Киіз үй

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Киіз үй

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды киіз үймен және киіз үй жиһаздарымен таныстыру, жиһаздарды жеке – жеке таныстырып аттарын атап айтқызып, әңгімелеуге үйрету.Қазақтың ежелгі баспанасы киіз үй жайлы түсінік бере отырып, оның құрлысы мен әр бөлігін ажырата алуға үйрету, балалардың сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын үйрету. Есте сақтау, шығармашылық, бастаған істі аяғына дейін аяқтай білу қабілеттерін үлгі ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ешпанова А



Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 2.03.2022 ж

Өтпелі тақырып: «Салттар мен фольклор»

Апталық тақырыбы: «Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері»

Білім беру саласы: Қатынас

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Көркем әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй жиһаздары

Мақсаты: Балаларды киіз үймен және киіз үй жиһаздарымен таныстыру, жиһаздарды жеке – жеке таныстырып аттарын атап айтқызып, әңгімелеуге үйрету.Қазақтың ежелгі баспанасы киіз үй жайлы түсінік бере отырып, оның құрлысы мен әр бөлігін ажырата алуға үйрету, балалардың  сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын үйрету. 

Есте сақтау, шығармашылық, бастаған істі аяғына дейін аяқтай білу қабілеттерін үлгі ету.

Құралдар: киіз үйдің, киіз үй жиһаздарының суреттері, интерактивті тақта, бояу, қарындаш..

Пәнаралық байланыс: сөйлеуді дамыту, сурет салу, жаратылыстану.

Әдіс тәсілдері: жұмбақ жасыру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көмектесу, сурет салу кезеңдері, ойын.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық оятушылық

Ынталандыру,
сезімді ояту.


Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Барлығымыз жақсы көңіл – күйде бір - бірімізге тілегімізді айтайық!

Бір - бірімізге күлкімізді сыйлайық!

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын үш тілде қайталап, бір-біріне жылы сөздер айтады.




Ізденуші – ұйымдастырушылық




Жұмбақ жасыру.

Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін еседі.

Балалар жұмбақты шешеді.




(Киіз үй)

Жаңа ұйымдастырылған оқу қызметі.

    -  Балалар, қане, айтыңдаршы біздің Отанымыз қалай аталады?

-Балалар, біздің мемлекетіміздің өз рәміздері бар екенін білесіңдер, қане маған рәміздерді атап беріңдерші.

-Дұрыс айтсыңдар, балалар, ал енді сендер білесіңдер ме, шаңырақ бейнесі біздің қай рәмізімізде бейнеленген?

-Дұрыс айтасыңдар, біздің Елтаңбамызда осы шаңырақ бейнеленген.Біздің еліміздің шаңырағының биік екенін көрсетіп тұр

-Араларыңда кім киіз үй туралы тақпақ, өлең біледі?

 -Қазіргі кездерде тігіліп жүрген киіз үйді көрдіңдер ме?


-Жарайсыңдар, балалар.

Балалар мына суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар?
— Киіз үй туралы не білесіңдер?
— Кім киіз үйдің ішіне кіріп көрді?
— Киіз үйді неден жасайды?
— Жарайсыңдар балалар. Жауап берген балаларды алтын жұлдызбен бағалау.


— Балалар мен сендерге киіз үй туралы шағын мағлұмат беріп өтейін.
— Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық
Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі.
Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.
Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық.
Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады.
Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарық теріден жасалады.
— Үй жиһаздарына да толық мағлұмат беріп өту.
Абажа – тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.
Кебеже – сүт ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһаздары.
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық.
Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһаздары.
Асадал – тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын кебеже.
Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.
Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһаздары.
Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.
Сандық – киім — кешек, т.б.  зат салуға арналған үй жиһаздары.
Төсеніштер:
Алаша, киіз, сырмақ.
Тұскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұратын үй бұйымы.
Қоржын – екі жағын тең етіп тоқылған, не құрап тіккен зат салатын дорба.
Аяққап – ыдыс – аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою- өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.
Ендеше бүгін біз киіз үйдің суреті бейнеленген боямақты бояймыз.

Киіз үйдің ішіндегі үй жиһаздарын атаңдар. 


-Қазақстан



-Ту, Елтаңба, Әнұран.



-Елтаңбада.







-Иә, көргенбіз. Тойларда, Наурыз мерекесінде тігіледі.































































Киіз үйдің ішіндегі үй жиһаздарын атайды

Сергіту сәті

Бәріміз орнымыздан тұрайық. Сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәтін жасау үшін,бір бала ортаға қол шатыр алып шығады,ол шаңырақ болады.Қалған балалар ою,өрнектелген әдемі матаны орап,киіз үй болады.Осылай сергіту сәтін жасауға болады.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.


Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені қарайық.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық

Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.




Дидактикалық ойын:

Киіз үй неше бөліктен тұрады?

Сендерге киіз үйдің жабдықтары туралы әр түрлі пішіндер берілген киіз үйді құрастырыңдар.

Дидактикалық ойын: «Киіз үй жиһаздарын құрастыр»

Кереге,уық, шаңырақ. 1,2,3, үш

бөліктен тұрады.

санмен санап айтады

киіз үйдің жабдықтары туралы әр түрлі пішіндерден киіз үйді құрастырады.






Мадақтау


-Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Тапсырмалар оңай болды ма?

-Бүгін нені салуды үйрендік?


Сөздік жұмысын жүргізу.
— Абажа — тамақпен ыдыс – аяқ салатын құрал.
— Кебеже — сүт ет, құрт, шай сақтайтын, ағаштан жасалған бұйым.
— Әбдіре — зат сақтайтын үлкен сандық.
— Асадал — тамақпен ыдыс салатын кебеже.

Дидактикалық ойын: «Киіз үй»

Шарты: Әр түрлі бөліктерден балалар тақтада қиіз үй мен табиғатты құрастырады. Бөлікті алған бір бала оны тілек айта отырып жапсырады. Одан кейін келесі бала әрі қарай жалғастырады. Соңында табиғат аясында тұрған киіз үй шығады.


Сонымен оқу іс-әрекетімізді қорытындылаймыз
Сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, жұмыстары жақсы шыққан балаларға «сыйлықтар» таратылады.


Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі: - Киіз үйдің маңыздылығын, ерекшелігін және бөліктерінің атауларын.

 Қандай түсініктерді игерді: Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй құрылысы, жасалуы, тұрмыста қолданылуы туралы түсінік алады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жалпы киіз үй суретін бояп, құрастыра алады.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі