Киіз үй – ғажап сәулет туындысы. Тырнақша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киіз үй – ғажап сәулет туындысы. Тырнақша

Материал туралы қысқаша түсінік
"Киіз үй – ғажап сәулет туындысы. Тырнақша" тақырыбындағы сабақ жоспары колледж білім алушыларына киіз үйдің қазақ халқының дәстүрлі сәулет өнеріндегі маңызын танытып, мәтін мазмұнын түсініп, ой қорыта білуге және тырнақшаның қолданылу тәртібін меңгерту; мәтіндердегі тілдік нормаларды ажырата білу, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


ТЕКСЕРІЛДІ

Директордың ОІЖ орынбасары

____________ Қалыбай Ұ.Н.
"____" ___________2025ж.



ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №23

(теориялық немесе өндірістік оқыту)


Модуль /пән атауы

ЖБП 1. Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Киіз үй – ғажап сәулет туындысы. Тырнақша

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Оқу жылы

Тобы

Күні

I

2025-2026

БҚЕ-25-9К1

17.12.2025

Сабақ түрі

Тәжірибелік

2. Мақсаты, міндеттері

Мақсаты: Білім алушыларға киіз үйдің қазақ халқының дәстүрлі сәулет өнеріндегі маңызын таныту, мәтін мазмұнын түсініп, ой қорыта білуге және тырнақшаның қолданылу тәртібін меңгерту; мәтіндердегі тілдік нормаларды ажырата білу, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

- Киіз үйдің құрылымы мен ерекшеліктерін түсіндіру;

- Мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру;

- Тырнақшаның қызметі мен қойылу ережесін меңгерту;

- Шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамыту;

- Өз ойларын грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтай отырып, сауатты жазуға үйрету.

  1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

- Киіз үйдің құрылымы мен ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіреді;

- Киіз үйдің сәулет өнеріндегі орнын түсінеді;

- Мәтін мазмұнын талдай алады;

- Тырнақшаны дұрыс қолдану дағдыларын дамытады;

- Жеке, топтық жұмыстар арқылы тілдік дағдыларын, сөйлеу тілін жетілдіреді;

- Өз ойын еркін жеткізуге, грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтай отырып, сауатты жазуға үйренеді.

4. Қажетті ресурстар

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1. Ермекова Т.Н. Қазақ тілі: оқулық, Жаратылыстану-математикалық бағыт, 10-сынып. Астана, Арман-ПВ, 2019

2. А. Қасымбек, Л. Оспанова. Қазақ тілі: Мұғалім кітабы. Астана, Арман-ПВ, 2019

3.Ермекова Т.Н., Бертілеуова К., Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар, - Арман-ПВ, 2019


Техникалық құралдар, материалдар

Ноутбук, смартфон. Бейнеролик «Киіз үй»

https://youtu.be/BjQ2-8j_P54

Суреттер, кеспе қағаздар, стикерлер


5. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі

(3-5 мин.)

Білім алушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу. «Додокаэдр» әдісімен аудиторияда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Олардың сабаққа дайындығын тексеру.


Білім алушылардың білімін тексеру

(15-20 мин.)

Үйге өткен тақырып бойынша кемінде 5 күрделі салалас немесе сабақтас сөйлем қолданып, тиісті орындарына үтір қойып, Қазақстанның 7 сәулет өнері туралы реферат және «Менің қаламдағы (ауылымдағы) ерекше сәулет нысаны» тақырыбында презентация немесе постер дайындау тапсырылған.


1. Шығармашылық жұмыс

Бірнеше білім алушы екінші тапсырма бойыеша жұмысымен таныстырады. Мәтіндегі сөйлемдердің құрылымын ажыратып, үтірдің қойылу себебін түсіндіреді.

Рефераттарын жинап алып, тексеріледі. Бағасы келесі сабақта хабарланады.


2. «Конверттегі сұрақ» әдісімен өткен тақырып бойынша білімді бекіту.


Сұрақтар:

1. Сәулет өнері мен оның даму кезеңдері туралы қысқаша түсіндіріңіз.

2. Сәулет өнерінің басқа өнер түрлерінен айырмашылығы қандай?

3. Сәулет өнерінің түрлерін атаңыз.

4. Әлемдегі ең танымал қандай сәулет ескерткіштерін білесіз?

5. Қазақстандағы белгілі сәулет нысандарын атаңыз.

6. Қазіргі заман сәулет өнерінің ерекшеліктері қандай?

7. Сөйлем немесе мәтінде қойылатын тыныс белгілерді атаңыз.

8. Тілдік жүйе деген не? Оның негізгі деңгейлері?

9. Тілдік норма және оның түрлері?

10. Әдеби тіл нормасын сақтау не үшін қажет?

11. Ауызекі сөйлеу тілі мен әдеби тілдің айырмашылығы қандай?

12. Қазақ тіліндегі тыныс белгілердің қызметі және олардың түрлері?

13. Үтір деген не? Ол қандай жағдайда қойылады?

14. Құрмалас сөйлемде үтірдің қызметі қандай?

15. Тыныс белгілер дұрыс қойылмаса, мағына қалай өзгереді?

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру

(10-15 мин.)

























































































































































(30-35 мин.)






























Жоспар:

1. Ғажап сәулет туындысы – киіз үй туралы мәлімет

2. Мәтіндегі тыныс белгілер. Тырнақша


«Миға шабуыл» әдісімен қызығушылықты ояту.


- Суретте не бейнеленген?

- Киіз үй дегенде ойларыңызға не келеді?

Оқушылар өз ойларымен бөліседі (Ұлттық баспана, дәстүр, сәулет өнері, табиғатпен үйлесім).

Мұғалім қорытындылайды: Киіз үй – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ғажап сәулет туындысы. Ол көшпелі өмірге ыңғайлы, табиғатпен үйлесімді баспана.


Осылайша, жаңа сабаққа кіріспе жасалып, тақырыптың өзектілігі анықталады.



1. Ғажап сәулет туындысы – киіз үй туралы мәлімет.

Киіз үй — Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі. Киіз үй — қазақ тарихындағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын болады. Ол тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үй. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. 

Киіз үй шамамен б.з.б. 8-5 ғасырларда пайда болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің көрсетілімдерін жартасқа салынған суретте сақталып қалған.

Киіз үй түрлері:

Киіз үйлер қазақы және қалмақы деп екіге бөлінеді. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады. Ал, қалмақы үйлер төбесі шошақтау келеді. 

7. Ұрыңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

 

Бейнеролик көрсету: «Киіз үй» https://youtu.be/BjQ2-8j_P54



Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады:

1. Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері: шаңырақ, кереге, уық, есік).

2. Киіздері (ши де осыған кіреді)

3. Бау-шулары (баулары мен басқұр, арқандары).


Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:

1. Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл – киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.

2. Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.

3. Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.

4. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.


2. Мәтіндегі тыныс белгілер. Тырнақша.

Тыныс белгілер – жазба тілде ойды анық, түсінікті жеткізу үшін қолданылатын графикалық таңбалар. Олар сөйлемнің құрылымын, мағыналық бөлшектерін, интонациясын көрсетеді.

Қазақ тіліндегі негізгі тыныс белгілер:
нүкте (.), үтір (,), нүктелі үтір (;), қос нүкте (:), сызықша (–), сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!), тырнақша (« »), жақша ( ).


Тырнақша — жазба тілде қолданылатын тыныс белгісі. Ол көбіне біреудің сөзі дәлме-дәл берілгенде, ерекше мағынада айтылған сөздерді немесе атауларды бөліп көрсету үшін қолданылады.


Тырнақшаның негізгі қызметтері:

  1. Төл сөзді көрсету үшін
    Мысалы:
    Абай: «Ғылым таппай мақтанба», – деді.

  2. Кітап, мақала, өлең, фильм атауларын белгілеу үшін
    Мысалы:
    «Абай жолы» романы — қазақ әдебиетінің жауһары.

  3. Ерекше, ауыспалы немесе шартты мағынадағы сөздерді көрсету үшін
    Мысалы:
    Ол өзін «батырмын» деп есептейді.

  4. Ирония, күмән мағынасында қолданылған сөздерде
    Мысалы:
    Оның «көмегі» бізге қиындық әкелді.

Қазақ тілінде қолданылатын тырнақша түрлері:

  • « » — ең жиі қолданылатын түрі

  • " " — кейде техникалық немесе халықаралық мәтіндерде


Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінмен жұмыс. Мәтіннен тырнақшаға алынатын сөз тіркесін тауып, оның себебін түсіндіреді.

Мәтін:

«Қазақ даласындағы сәулет өнерінің жауһарлары ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық мәдениеттің айқын көрінісі. Солардың бірі – киіз үйі. Киіз үй – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ғажап сәулет туындысы. Ол көшпелі өмірге ыңғайлы, табиғатпен үйлесімді баспана болып табылады».

(«Киіз үй – ғажап сәулет туындысы»).

2. Топтық жұмыс. Білім алушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ «Киіз үй – ғажап сәулет туындысы» тақырыбында 5-6 сөйлемнен тұратын шағын мәтін құрастырады.


1- «Кереге» тобы: Киіз үйдің ерекшеліктерін жазады

2- «Шаңырақ» тобы: Киіз үйдің ішкі бөлімдері туралы жазады.

3- «Уық» тобы: Киіз үйдің негізгі бөліктері туралы жазады.


Шарты: Мәтінде тырнақшаға алынған сөз тіркесі немесе сөйлем болу керек.


3. Шығармашылық жұмыс. «Киіз үй – ғажап сәулет туындысы» тақырыбында 3–4 сөйлемнен тұратын шағын ойтолғау жазу.

Үлгі: Киіз үй – қазақ халқының өмір салтымен тығыз байланысты. Ол көшіп-қонуға өте ыңғайлы. Киіз үй табиғатпен үйлесім тапқан ерекше сәулет туындысы


6. Сабақты бекіту (Сабақ бойынша бағалау- өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта) (8-10 мин.)

«Бір сөйлеммен жауап бер» әдісімен сабақты бекіту.

Сұрақтар:

1. Киіз үй неліктен сәулет туындысы деп аталады?

2. Тырнақша қандай жағдайда қойылады?


7. Сабақ бойынша рефлексия (2-3 мин.)

«Смайлик» әдісі



Білім алушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып, тиісті смайликке жапсырады.


8. Үйге тапсырма (1-2 мин.)


1. Теориялық бөлімді оқып, киіз үйдің бөліктері туралы лекцияны толықтыру.

2. «Киіз үй – ұлттық құндылық» тақырыбында 70-80 сөзден тұратын шағын эссе жазу әтінде кемінде 5 тырнақшаға алынған сөз тіркесі немесе сөйлем болуы керек).


9. Дайындаған педагог



_Шалабаева К.А. ________________

Т.А.Ә. (қолы)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі