дағды,сөйлеуді дамыту,зерттеу іс-әрекеті.)

Шарты; 

1.Шаңырақ тобы; Көк түсті судың ішіндегі ұлттық ойындарды табады.

2. Уық тобы; Қызыл түсті су астынан ұлттық тағамдарды айтып береді

3. Кереге тобы; Қол шам арқылы киіз үй ішіндегі заттарды табады.

Қорытынды: “Біз не білдік?” (сұрақ-жауап)

Міндеті; ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау тиянақтау.



-Киіз үйдің негізгі бөліктерін атаңыз?
-Қандай тапсырмалар болды?

-Қандай салт- дәстүрлерді білеміз
Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз ұнады ма?
-Ғажайып киіз үйдің ішінде қандай жихаздар болды?
-Қоржын, дорбаның қандай пайдасы бар,не салып алуға болады?
-Қамшыны қандай заттан жасаймыз?

-Қамшыны қайда қолданады?
-Моншақты кімге арнап жасадыңдар?


Мақтау-мадақтау; Ғажайып киіз үйімізге оралайық. Мен сендерге айтқандай ғажайып киіз үйімізде сендерге арналған базарлық бар екен. Бүгінгі ойындарға өте керемет қатысқандарың үшін, базарлықтарыңды таратып берейін.

Жарайсыңдар,балалар! Қызыға,ынталы қатысқан балаларды,жалпы балаларды мақтап өту.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.04.2024
236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі