"Киіз үй- ұлт мақтанышы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Киіз үй- ұлт мақтанышы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Киіз үй- ұлт мақтанышы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған іс- әрекет

«Математикалық негіздер»

Тақырыбы: «Киіз үй -ұлт мақтанышы»

Міндеті: Балаларды киіз үймен таныстыруды жалғастыру,оны құрастыруға дағдыландыру. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып , ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу.

-Балалар бүгін бізге көп қонақтар келді, амандасып алайық

-Сәлеметсіздер ме!

-Жарайсыңдар , балалар.

-Ұйымдастырылған іс -әрекетті бастамас бұрын, шаттық шеңбер өткізіп алайық

Кел балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Шаңырақты көтеріп.

Керегені құрайық,

Уықтарша иіліп,

Шаңыраққа қосылып.

Қазақ үйді құрайық

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күзде құстар қайда ұшып кетеді?

-Күз мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі келеді.

Апта күндерін атап өтейік

Жыл мезгілдерін атайық

-Ата бабамыздан келе жатқан көшіп қонуға өте ыңғайлы қолайлы баспана, яғни тез жинап, шапшаң тігуге қолайлы болған. Киіз үй аз уақыт аралығында тігуге де, жинауға да ыңғайлы. Көшіп-қонуға қолайлы болған, жазда жайлауға, күзде күздеуге, қыста қыстауға көшкен.Киіз үй аталуынын мәні бар яғни киіз ыстықта ыстық, аязды кундері суық өткізбеген.

Киіз үй неше бөліктен тұрады? (Төрт)
Қандай? (Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық)

Шаңырақ – киіз  үйдің жоғарғы  бөлігі.  Ол  уықтардың  ұштарын  біріктіріп  ұстап  тұрады.

Кереге – киіз  үйдің  қабырғасы.

Уық -  кереге  мен  шаңырақты  жалғастырып  тұрады.

Киіз  үйдің  есігін – сықырлауық  деп  атайды.

Бұларды  киіз  үйдің  сүйегі  деп  атайды.

Бұлкиіз  үйдің  сүйегі  енді  оның  сыртын  әдемі  оюмен  безендірілген  киізбен  жабамыз.  ОЛ үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.

1 тапсырма

«Кім жылдам»

Ол ойынды екі бала ойнайды, кубикті лақтырып, қай сан түссе соған сәйкес киіз үйді санап алып жабыстырамыз.

2 тапсырма

Балалар біз қазір санды құрастырмалы текемет ойынын ойнаймыз.Текемет киіз үй ішінде тұратын тосеніш.

3 тапсырма ою бояу

Киіз үйді жабу әдістері

Қазақ киіз үй жабатын киіз бұйымдарын түндік, үзік, туырлық, іргелік деп бөледі.

Түндік – киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз. Төртбұрышты пішіліп, шаңырақ диаметрінен 50-60 сантиметр молдау жасалады.

Үзік – киіз үй сүйегінің шаңырақ қырынан бастап уық бойын тұтас жабады.

Туырлық – кереге бойын жабады.

Іргелік – керегенің аяқ жағын жабады.

-Жарайсыңдар,  балалар!Сонымен біз бүгін ата- бабамыздан  мұра  болып  келе  жатқан  киіз  үй  жайлы  білдік.Сендер  бүгін  сабаққа  өте  жақсы  қатыстыңдар.



















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі