Табылдықызы Гүлжазира
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы. "Ақшағала" бөбекжайы
Білім бері саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Киіз үй жабдықтары
Мақсаты: балаларды киіз үй бөліктері мен жабдықтарымен таныстыру, ата- бабамыздың ежелгі баспанасымен таныстыра отырып, ұлттық тәрбиеге баулу, уыққа бау тағу арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.
Әдіс- тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап, ойын.
Көрнекі құралдар: Киіз үй жабдықтары, киіз үйдің бөліктері, әр балаға үлестірмелі уықтар және баулар.
Шаттық шеңбері
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз аман болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
Керегеміз кең болсын!
Сұрақ- жауап
Балалар сендер киіз үйді білесіңдерме?
Балалар мына суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Киіз үй туралы не білесіңдер?
Кім киіз үйдің ішіне кіріп көрді?
Киіз үй неден жасалады?
Киіз үй жабдықтарын білесіңдер ме?
Жарайсыңдар балалар.
Жауап берген балаларды алтын жұлдызбен бағалау.
9. «Арқан есу» тәсілі
– Балалар мен сендерге киіз үй туралы шағын
мағлұмат беріп өтейін.
– Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да
пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы
талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі
қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық
.
Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы
торкөзді сүйегі.
Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін
көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек
шеңбер.
Уық
– кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын
сырық.
Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы
өткізіп байланады.
Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарық
теріден жасалады.
– Үй
жиһаздарына да толық мағлұмат беріп өту.
Абажа – тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын кебеженің
үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен
қапталған.
Кебеже – сүт ет, құрт, шай салып сақтау үшін
ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһаздары.
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен
сандық.
Сырты қаңылтырмен әшекейленіп
қапталады.
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй
жиһаздары.
Асадал –
тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын
кебеже.
Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына
салынатын ағаш тиянақ.
Адалбақан–киім ілуге арналған үй
жиһаздары.
Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш
зат.
Сандық – киім – кешек, т.б. зат салуға
арналған үй жиһаздары.
Төсеніштер:
Алаша,киіз,сырмақ.
Тұскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұратын үй
бұйымы.
Қоржын – екі жағын тең етіп тоқылған, не құрап
тіккен зат салатын дорба.
Аяққап – ыдыс – аяқ салатын қапшық. Екі бетін
киізден тігіп, бетін ою– өрнек салып не кестелеп
әшекейлейді.
– Балалар, бізге білгішбек ағамыздан хат
келіпті, қане бәріміз бірге ашып көрейік. Төрт топтың балаларына
тапсырмалар жіберіпті.
–Топпен жұмыс жасау.
1–топ «Шаңырақ» Шаңырақтың суретін
саласыңдар.
2 –
топ «Уық» Киіз үй неше бөліктен тұрады санмен санап
айтасыңдар.
3 –
топ «Кереге» сендерге киіз үйді жабдықтары туралы әр түрлі пішіндер
берілген киіз үйді құрастырыңдар.
4 –
топ «Есік» Киіз үйдің ішіндегі үй жиһаздарын
атаңдар.
Бәріміз орнымыздан тұрайық. Сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәтін жасау үшін,бір бала ортаға қол шатыр алып шығады,ол шаңырақ болады.Қалған балалар ою,өрнектелген әдемі матаны орап,киіз үй болады.Осылай сергіту сәтін жасауға болады.
Үлкен шеңбер құрамыз,
Керегені тұрғызып,
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрамыз.
Киіз үйдің жабдықтарымен таныстыру.
10. «Киіз үй жабдығы - шимен таныстыру»
Үлестірмелі материалдар арқылы уыққа бау байлау, арқан есу.
Сұрақ- жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: киіз үй бөліктері мен жабдықтарын.
Нені игерді: киіз үй құрастырудуы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Киіз үй жабдықтары
Киіз үй жабдықтары
Табылдықызы Гүлжазира
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы. "Ақшағала" бөбекжайы
Білім бері саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Киіз үй жабдықтары
Мақсаты: балаларды киіз үй бөліктері мен жабдықтарымен таныстыру, ата- бабамыздың ежелгі баспанасымен таныстыра отырып, ұлттық тәрбиеге баулу, уыққа бау тағу арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.
Әдіс- тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап, ойын.
Көрнекі құралдар: Киіз үй жабдықтары, киіз үйдің бөліктері, әр балаға үлестірмелі уықтар және баулар.
Шаттық шеңбері
Аспанымыз ашық болсын!
Еліміз аман болсын!
Шаңырағымыз биік болсын!
Керегеміз кең болсын!
Сұрақ- жауап
Балалар сендер киіз үйді білесіңдерме?
Балалар мына суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Киіз үй туралы не білесіңдер?
Кім киіз үйдің ішіне кіріп көрді?
Киіз үй неден жасалады?
Киіз үй жабдықтарын білесіңдер ме?
Жарайсыңдар балалар.
Жауап берген балаларды алтын жұлдызбен бағалау.
9. «Арқан есу» тәсілі
– Балалар мен сендерге киіз үй туралы шағын
мағлұмат беріп өтейін.
– Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да
пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы
талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі
қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық
.
Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы
торкөзді сүйегі.
Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін
көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек
шеңбер.
Уық
– кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын
сырық.
Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы
өткізіп байланады.
Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарық
теріден жасалады.
– Үй
жиһаздарына да толық мағлұмат беріп өту.
Абажа – тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын кебеженің
үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен
қапталған.
Кебеже – сүт ет, құрт, шай салып сақтау үшін
ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһаздары.
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен
сандық.
Сырты қаңылтырмен әшекейленіп
қапталады.
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй
жиһаздары.
Асадал –
тамақ пен ыдыс – аяқ сақталатын
кебеже.
Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына
салынатын ағаш тиянақ.
Адалбақан–киім ілуге арналған үй
жиһаздары.
Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш
зат.
Сандық – киім – кешек, т.б. зат салуға
арналған үй жиһаздары.
Төсеніштер:
Алаша,киіз,сырмақ.
Тұскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұратын үй
бұйымы.
Қоржын – екі жағын тең етіп тоқылған, не құрап
тіккен зат салатын дорба.
Аяққап – ыдыс – аяқ салатын қапшық. Екі бетін
киізден тігіп, бетін ою– өрнек салып не кестелеп
әшекейлейді.
– Балалар, бізге білгішбек ағамыздан хат
келіпті, қане бәріміз бірге ашып көрейік. Төрт топтың балаларына
тапсырмалар жіберіпті.
–Топпен жұмыс жасау.
1–топ «Шаңырақ» Шаңырақтың суретін
саласыңдар.
2 –
топ «Уық» Киіз үй неше бөліктен тұрады санмен санап
айтасыңдар.
3 –
топ «Кереге» сендерге киіз үйді жабдықтары туралы әр түрлі пішіндер
берілген киіз үйді құрастырыңдар.
4 –
топ «Есік» Киіз үйдің ішіндегі үй жиһаздарын
атаңдар.
Бәріміз орнымыздан тұрайық. Сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәтін жасау үшін,бір бала ортаға қол шатыр алып шығады,ол шаңырақ болады.Қалған балалар ою,өрнектелген әдемі матаны орап,киіз үй болады.Осылай сергіту сәтін жасауға болады.
Үлкен шеңбер құрамыз,
Керегені тұрғызып,
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрамыз.
Киіз үйдің жабдықтарымен таныстыру.
10. «Киіз үй жабдығы - шимен таныстыру»
Үлестірмелі материалдар арқылы уыққа бау байлау, арқан есу.
Сұрақ- жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: киіз үй бөліктері мен жабдықтарын.
Нені игерді: киіз үй құрастырудуы.
шағым қалдыра аласыз













