400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Киіз үй-ғаламның моделі»

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих, этномәдениет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кенесары Қасымов атындағы шағын орталықты орта мектебі







Тақырыбы: «Киіз үй-ғаламның моделі»



Бағыты: тарих, этномәдениет



Орындаған: Сулейманова Диляра 7-сынып оқушысы



Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Манабаева Дамира Есмуратовна











Мыңарал ауылы 2020 жыл





Мазмұны

Аннотация

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1.Киіз үйдің шығу тарихы

2.Киіз үйдің түрлері мен құрылысы

3.Киіз үйдің сыртқы кеңістігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер











































Аннотация

Сулейманова Диляра 7-сынып оқушысы, "Киіз үй-ғаламның моделі» тақырыбына алғашқы ғылыми жобасын жазды.Зерттеу жұмысын жүргізді.

Жобаның негізгі мақсаты-киіз үйді тарихтағы ең алғашқы баспаналардың бірі екенін, оның шығу тарихын,түрлері мен құрылысын зерттеп, түркі халқы үшін ұмытылмас құнды дүние ретінде құрметтеуге,салт-дәстүрді жаңғырту жайлы жалпы түсінік қалыптастыру.Киіз үйдің ата-бабаларымыздың өмірінде алған орнын көрсету.

Жұмыстың орындалу әдістері: тарихи деректермен танысу,жинақтау, қорыту. Жұмыс жасау барысында қосымша әдебиеттермен, ғаламтор материалдарымен жұмыс жасады.

Жобаның құндылығы:тарих,әдебиет,өлкетану сабақтарында пайдалануға болады.

Жобаның формасы:зерттеушілік.

Ғылыми жоба кіріспеден,негізгі бөлім үш тараудан және қорытындыдан тұрады.Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.



































Кіріспе

Киіз үй- «Атамыз –Алаш, керегеміз-ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп,аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй- тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ-мекені.Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.Киіз үйдің іші қыста жылы,жазда салқын,сонымен қатар ол жер сілкінісінде де ыңғайлы,киіз оңайлықпен бұзылмайды.Киіз үй- Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге,яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.Көшпенділердің киіз үйі-тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс.

Тағы бір ерекше айта кетерлік жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет,құрылыс,сурет,қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.Басқа елдердегідей емес,бұл ағаш, киіз,ши,ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады.Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы,мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған.

Қазақ халқының сан ғасырлық ақыл ойының, өмірлік тәжірибесінің, табиғатты түсінуінің , оған икемделуінің ең көрнекті туындысы-киіз үй.























Киіз үйдің шығу тарихы

Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді.Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен жайы, еншісі,баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды.

Киіз үй кейінгі қола дәуірінің б.з.б. ХІІ-ІХ ғасырларда пайда болып, тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше андрондық тұрақ үйлеріне ұқсастығы жақын болғандығы айтылады.Алайда андрондықтардың үйлері бөренелі тектес лашық үй болған.Сондықтан бұл нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды.Киіз үй жуық шамамен алғанда кейінгі дәуір б.з.б.VIII-V ғасырларда пайда болуы мүмкін.Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі.Кейбір деректерде киіз үй үлгілері біздің дәуірге дейінгі 3-4 мың жылдықта, тас дәуірі мен қола дәуірі аралығында пайда болған деп тұжырымдайды.

Мал өсіретін көшпелі сақтардың төрт және алты доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлері болған.Геродоттың жазуынша, сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде де тұрған.Қатты суық кездерде ағаш үйлер қалың ақ киізбен жабылған. Олардың өсіретіні мал болғандықтан да, оған сай тез тігіліп, тез жығылатын, көші-қонға ыңғайлы баспана киіз үй болды.Киіз үй туралы хабар қытай және араб жазба деректерінде кездеседі.

Киіз үйдің қалыптасуына әсер еткен ең алғашқы жылжымалы баспаналар қазіргі күрке, қос, лашық, итарқа, шайла деп аталып жүрген уақытша тігілетін қарапайым үйлер болған.Күрке және қос тәрізді «үйлер» арба үстінде де орнатылған. Баспананың ең алғашқы күрке сияқты түрі бірнеше сырықтың басын біріктіріп байлап, аяқтарын жерге шаншып қою арқылы жасалған.Қазіргі қоссияқты түрлері күркенің жетілдірілген түріне жатады.Өйткені, сырықтардың орнына арнайы уық жасалып, олардың басы бұрыңғыдай байланбай, шаңыраққа кигізіледі.

Қостың күркеден айырмасы- оның уық пен шаңырақтан тұратындығы. Кейін келе осындай қосты уығын жерге шаншымай, қағылған қазық ағаштардың басына, одан кейінгі уақытта жиналмалы кереге жасалып, уық соған байланатын болды.Ертеректе уық пен шаңырақтың өзінен тұратын қосты уыққос деп атаса, керегесі, бірнеше уығы және шағын шаңырағы бар қос түрін аққос, ақтағыр деп атайды.

Әрине,киіз үйді әркім біледі,бағалайды.Шынында да,арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ,киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз.Оған қарап отырсақ,бірнеше жүздеген,мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл ойы,тұрмыс мәдениеті,талғамы еш халықтан кем емес.Ғұламалар айтып кеткендей,осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне,есептеу жүйесіне,экономикалық біліктігі,мәдениет пен өнердегі талғамы-жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады.Ал ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Шоқан Уәлиханов та айтқан.













































Киіз үйдің түрлері мен құрылысы

Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп атлатын екі түрі бар.Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді.Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.Мысалы, қара үй (үш қанат), қоңыр үй (төрт қанат), боз үй (бес қанат), ақ үй (алты қанат), ақ ала орда (сегіз қанат), ақ орда (он екі қанат), ақ шаңқан (он сегіз қанат), алтын үзік (жиырма төрт қанат), алтын орда (отыз қанат) деп аталатын түрлері бар.

Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады.Олар қос, абылайша, күрке,кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.Жаңа үй болған жас шаңырақты «отау» дейді.

Киіз үйдің іші төрт бөлімге бөлінеді.

1.Төр.мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады.Бұл –киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны.Жас келіндер бұл жерде отырмайды.

2.Сол жақ (кіргенде оң жақ)-үй иесінің отыратын және жататын орны.Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады.Оны шимен жауып қояды.

3.Оң жақта (кіргенде сол жақ)-балалар орналасады.Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.

4.От орны- қасиетті орын болып саналады.Мұнда от жағылады, қазан асылады.

Киіз үй негізгі үш бөліктен құралады:

1.Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері).

2.Киіздері (ши де осыған кіреді).

3.Бау-шулары (баулары мен басқұр, арқандары).

Киіз үй берік ағаштан (қайыңнан, талдан) жасалады.Оларға құрт түспейді, басқа ағаштар секілді тез шірімейді.

Үйдің сүйегін үйшілер жасайды, оны «үй басу» дейді.Қажетті ағаштар алты ай, кейде бір жылдай көлеңкеде кептіріледі.

Кереге киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан.Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты.Кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ, балашық деп атайды.Дайын керегені қанат деп атайды, яғни он сегіз қанат үйде он сегіз кереге болады.

Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік-сықырлауық –ағаштан жасалады, екіншісі-киіз есік –киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. Ағаш есік маңдайша, екі босаға, табалдырық және екі жарма есіктен құралып, керегеге бекітіледі.

Уық-кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі.Уық алақан, иіні, қары және қаламы деген атаулардан тұрады.Ол иінінен ішке иіле жасадады, яғни үйдің күмбезді үлгісі осы уықтан басталады.Қанат санына қарай уықтың саны да, ұзындығы да өсе береді.Әр үйде көлеміне қарай 60-160- тай уық болады.

Шаңырақ-киіз үйдің қасиеті, киелі мүлкі.Қазақтың көптеген жақсы сөздері осыған байланысты айтылады.Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. «Шаңырағын биік болсын» деген де тілектер бар.

Киіз үй шаңырағы тоғын, күлдіреуіш, кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғынды, яғни шеңберді,қайыңнан оюлап, өрнектеп жасайды, жиілеп қаламдық ояды.Күлдіреуіш шаңырақ күмбезін жасайды.Кепілдік күлдіреуіштің орнынан қозғалып кетпеуі үшін қызмет етеді.

