400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Киіз үй-жайлы қоныс.(сәндік)

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп алды даярлық тобы тәрбиешілері үшін салт дәстүр,киіз үй туралы қосымша материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Батыс Қазақстан облысы.Орал қаласы.

Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің

МАД 0 «Б» тобы тәрбиешісі: Адилова Самал Сансызбаевна.

Білім беру саласы :Шығармашылық.

Білім беру бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Киіз үй –жайлы қоныс (сәндік)

Мақсаты: Балаларға қазақ халқынын ежелгі тұрғын үйікиіз үй туралы мәлімет беру,киіз үй құрылысымен таныстыру.Түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және

қазақ өрнектерінің түрлерін салу. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау. Ұлттық сана сезімдерін ояту,ұлттық өнер жайлыбілімдерін кеңейту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: киіз үй макеті,киіз үйдің жасаулары.

Алдын -ала жүргізілетін жұмыс: киіз үй туралы әңгіме жүргізу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Билингвалды компонент: киіз үй – юрта –yurt.

Оқу қызметі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Шаттық шеңбер:

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір ждырп қалайық!

Жыл мезгілін,апты күнін,ауа-райын сұрау.

Бірге қайталайды.


Балалар жауап береді.

Ұйымдастырушы

лық-ізденістік












Ғажайып сәт:

Топқа қуыршақ Алия келеді.Көңіл-күйі жоқ,қолында сөмкесі бар.

-Қош келдің қуыршақ Алия,неге көңіл-күйің жоқ?

Сөмкесін ашы жыртылып қалған фото суреттерді көрсетеді.

-Бұл менің ең жақсы көретін суретім еді.

-Сен мұңайма,кәне суретті құрастырып көрейік.

Суретті балалар бірге құрастырады.Киіз үйдің суреті шығады.

-Балалар,қуыршақ Алияға осындай кйіз үй салып беруге көмектесеміз бе?

Суретпен жұмыс:

Қазақ халқының баспанасы –киіз үй ертеден келе жатқан үй,ол көшіп қонғанда тез жиып,шапшаң тігуге ыңғайлы.Киіз үй қыста жылы,жазда салқын болған.

Киіз үй негізі ағаштан жасалып,киіз бен жабылған.Содықтан оны-киіз үй деп атаған.

Кереге,уық,шаңырақ,есіоның ішіндегі жиһаз жабдықтарымен таныстыру.

Билингвалды компонент: киіз үй – юрта –yurt.


Жұмбақ жасыру:

Қабырғасы тор көз,

Төбесінде зор көз.(кереге,шаңырақ)

Жетпіс екі найзасы,

Біріктіріп тұрады.(шаңырақ)

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Педагог тапсырманы орындауды ұсынады:

Қарапайым қазақ өрнегі түрлерінің атауларын бекітеді: Тұмарша, қошқармүйіз, балта. Балалардан ұсынылған реңге сәйкес өрнектің қандай түсін таңдау керек екендігін сұрайды.

(Ұ) Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ(қолдарын жоғары көтереді)

Уықтары шаншылып((қолдарын жоғары көтереді)

Керегелер керіліп(алақандарын ашады)

Өрімдей боп өрілер(қолдарын белге қояды)

Бірге жүрсек айналып,киіз үй болып көрінер.

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы

Өткір заттармен жұмыс істеу барысында

қауіпсіздік техникасын сақтау туралы еске

салады, жеке гигиена ережелерін орындайды.

(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы

(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).

Дидактикалық ойын: « Өрнектің орнын тап!»

Шарты:үлестірмелі материалдар беріледі,ою-өрнектердің орындарын тауып жапсыру.

Әліппе-альбоммен жұмыс.

Киіз үйді салу кезінде қағаз бетінде тік

төртбұрыш салу қажет, үстінен жартылай

шеңбер саламыз, киіз үйдің күмбезі шығады

және күмбезде жартылай шеңбер – шаңырақ саламыз, киіз үйді өрнекпен безендіреміз.

Педагог шығармашылық міндетті нақтылайды: киіз үйді қазақ өрнегімен безендіру. Балаларға сәндік суретті орындау алгоритмін түсіндіреді.

Өрнектің әрдайым бұйымның формасына қарай жасалатынын еске салады. Текшеде ортасы мен бұрыштары боялады, ал дөңгелек пен сопақшада ортасы мен шеттерін бояуға болады.

Өрнектің түсін өз қалауларыңа қарай таңдаңдар.Өрнекті бірдей қашықтықта орналастырып,бірдей өлшемді сақтау қажет.


Қуыршақпен амандасады.

Фотосуретті құрастыруға көмектеседі.


Киіз үйдің суретін салып беруге көмектеседі.

Суретке қарап мұқият тыңдайды.


Жұмбақтың жауабын айтады.

Балалардың жауаптары.

Үш тілде қайталайды.




Әліппе дәптермен жұмыстанады.





Сергіту сәтін қимылмен орындайды.




Ойынға қатысады.















Жұмыстарын аяқтайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Балалардың жұмыстарының көрмесі

ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын

талқылайды.

Дайын болған суреттерін қуыршақ Алияға сыйлайды.

Өзін-өзі бағалауды ұсынады.

Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс

мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар,

үш қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не

қиыншылықтар болса, екі қылқаламды;

тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

Күтілетін нәтиже:

Жаңғырта алады: түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерді салады; қағаз реңі мен түс үйлесімін таңдайды.

Түсінеді: .Жеке гигиена ережелерін орындайды.Киіз үй жабдықтарын ажырата алады.

Қолданады: • қазақ өрнегінің элементтерін дұрыс бейнелейді;суреттегі көңіл күйді ырғақ және түстің көмегімен жеткізеді













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
2977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі