Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киіз үй – ғажап сәулет туындысы. Тырнақша. (ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты, міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Киіз үй – ғажап сәулет туындысы. Тырнақша. (ашық сабақ)

Модуль/ Пән атауы Қазақ тілі

Дайындаған педагог Г.К.Каримова

2024 жылғы "_" ____________

Курс, оқу жылы, топ _311,1 курс

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Мақсаты, міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі: тырнақшаның дұрыс қойылу ережелерін біледі.

Қажетті ресурстар: оқулық, слайд, БАҚ құралдары,

Сабақтың барасы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Топқа бөлу "Шаңырақ әдісі" арқылы.

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру."Жылы жүрек-жақсы тілек" https://wordwall.net/ru/resource/65176190/жылы-жүрек-жақсы-тілек

Өткен тақырыпты қайталау. Үй тапсырмасын сұрау.

Алдыңғы сабақта:
Оқушылар киіз үйдің құрылымы, оның тарихы, сәулеттік ерекшеліктері туралы мәліметтер алған болатын. Тырнақша қолданудың негізгі ережелерін түсінді.

Бүгінгі сабақта:
Оқушылар тырнақша қолдану арқылы алған деректерді нақты өмірде қолдануды әрі қарай үйренеді. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді алып, сілтеме жасау жолдарын біледі, тырнақшаның дұрыс қойылу ережелерін есте сақтай отырып, оларды практикалық тапсырмалар арқылы меңгереді.

Өткен тақырыпты қайталау.

Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)

https://wordwall.net/ru/resource/31358430/киіз-үй

https://wordwall.net/ru/resource/25052439/тырнақша


ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН АШУ «Ой қозғау» әдісі

сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын меңгеру, сөйлем ішіндегі тырнақшаның дұрыс қойылу ережелерін ажырату.

Сабақтың барысы: Кіріспе. (5 мин) Киіз үй туралы қосымша мәлімет. Тырнақша ережелері қайталанады. (видео материал) https://www.youtube.com/watch?v=XDoohSBqB60&t=1s


Негізгі бөлім (25 минут)

Тыңдалым алдындағы тапсырма.Оқушыларға фотоколлаж көрсетіледі.

Тыңдалым тапсырмасы

Жағдаяттық тапсырма 1

Қазақстанға келген қонақтар тамаша ұлттық өнерімізбен таныспақшы. Сіздердің мақсаттарыңыз – ерекше туынды туралы толық мағлұмат беру. Ол үшін қажетті сөздер тізімін және фотоколлажды пайдаланыңыздар.Қажетті сөздер: ата-бабаларымыз, қазақтың дәртүрлі қолөнері, киелі шаңырақ, көшіп-қонуға, шаңырақ.т.б

І топ:

Киіз үйдің ерекшелігін сипаттау.

дескрипторлары:

    • Киіз үйдің көшпелі халық өміріндегі маңызын көрсету.

    • Климатқа бейімділігін сипаттау Қазақ халқының дәстүріндегі рөлін анықтау.

    • Киіз үйдің ұлттық мұра ретіндегі маңыздылығын түсіндіру.

    • Ойды жүйелі және түсінікті жеткізу.

ІІ топ:

Ұлттық өнерді насихаттау үшін жарнама жасау.

дескрипторлары:

  • Өнердің ерекшелігін, маңызын, құндылығын сипаттау.

  • Жарнама мәтінінде эмоционалды, тартымды, әсерлі сөздерді қолдану.

  • Ұлттық нақышты бейнелейтін элементтерді (қазақи ою-өрнектерді) сипаттау.

  • Көрерменді қызықтырып, өнерге тартуға бағытталған үндеу жасау.

ҚБ."Екі жұлдыз, бір тілек" (топтар бірін-бірі бағалайды)

Топтық тапсырма 2 тапсырма.

1 - ші топқа Киіз үй туралы энциклопедиядан немесе ғылыми мақаладан алынған үзіндіні тауып, сілтемесін көрсетіңіз.Тырнақшаның қойылу ережесін түсіндіріңіз.