Үй сүйегі әзір болған соң, оның киіздері жасалады.Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады.Киіздер құр, баулар арқылы тұтылады.Олар туырлық бау, түндік бау, үзік бау,жел бау деп аталады.Шаңырақта желбау деп аталатын ою-өрнекті, төрт шашақты бау болаады.

Киіз үйді бір бөлшегі-кәдімгі ши.Оны жүнмен орап, кілем, текемет түсіндей оюлармен безендіріп қояды.Оны шым ши дейді, ораусыз шиді ақ ши дейді.Ши кереге мен туырлықтың екі ортасына келеді.

Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бір-біріне қосып, екі-үш бөлмелі етіп тігуге де болады.













Киіз үйдің сыртқы кеңістігі

Есік алды кеңістігі отбасылық ғұрпы фольклорындағы сыңсуда жиі кездесетін формулалардың біріне айналған. Кеңістік ұғымдағы есіктің алды сөзі қыз сыңсуында тұрақты түрде қайталанып отырады.

Есік алдының тұрақты формулаға айналуы – қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпында айырықша мәнге ие болуымен байланысты. Өйткені, есіктің алды – ұзатылу тойы өткізіліп, енді аттанайын деп отырған қыздың соңғы «тұрағы». Ұзатылған қызға ол да өз үйінің төрі мен іші-сырты тәрізді ыстық, киелі орын. Әдетте, киіндірген соң, оны есіктің алдынан аттандырады. Жаңа түскен келіннің бетін ашу ғұрпы – беташар – есік алдында өтеді.

Үйдің, үйлердің (ауыл) сыртындағы жақын маңайды үй іргесі, ауыл іргесі дейді. Біреудің үйінің сыртынан қарай беруді, есігін аңдуды ірге бақты деп бейнелеп айтады. Ал «іргеге жатпа» деген тиым ішкі кеңістікті білдіреді, яғни, ірге ішкі және сыртқы кеңістікті білдіреді. Көне түркі тілінде ірге сөзі ergі (ергі) тұлғасында қолданылып, «тұрақ», «баспана» дегенді білдірген. Ерте замандарда түркі халықтарында қолданылған ірге сөзінің «баспана, үй» деген мағынасы тарылып, кейін келе қазіргі түсініп жүргендей үйдің іргесі (қабырғасы) дегенді білдіреді, яғни, ол үйдің бір бөлігінің атына айналған.

Көшіп-қонуды ірге аударды деп қолданады. Ірге сөзінің о баста «үй» мағынасына қолданылғаны көшіп-қонуға байланысты айтылатын ірге аударды тәрізді тұрақты сөз тіркесінде сақталып қалған (көшіп-қонудың өзі үйді көшірумен байланысты). Сол сияқты бұл мағына іргесін көтерді (қуды, көшіріп жіберді), ірге тепті (тұрақтап мекендеді), іргесін аулақ салды (бөлек жайлап, бөлек өрісте жүрді; жоламады, алыс жүрді) т.б. бейнелі сөз орамдарынан аңғарады. Сонымен бірге бұндай тұрақты тіркестерде көлбеу бағыттағы іс- әрекетке байланысты ұғымдар бейнеленеді.

Киіз үй сыртындағы ауыл іргесінен немесе үй іргесінен басталатын, кең-байтақ кесіліп жатқан жазық өңірді дала деп атайды. Дала – көшпелі тұрмыстағы қазақ халқының ата жұрты, алтын бесігі, қазақты еркіндікке, дархандыққа тәрбиелеген көз жеткісіз өңір; сонымен бірге мезгіл, уақыт ішінде болып жатқан өзгеріс пен қозғалысты бейнелейтін кеңістік. Осы кеңістікті қазақтар жапан, түз, жапан дала (елсіз мекен), ен дала (елсіз айдала), қу дала (елсіз құла түз), сар дала (сусыз иен, кең дала), шөл дала (жауын-шашыны аз немесе жоқ, суы өте қат дала), мидай дала (кең жазықтық) т.б. деп атап, оны «құдайдың жері», «құдайдың берген ризығы» деп таныған. Сондықтан қазақ ұғымында дала, кеңістік қасиетті, киелі деп саналған. Алып даланы игеріп, өздері отырған, өсіп- өркендеген жерін қазақтар ата мекен, ата жұрт, ата қоныс деп құрметтейді (Қ.Атақоныс/Атамекен). Өйткені, қазақтың кең даласы – тіршіліктің, от басынан басталатын өз отанының символы.

Бұрынғы уақытта көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы өздері өмір сүріп отырған кеңістіктегі жер-су жағдайын, жер бедерінің ерекшеліктерін жақсы біліп, ондай географиялық нысандарды шаруашылық түрлеріне (малшылық, егіншілік, аңшылық т.б) шебер пайдалана білгендігі өздерін қоршаған кеңістікті жеткілікті игергенін көрсетеді.

Кеңістік моделі көбінесе төртбұрыш және шеңбер түрінде танылады, сондықтан әлем кеңістігінің көлденең құрылымы шеңбер немесе төртбұрыш сипатында болып, төрттік өлшеммен жіктеледі. Дүниенің төртбұрышын тұтас білдіру үшін шартарап, төрткүл дүние, дүниенің төрт бұрышы тәрізді атаулар қолданылады. Ал «бүкіл әлем» деген ұғымды сегіз қиыр шартарап деп білдіреді.

Қазақ киіз үйінің ішкі-сыртқы бөлім-бөліктеріне, кеңістігіне байланысты ерте заманнан келе жатқан ұғым- түсініктер, наным-сенімдер, ғұрыптар, ырымдар мен тиымдар бар. Олардың бәрі, түптеп келгенде, киіз үйдің жай баспана ғана емес, қоршаған ортаның нелер тылсым қар-сырларын зерттеу негізінде оны игерудің және шаруашылықты тиімді ұйымдастыру мен жүргізудің «қолданбалы құралы», әрі өсіп-өркендеудің қасиетті кеңістігі болғанын айқындайды.

























Қорытынды

Киіз үй –ғасырлар бойы шаруашылықты игеру, әлеуметтік қатынастарды реттеу, бағыт-бағдарды айқындау, кеңістікті игеру, уақытты айқындау құралы, ғұрыптық рәсімдер өткізетін орын, өсіп-өркендеудің алтын бесігі.

Саналы адам баласы табиғи дарынымен ерекшеленсе, асыл тастар сәулесімен бағалы. Гүлдер табиғи түсімен сүйікті болса, жемістер тәтті дәмімен сағындырады. Бірақ барлығы да жаратылыс сыйлаған қасиеттерін сақтай алғанда ғана ардақты! “Ұлттық болмысты ұстап қалу үшін ұлттың төл заттарын сақтап қалу керек!” – деп жауап береріне сенімдіміз. Қазақ халқына ұлттық өнер мен ұлттың төл заттарын сақтап қалу үшін қазақ халқының болмысы - өзінің киіз үйі мен әдет-ғұрпында екенін түсінуіміз керек.Қазақ халқының жаны-тәні күйі мен әнінде! Қазақ халқының рухы қолөнері мен кәсібінде!

Киіз үй – ғаламның моделі.Бүкіл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретінде қарастырсақ, киіз үй баспана ғана емес, арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелі орын. Қазақ халқы қазақ атын алып жүремін десе осы нәрселерді жоғалтпаса болғаны.



























Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.Сейіт Кенжнахметүлы.

Алматыкітап 2006.

2.Қуатайұлы Е. Киелі киіз үй «Астана ақшамы» газеті – 2002.

3."Іргетас" (Қазақтың салттары мен дәстүрлерінің жиынтығы).

4."Шаңырақ" тұрмыстық энциклопедиясы

5.А.Смайыл. Қазақтың киіз үйі:(Киіз үйдің сипаты мен құрылысы).

«Астана ақшамы» газеті-1999.









































Кенесары Қасымов атындағы шағын орталықты орта мектебінің

7- сынып білім алушысы Сулейманова Диляра.

«Киіз үй-ғаламның моделі» тақырыбында жобасын ұсынып отыр.



Picture 1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
2680
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі