Материалдар / Киіз үйдің жылу сақтау құбылысын зерттеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Киіз үйдің жылу сақтау құбылысын зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні бойынша ғылыми жоба. Киіз үйдің алғаш пайда болуын, жылу сақтау қасиеттерін, қандай заңдылықтарға бағынатынын анықталып жазылған жұмыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2024
948
18 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтоған шағын орталықты орта мектебі







Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Киіз үйдің жылу сақтау

құбылысын зерттеу»




Орындаған: 9 “В” сынып оқушысы: Хасан Ақбота

Жоба жетекшісі: физика пәні мұғалімі : Косбакова Айнур Жандарбековна



Бағыты: Ғылыми – техникалық прогресс,экономикалық

өсудің негізгі буыны.

Секция :физика.









Көгершің 2024 оқу жылы

Мазмұны

1 Эссе..............................................................................................2

2. Аннотация...............................................................................3-5

3.Кіріспе…………………………………………………...............6

4.Зерттеу бөлімі: ……………………………………………....7-15

  1. Киіз үйдің негізгі құрылыс материалы – киіз : тарихы

және қолданылуы

2.Киіз үй,жасалуы  және оның жылу сақтау құбылысы

3.Киіз үй материалдарының физикалық қасиеттері.

4.Киіз үйдің жылуөткізгіштігін зерттеу

5.Қорытынды……………………………………………..............16

6.Пайдаланған әдебиеттер.............................................................17

7.Пікір


























Эссе

Киіз үй

Қазақ тарихындағы ең алғашқы сәулетті құрлыс-киіз үй болған. Ешқандай шегесіз,тез құрылып-жиналатын, көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйді көптеген шетелдіктер таңдана тамашалайды. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Киіз үй түрлі апаттарға ыңғайлы, себебі:оңайлықпен бұзылмайды.

Жалпы киіз үйдің өзі ғана емес,оның жеке элементтері де қазақ үшін маңызды рол атқарған. Атап айтсақ үйдің бақаны жас босанған әйелге сүйеніш ретінде қолданған. Киіз үйдегі құрақ көрпені құрағанда, кілем-киіздерді тоқығанда ашық түстерді көбірек пайдалануға тырысқан. Ашық түс киіз үйге сән беріп қана қоймайды, оның тіршілікпен байланысы бар деп сенген. Аңыздарда киіз үйді Оғыз ханмен байланыстырады. Хиуаны билеген атақты тарихшы 1640 жылдары өмір сүрген Бахадур хан,Оғыз ханның керемет үй ойлап тапқанын айтады. Бұл Қола дәуірінің енді басталған уақыты еді. Соның құрметіне Оғыз хан ас берді дейді. Қазақта киіз үйді уыз үй депте атаған.Толық қанды киіз үй дегенді білдіреді. Содан кейін алашық пайдаланған. Онда кереге болмайды. Кедей-кепшік, малшылар қос пайдаланған. Басын қосып байлағаннан қос деп атаған.Уыз киіз үйдің өзі бірнеше түрі болған. Киіз үйдің пайдалану ерекшелігене қарай түрге бөлінеді. Киіз үйлер қазақы және қалмақы деп екіге бөлінеді.Қазақы үйлер дөңгелек,толық күмбезді болады,ал қалмақы үйлер төбесі шошаңдау келеді.

Ал киіз үйдің түріне келетін болсақ,түрлері өте көп,мысалы: Орда,Алтын Орда,Алтын үзік,Ақшаңқай,Ақ орда,Ақ үй,Боз үй,Қараша үй,Күрең қос,Қара құрым үй,Ақтағыр және тағы да басқа көптеген үйлер бар.

Біз ашаршылық пен жоқшылықты көрген халық болғандықтан түсінігіміз өзгерген. Баласы үйленер кезде қызға берілген қалың малға,қыз жасауымен бірге отау үйді де әкелетін болған. Сондықтан ол жас отау аталған. Кейін балалы-шағалы болғанда отаулары үлкейтілген. Қазақтар үшін алты қанатты үй ең ыңғайлы болған. Көшкен уақытта арбатұрақ үйлер деп атаған. Өгіз жегілген арбаға салып,көшкендіктен солай атаған болар. Ал 18-ғасырдың басында киіз үйлерді бұзып, түйеге артатын болған.

Сонымен қорыта келе киіз үй әрі қолайлы,әрі қауіпсіз, әрі тез құралатын баспана. Сондықтан киіз үйді жоғалтпай,осы бір ата-баба мұрасын сақтап қалуға міндеттіміз.

2

Аннотация


-Зерттеудің мақсаты: Қазақтың қасиетті шаңырағы-киіз үйді физика ғылымымен байланыстыра отырып оның өлшемдерін формулаларды қолданып есептеу және киіз үй материалдарының физикалық қасиеттерін анықтау. Ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылық-киіз үйдегі физикалық құбылыстарды зерттеу.

Киіз үй – қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе жатқан заттық, тұрмыстық мәдениеттің көрінісі.Зерттеу қазақ халқының киелі киіз үйінің құрылымдық ерекшелігінен толық мағлұмат беруге бағытталған.  Малдың жүнінен және табиғи материалдар ағаш пен шиден жасап шыққан көшпенді халықтың баспанасы болған тамаша туынды- киіз үй туралы мағұламат алу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер біз осы бабаларымыздан қалған ең қымбат мұралардың бірі – киіз үйді сол кездегі ата – бабаларымыз сияқты қастерлеп, оның қасиетін, құдіретін келер ұрпаққа жеткізер болсақ олардың бойына рухани құндылықтарды бағалай білетін ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Киіз үй туралы ғылыми жоба немесе курстық жұмыс дайындағанда көмекші құрал болады. Сонымен қатар оқушыларға мәлімет жинауға септігін тигізеді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Оқушыларға киіз үй жабдықтағанда немесе кездестіргенде көмегін тигізеді және өз елінің ертедегі тұрмысымен танысады.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

киіз үй туралы тәлімдік, тәрбиелік көзқарастарға талдау жасалды;

киіз үйдің ата – бабаларымыздың өмірінде алған орнын көрсету;

киіз үйдің бөліктері мен түрлері жайында түсінік берілді;

-Киіз үйдің негізгі құрылыс материалы – киіз жайында түсінік берілді

Жылу құбылыстары ,механикалық энергия жайында түсінік берілді.

Жұмыстың орындалу әдістері: Тарихи деректермен танысу, оларды жинақтау, қорыту, салыстырмалы талдау жасау,  есептер шығару,тұжырымдау.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Киіз үйдегі ауа алмасу процесі өте жақсы болғандықтан ондағы ауа массалары өздігінен алмасып отырады. Есіктен кірген таза ауа киіз үй ішіндегі ауаны жоғары көтеріп, түндіктен шығарып жібереді. Осыған орай үйде жұқпалы аурумен ауыратын адам болған жағдайда оның ауру клеткалары үйдегі басқа адамдарға жұғып, тарамай бірден сыртқа шығып кетіп отырады.










3




Аннотация

- Цель исследования: вычислить размеры юрты с привязкой ее к физической науке с помощью формул и определить физические свойства юртовых материалов. Национальная ценность наших предков-изучение физических явлений в юрте.

Юрта-это воплощение предметной, бытовой культуры, которую казахский народ создает вместе с собой и уходит своими корнями в историю.Исследование направлено на то, чтобы подробно рассказать о структурных особенностях священной юрты казахского народа. Получить представление о юрте - прекрасном произведении, которое стало убежищем кочевого народа из шерсти животных и натуральных материалов из дерева и ши.

Научный прогноз исследовательской работы: если мы почитаем юрту, одно из самых ценных наследий наших предков, как это делали наши предки в то время, и передадим ее достоинства, силу следующим поколениям, у них будет сформирована личность с высоким национальным и патриотическим сознанием, способная ценить духовные ценности.

Теоретическая значимость исследования: при подготовке научного проекта или курсовой работы о юрте является вспомогательным инструментом. Это также поможет учащимся собрать информацию.

Практическая значимость исследования: помогает учащимся при оснащении или знакомстве с древним бытом своей страны.

Результат новизны и самостоятельности исследования:

- проведен анализ воспитательных, воспитательных взглядов на юрту;

- показать место юрты в жизни наших предков;

- даны разъяснения по частям и видам юрт;

- Даны разъяснения по основному строительному материалу юрты-войлоку

- Даны представления о тепловых явлениях ,механической энергии.

Методы выполнения работы: ознакомление с историческими данными, их обобщение, обобщение, проведение сравнительного анализа,решение задач, формулирование.

Новизна научной работы: поскольку процесс воздухообмена в юрте очень хороший, воздушные массы в нем обмениваются самостоятельно. Свежий воздух, поступающий через дверь, поднимает воздух внутри юрты вверх и выталкивает его из ночи. В связи с этим в случае наличия в доме человека, страдающего инфекционным заболеванием, его больные клетки передаются другим людям в доме и сразу же выходят на улицу, не распространяясь.






4

Annotation

-The purpose of the study: to calculate the dimensions of the Kazakh sacred shanyrak-yurt in connection with physical science using formulas and determine the physical properties of yurt materials. The national value inherited from our ancestors is the study of physical phenomena in yurt.

The yurt is a reflection of the material and everyday culture of the Kazakh people, created together with them and coming together from the milestones of history.The study is aimed at providing detailed information about the structural features of the sacred yurt of the Kazakh people. To learn about the wonderful creation - yurt, which was the home of the nomadic people, made of animal wool and natural materials, wood and Shea.

Scientific forecast of the research work: if we cherish one of the most precious heritage of our ancestors – the yurt, like our ancestors at that time, and pass on its qualities and power to future generations, a person with a high national and patriotic consciousness will be formed in them, who will appreciate spiritual values.

Theoretical significance of the study: it becomes an auxiliary tool when preparing a research project or term paper about the yurt. It also helps students to collect information.

Practical significance of the study: helps students when equipping or meeting a yurt and get acquainted with the early life of their country.

The novelty of the study and the result of independence:

- analysis of educational and educational views on the yurt;

- show the place of the yurt in the life of our ancestors;

- explanations were given about the parts and types of yurt;

- An explanation was given about the main building material of the yurt – felt

- The concept of thermal phenomena ,mechanical energy was given.

Methods of work: familiarization with historical data, their compilation, generalization, comparative analysis, problem solving,formulation.

The novelty of the scientific work: since the air exchange process in the yurt is very good, the air masses in it Exchange independently. Fresh air entering through the door lifts the air inside the yurt up and pushes it out of the night. In this regard, if there is a person in the house with an infectious disease, his sick cells immediately go outside, without transmitting and spreading to other people in the House.










5

КІРІСПЕ

Адам мен адам көш соңында қалмас үшін, ел мен

ел білімді болғанда ғана теңеседі. Бұл ойы қазіргі біздің заманымыздың да ең қажетті мәселесі болып отыр.

Ал білім мен ғылым үйрену үшін ең алдымен талап керек,

еңбек, терең ой, не нәрсеге қанағат ету, адам баласына

жақсылық, рахымшылық жасау қажеттігін айтады.

Бұларды іске асырау үшін – қайрат, ақыл, жүрек

қосылып білім мен ғылымды үйретеді.

Абай Құнанбаев

Киіз үй- «Атамыз-Алаш,керегеміз-ағаш», «Киіз туырлықты,ағаш уықты қазақпыз» деп,аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы.Ал XII-XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда,Ақ орда,Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенің Ш.Уәлиханов айтқан.

Тарих-адамзаттың өткені. Бұл сөздің кең мағынасында адамзат қана емес, әр халық, ұлт бөлек.Көшпелі халықтардың тұрмысы әлі күнге дейін ғалымдар мен қарапайым адамдар, туристер арасында үлкен қызығушылық тудырады.

Біздің жұмысымыз көшпелі халықтар мәдениетінің ерекше ерекшелігі – киіз үйге арналған.  Қазақтың киіз үйі – бұл көшпелімен бірге жүретін ерекше үй. Тұрғын үй ретінде ол көшпенділердің тұрмыс қажеттіліктерін ескере отырып дәл ойластырылған, ал оның жабдықтары  ою-өрнектерімен ерекшеленді деп сеніммен айтуға болады. Киіз үйді құру қағидасының өзі де көшпенділердің айналасындағы әлемге деген көзқарастарының көрінісі болды.











6

Киіз үйдің негізгі бөліктері:

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6

1 Киіз үйдің негізгі құрылыс материалы – киіз : тарихы және қолданылуы

Киіз, кигіз – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. 1-мыңжылдықта белгілі болған. Ноин-улин мен Пазырық қорғандарынан табылған заттардың ішінде киізден басылған бұйымдар да бар. Бұл киіз басу өндірісі ерте дамығанын көрсетеді. Киізден сырт киім, байпақ (аяқ киім) тіккен, оны тек үйді жабу үшін ғана пайдаланып қоймай, киіз үйдің ішкі жасау-жиһаздарын, өзге де тұрмыс-тіршілікке қажет заттарды тігуге де қолданған. Халық шеберлері қазіргі кездің өзінде киізден қоржындар мен дорбалар жасайды. Жазғы құрылымдар үшін қалыңдығы 5-6 мм, ал қысқы тұрғын үйлер үшін-8-9 мм кілемшелер жасалады.қатты аязға оңай төтеп беру үшін киіз үйлер екі-үш қабат табиғи киізбен жабылған.

7

Табиғи киіздің негізгі артықшылықтары:

  1. Қой жүні артық ылғалды сіңіре алады және сыртқы көрсеткіштер өзгерген кезде оны босатады. Осылайша, жылытқыш киіз үйде оңтайлы микроклимат жасауға қатысады.

  2. Сол сияқты, киіз «артық» жылуды сіңіреді, оны ауа температурасы төмендеген кезде береді.

  3. Уақыт өте келе материал құлап кетпейді және бастапқы өлшемдерін өзгертпейді.

  4. Қойдың жүні ерекше қасиеттерге ие: формальдегидтерді, азотты және күкірт диоксидін сіңіреді. Оқшаулау талшықтары адам ағзасына зиянды заттарды бейтараптандырады.

  5. Табиғи материал жоғары экологиялық таза. Онда жасанды қоспалар жоқ және адам денсаулығы үшін мүлдем қауіпсіз. Киіз үйлерді жылытуға арналған материал ретінде бірнеше ғасырлар бойы қолданылып келеді. Сену қиын, бірақ бүгінгі күні ол өзінің тікелей функцияларын өте жақсы орындайтын жалпы оқшаулау болып табылады.

  6. Қалыңдығы 1,5 см киіз жылу оқшаулауын қамтамасыз етеді, қалыңдығы 1,5 кірпіштің кірпіш қабырғасына тең.

Көбінесе киіз кішігірім ғимараттарды оқшаулау үшін қолданылады, өйткені бүгінгі күні көптеген адамдар қымбат оқшаулағыш материалдарды сатып ала алмайды.Бұл жағдайда киізді пайдалану өте тиімді болып келеді.

8

2 Киіз үйдің жасалуы  және оның жылу сақтау құбылысы

Киіз үй – қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй.

Физика,астрономия  тұрғыдан қарастырсақ:1. Қандай ыстық болса да киіз үйдің ауасы таза, салқын болады. Бауымен керіліп туырлық көтерілсе сырттан үйге кірген ауа қайтадан жоғары өрлейді, өйткені жылы ауа ұлғаяды.

2.Киіз үйдің салқын,жарық болуы оның түндігіне байланысты.

Түндік қазіргі үйдегі терезенің ашпалы көзінің (форточка) және мұржаның ролін атқарады. Түндіктен кірген салқын ауа төмен түсіп, жылы ауа мен суықта от жаққандағы түтін түндік арқылы сыртқа шығады.

3.Дауылды күндері үй шайқалмас үшін оған салмағы бар зат байланады. Желбауға диірмен тастары, бөшке байлаған. Шаңыраққа салмақты зат ілулі тұрғасын бүкіл үй сүйектеріне қосымша салмақпен әсер етеді. Дауылда үйдің орнықтылығы, мықтылығы артады.

4.Киіз үйдің төбесіне жаңбыр іркілмес үшін 45°шамасында иілген ағаштан күлдіреуіш орнатады. Жауын – шашын тамшылары төбесінде кідірмей , оп – оңай жүн талшықтармен сырғып түседі.

5.Киіз үйдің ортасында отырған адам «шаңырақ» арқылы наурыз және көкек айларында аспанның солтүстік жартышырында біздің жерімізге көрінетін ең басты жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды көре алады.

А) Солтүстік нүктеде –Темірқазық,Жетіқарақшы,және Айдаһар.

Ә) Шығыс нүктеде- Егіздер,Орион,Персей,Возничий,Торпақ және Үркер.

Б) Батыс нүктеде –Бүркіт,Лира,Аққу,Геркулес,Волопас

В) Сотүстік нүктенің төменгі жағы-Кассиопея, Пегас, Тоқты, Балықтар, Суқұйғыш, Ешкімүіз,Кит шоқжұлдыздары.

Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады.  Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бірі – біріне қосып, 2 – 3 бөлмелі етіп тігуге де болады.Үйдің көлемін табанының

ауданын, қалауымызша өзгерте беруімізге болады.Үйдің табаны шеңбер болып келетіндіктен ауданының формуласы бойынша есептеп табуға болады

S= R², мұндағы  R- шеңбердің радиусы.Киіз үй екі геометриялық фигурадан құралады – цилиндр және қиық конустан.

Мысал ретінде сегіз қырлы киіз үйді алып ,оны  0° – тан 25°С-қа дейін қыздыру үшін қанша ағаш қажет екенін есептедім.

Бірақ есептеулер жүргізу үшін киіз үйдің көлемін, ауа массасын білу керек және жылу балансының теңдеуін қолдана отырып, ағаштың  массасын табу керек.

450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!