мысалы:"Киіз үй – көшпелі қазақ халқының ең маңызды әрі ғажап сәулет туындысы, оның құрылымы табиғатқа бейімделген" (Қазақ Энциклопедиясы, 2010ж, 125бет ...).

(ереже ....

Топтық тапсырма 2 тапсырма.

2 -ші топқа тапсырма Берілген газет, журналдардан, кітаптан алынған үзіндіні тауып, сілтемесін көрсетіңіз.Тырнақшаның қойылу ережесін түсіндіріңіз.

Жұптық тапсырма:

  • Оқушылар киіз үй туралы ақпаратты әлеуметтік желі парақшаларынан табады. , сілтемесін көрсетеді.Тырнақшаның қойылу ережесін түсіндіреді.

мысалы: Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге «желкөз» -деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді. (https://kk.wikipedia.org/wiki/Киіз_үй, Кіріспе бөлімі) (ереже....

дескрипторлары:

- бұқаралық ақпарат құралдарынан деректерді табады;

- сілтемесін көрсетеді;

ырнақшаның қойылу ережесін түсіндіреді;

КБ.Өте жақсы! Керемет!

3 тапсырма (жеке) Тырнақшаның қойылу ережелерін практикада қолдану.(тақтамен жұмыс)

1.Абай: "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деп айтқан. (Белгілі бір автордың немесе адамның сөздерін дәл келтіргенде қолданылады.)

2. Мен "Көшпенділер" романын оқып шықтым.( Шығарма атауларын белгілеу)

3. «Қазақтелеком» компаниясы жаңа тарифтерді ұсынды.( Кәсіпорын, мекеме, ұйым атаулары)

4. Бұл жобаға «креативті ойлау» дегенді қалай енгізуге болады? (Түсініксіз немесе ерекше сөздер)

5. Ол маған: «Ертең сағат 10-да кездесейік», – деді(Тура сөйлеу кезінде біреудің сөзін дәл жеткізгенде қолданылады)

6. Компьютерді өшіру үшін «shutdown» батырмасын басыңыз ( Қазақ тіліне толық енбеген немесе арнайы терминдерді бөліп көрсету үшін )

Қорытынды .Салыстыру кестесі: https://learningapps.org/display?v=p5jeviw7a24

Киіз үй


артықшылықтары


Қазіргі заманғы үй


Жылдам құрастырылып, тез жиналады.

.

.


- Мықты құрылыс материалдары, ұзақ мерзімге арналған


- Экологиялық таза материалдардан жасалады (ағаш, киіз, жүн).


- Заманауи жылыту және суықтан оқшаулау жүйелері бар

- Табиғатқа жақын, желдетілуі жақсы.

- Ыңғайлы өмір сүруге қажетті барлық инфрақұрылымдармен жабдықталған (су, жарық, жылыту, интернет

Көшпелі өмір салтына бейімделген, оңай тасымалданады.

- Бір орында тұрақты өмір сүру үшін қолайлы.

кемшіліктері


- Тұрақты, ұзақ мерзімді өмір сүруге қолайлы емес.

Кеңістігі шектеулі, заманауи өмірдің кейбір қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайды

- Жауын-шашын, қатты жел сияқты табиғи құбылыстарға әлсіз

Құрылыс материалдары экологиялық тұрғыда әрдайым таза бола бермейд

- Жылыту мен электр жүйелері жоқ (дәстүрлі түрде)

- Табиғаттан алыстатып, урбанизацияның әсерін күшейтеді.

Кеңістігі шектеулі, заманауи өмірдің кейбір қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайды

-.Қоршаған ортаға әсері жоғары (құрылыс салдары, қалдықтар).


Рефлексия. Кері байланыс «Шаңырақ» әдісі classroomscreen.com/app/screen

Сабақтың соңы.бағалау

Үйге тапсырма: «Қазақстанның сәулет өнері және киіз» үй тақырыбында мақала жазыңдар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2025
237
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12