Материалдар / Киіздің адамға пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Киіздің адамға пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпты жобаға дайындауға көмек
Авторы:
08 Қараша 2023
954
53 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









«Чехов орта мектебі»КММ-сі

аудан: Уәлиханов облысы: Солтүстік Қазақстан

жобаның авторы: Баймұрат Камшат

сынып: 2

жобаның тақырыбы: «Киіздің адамға пайдасы » Бағыты:Этномәдениеттану

жобаның жетекшісі:Исбулатова Айнагуль Байзыровна

бастауыш сынып мұғалімі































2023 жыл

Андатпа

Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады. Қазір заман ағымына қарай тұрмыс тіршіліктің өзгеруіне байланысты  киіз басу өнері кенже қалып барады. Киізден тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар жасаумен қатар оған оюлап, өрнек салудың табиғи ыңғайлылығын пайдалана отырып,  сәндік бұйымдар жасау,  сурет салу, т.б. түрін меңгерудің  заманауи  құндылығын ашу арқылы бұл өнерді дамыту жолдарын қарастыру.

Осы қажеттілік тұрғысында бұл зерттеу жұмысында мен алдыма келесі мақсатты көздедім: 

Атадан балаға мирас болып қалған киіз басу өнерін балаларға үйретудің қарапайым жолдарын  қарастыру;  киізден, жүннен жасалатын күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаудың ыңғайлы жолдарын іздестіру.

 

































КИІЗ БҰЙЫМДАРЫНЫҢ АДАМҒА ПАЙДАСЫ

Жоспары :……

Кіріспе бөлім ………………………………………………………

Негізгі бөлім ………………………………………………………

1. Киіз басу барысы және  киіз басуға қажетті бұйымдар..

2. Киіз бұйымдарының денсаулық пайдасы ……..

3 Киіз бұйымдары мен жиһаздары ……………………

4. Зерттеу жұмысы …………………………………………………….

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.






























Кіріспе

Мен бұл тақырыпты таңдауымның өзі былай басталған еді:

Жазда апамның үйіне барғанда, көзіме әдемі оюлары бар үлкен төсеніш түсті. Апамнан бұл не деп сұрағанымда: - мұны киіз деп атайды және бұл киізді сенің әкең сен сияқты кезінде басқанбыз деді. Содан маған қызық бола бастады. Мен ешқашан мұндай киіз жасап көрмеппін. Тіпті киіздің неден жасалатынын да білмейді екенмін.

Осыдан кейін ютуб желісіне «Киіз деген не?» деп жазып, ақпараттар көре бастадым. Осы білгендерімнен сіздерге киіздің адамға пайдасы туралы бүгінгі жобамды ұсынбақшымын.

Ең алдымен киіз дегеніміз не деген сұраққа жауап іздесек, Киізкигіз – қойдың күздік жүнінен қалың, тығыз етіп басылған үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым.
Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. 1-мыңжылдықта белгілі болған. Ноин-ула мен Пазырық қорғандарынан табылған заттардың ішінде киізден басылған бұйымдар да бар. Бұл киіз басу өндірісі ерте дамығанын көрсетеді. Киіз басу өнері көне заманнан бүгінге дейін жетіп отыр. Киіз басу да киіз үйдің тұрмысқа пайдалануға келуімен тұтас. Тіпті одан бұрынырақ келген деуге де болады. Оған дәлел киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы 3000 –жылдықта пайда болды деген деректер бар. Ал, Шыңжаң өңірінде киіздің қай замандардан бастап пайдаланғанын мөлшерлеуге болатын тарихи қазба деректер де табылған екен. Шыңжаң өлкесінің шығысындағы  бұрыңғы үйсіндердің мекені – Құмыл өңіріндегі қара төбе қабірыстанына зерттеу жүргізілгенде бұдан  3000 — 3600 жыл бұрын астына киіз төселіп, тері киімдермен оралып көмілген  әйелдің мүрдесі табылған. Тіпті таңғаларлығы сол қабірлерден қазір де  әжелеріміз істейтін ызылған құрлар, жіптер, ақ, қара, жолақты ұсақ шақпақты жүн кездеме, шұғалар табылған. Міне осы деректерге қарап халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу,  арқан,  жіп есу,  құр ызу сияқты қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз.

Демек, киіз басу өнері Орта Азияны қоныстанған көшпенді ұлттардың шаруашылығының тұрмыс мәдениетінің туындысы. Бұл халқымыздың атадан балаға  ертеден бүгінге дейін жалғасқан тарихи тума мамандығы.

Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Мәселен,  баспанасына жабынды,  басына сая,  еденіне төсеніш, үстіне киім, өлісін арулайтын,  тірісіне сән – салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы болды. Халқымыз тарихтағы хандарын да ақ киізге көтеріп тағына отырғызған.



3



Зерттеу мақсатым: Киізден жасалған бұйымдарды насихаттау, Қазақтың ұлттық қол өнеріне өз үлесімді қосу

Жобамның өзектілігі: қолданыстан шыққан қазақ халқының киіз басу дәстүрін жаңғырту,

Зерттеудегі міндетім:

-киізден жасалған бұйымдарға шолу жасау;

-ата -баба дәстүрін жаңғырту;

Зерттеуге болжам:

Егер киіздің адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан қойдың жүнін түтетін өндірістік орындар ашып, еліміздің көркеюіне үлесін тигізер еді.

Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы:

Киіздің қыр – сырымен бөлісе отырып, адам ағзасына әсерін анықтаудың нәтижесінде елімізде игерілмеген қойдың жүнін түтетін өндіріс орындарын ашып, ата – баба дәстүрін жалғастыру.

Нәтижелерді қолданудың практикалық аймағы:

дүниетану сабақтарында;

көркем еңбек сабағында;

сыныптан тыс іс-шараларда;






















4

 І.2.Киіз басу барысы және  киіз басуға қажетті бұйымдар.

       Дегенмен, киіз басу деген оңай орындала салатын іс емес. Машақаты көп. Күш пен шыдамдылықты талап  ететін жұмыс. Әуелі киіз басуға кіріспес бұрын үлкен дайындық  жүргізіледі. Негізінен  қойдың  күзем жүні таңдап алынады және уақыты келгенде қойды суға тоғытып  алып, жүні тазарған соң қырқады. Қырқылған жүн іріктеліп алынып, сабауға жіберіледі. Ол үшін арнайы түзу талдан сабау дайындап алу керек. Жүнді сабау тек  ұру дегенді білдірмейді. Оның да әдісі бар. Сабаумен жүнді қопсыта ұрғанда, шаң – тозаңнан айырып,  ұйысқан жері жазылып, желкілдеп шыға келеді. Міне, сол  кезде ол жүн  киіз басуға дайын болмақ.

      

 Киіз басуға қажетті дайындық:

  • Киіз басуға желсіз ашық түн таңдалады;

  • Малдың күзем жүні қажет;

  • 4-6 қанат ақ ши дайындалады. Ерекше жағдайда 9-10 қанат ши қажет;

  • Шабақтайтын сабау;

  • Қайнаған су;

  • Жүн шабақтайтын, жүн тартатын 5-6 әйел, шиге орап ыспалайтын, білектейтін 5-6 адам;

  • Буатын арқан және тізгін жіп, немесе бір дана бақан не сырық.

Осы дайындықтар біткен соң жүн басатын отбасы тегіс әрі таза жер таңдап, қанат шиелерді екіден қатарлап  төрт немесе алты шиге дейін екі-үш шиден жұптап біріне бірін жалғап көктейді.  Шилердің ұзыны мен көлденең басылатын киізге жетерліктей етіп құрап алады. Сонан соң жасалатын бұйымның түрлеріне қарай қажет жүн таңдалып алынады.

Жүн шабақтау.  Туырлық үшін шиге алдымен кер қызыл жүн шабақталады. Сабалған жүнді киіз басатын шидің үстіне сабаумен көпіртіп бір тегіс жайып шығу жүн шабақтау делінеді. Жүн шабақтауға  2-3 әйел қатар отырып, жайылған шидің бір басынан  2-басына дейін жүнді шабақтап жайып шығады. Жүн шабақталып біткен соң бір басынан бастап осы қызыл жүннің үстінен 2-рет ақ  жүн тартылады.

Жүн тарту.  Шабақталған жүннің үстіне ақ жүн шүйгесін бір тегіс қатарлап үзіп жатқызып шығуды «жүн тарту»  дейді. Ақ жүннің бір бөлігін алып, жұмырлап, шидегі шабақталған жүннің бір басынан бастап үстіне тартады, оң қолдың қырымен басып, сол қолмен шүйгіні үзіп алып, үзілген шүйкені қайта әлгі үзіліп тасталған жүннің қатарына салып, тағы да әлгіндегідей үзіп алу қимылын қайталаймыз. Осылай көлденең қатарды толтырып онан соң алдыңғы үзіліп қалдырылған шүйкенің, шетін бастыра тағы шүйке салып, үзіп, жүн тартылады. Бұл жүн тарту қимылы шабақталған жүннің үсті толғанша жүргізіледі. Жүн бір жері жұқа бір жері қалың болмай тегіс тартылуы керек. Сондықтан жүн тартатын адам ысылған адам болуы қажет. Жүн тартуды екі не үш әйел қатар отырып істейді. Өйткені жүн шабақтау, жүн тарту ісін бірнеше

5

адам жабылып істеп тез бітірмесе, «үп» еткен желде бұл жұмысқа кедергі болады. Жел ұшырмау үшін тартылған жүн үстіне сабау, жіңішке ағаштар бастырылады.  Жүн шабақтап, жүн  тартушылар басылатын киіздің шамасына қарай жүнді қалың, не жұқа етіп тегістеп отырады. Туырлық үзікке 6-7 см қалыңдықта жүн тартылады. Сырмақ киіздеріне 4см қалыңдықта жүн салынады. Ал үзік және сырмақ киізге асты-үстіне бірдей ақ жүн салынады. Сырмақ киізі жұқалау басылады. Астарлық киіздерге де кер қызыл жүн жұқалап қосылып басылады.

Су себу.  Жүндер тартылып болған соң 80 градустан  жағары ыстық су себіліп, жүн бастырылады. Суды әдетте төңкерілген шөміштің үстінен құю арқылы шашыратып себу керек. Немесе шүмегіне темір тесіктер орнатылған су бүріккіш құмандармен сепсе де тегіс себіледі. Су жүнге біркелкі сіңуі шарт.

Тазартқыш ұнтақ салу.  Су себу барысында тағы бір адам су себушінің артынан ілесе, екі шиік көлемдегі жүнге бір қалта есебіндегі, төрт шилікке екі, алты шилікке үш қалта, тоғыз шилікке төрт-бес қалта тазартқыш ұнтақты жүннің үстіне тегіс шашып шығады.

Тізгін жіп салу.  Су шашып, тазартқыш ұнтақ салумен қоса, жүн тартылған шидің басына жүнге тигізбей, шиге орап екі ұшын шидің екі басына шығарып ұзын жіп салынады. Бұны «тізгін жіп» дейді.

Ши шиыршықтау.  Су себіліп, тізгін жіп салынған соң ши дереу шиыршықталады. Бұл жұмыс барысында да ыстық суды үзбей тегі шашып тұру қажет.

Ши бұзу.  Ши шиыршықталып болған соң екі басындағы тізгін жіптің ұшын бірін-біріне қосып мықтап байлап, одан басқа жіптермен де шидің белінен 3-4 жерден мықтап буылады.  «Тізгін жіп»  шиді ары-бері домалатқан кезде ішкі қабатының сыртқа шығып кетпеуінің алдын алады.

Шиге  ыспа арқан салу.  Шиді ары бері домалатуды арқанмен ғана істеуге болады. Арқанмен ары-бері тартып домалату-ыспалау делінеді. Бір шиге екі, немесе үш арқан белінен бір орап салынады да, бір арқанның екі ұшынан екі адам, үш арқан болса алты адам екі жаққа бөлініп, қарама-қарсы тұрып, шиді ортаға алып кезек-кезек өздеріне қарай тартады. Осылай кезек-кезек тартқанда ши ары бері домалап, жүннің бірігу барысын тездетеді.

Тебу. Егер бір шилік жүн болса онда бір адам шидің белінен бір арқанды тұйықтап салып өзіне қарай домалатып отырады да, артынан 2-3 адам қатарласып шиді аяқтарынан теуіп шигерілейді. Бұл жүнді біріктіру үшін істеледі.









6

2. Киіздің адам денсаулығына пайдасы.

Жалпы киіз адам үшін өте маңызды. Әсіресе, денсаулық үшін. Біріншіден бұл – физикалық жүктеме деп қарастырамыз. Яғни, ерте замандағы әжелеріміз киіз басып, денелерін шынықтырған. Ал біз білеміз спортпен айналысқан адамдар ешқашан ауырмайды және ұзақ өмір сүреді. Жүнді түтіп, оны шиге орап, оюлайды деген сияқты қара күшті талап ететін нағыз жұмыс түрі. Тағы да айта кетерлегігі – киіз басқанда асарлатып, ән айтып, той – тойлап адамның көңіл – күйін де көтеріп отырған.

Екіншіден – киізден жасалынған ұлтарақ . Қазір өндірісте Қытайдың синтетикалық материал қосып жасайтын ұлтарағына сұраныс көп екенін байқаймыз . енді осы ұлтарақты киізден жасасақ, онда адамның аяғы жаурамай, жылы жүретіні рас. Оның үстіне, киіз – ауа өткізгіш. Адамның аяғын жылы ұстаумен қатар, аяқты иістендірмейді.

Үшіншіден, «қара пима» әнін жақсы білерсіздер, міне сол әндегі пима да киізден жасалады. Шымкентте мен оны көрмегенмін, себебі бізде мұндай аяқ киімдерді кие бермейді. Солтүстікке келіп, пиманы киіп көріп жатырмын. Ол аяққа кигенге өте жеңіл, жұмсақ, ең бастысы жып – жылы. Адамның аяғын жауратпайды.




























7

3. Киізден жасалатын тұрмыстық бұйымдар.


Дайын киізден туырлық, үзік, түндік, текемет, сырмақ жасауға болады.  Киізден жасалған бұйымдардың арасында өзінің қанық , ашық түсіті оюымен текеметтер бірден көз тартады.  Мұражайлар мен ауыл үйдегі  көздің жауын алатын текеметтерден қазақ халқының киіз бен текемет басудан мол іс-тәжірибе жинақтағанын байқауға болады. Киіз дайын болғаннан кейін, оның бетіне түрлі боялған жүндермен қошқар мүйіз оюлардың неше түрі өрнектеледі. Киіз басу тәсілі бір болғанымен текемет бетіне ою салу әр жерде әртүрлі болған. Текеметке ою қойғанда сары түс пен қоңырқай түстің үндестік табуына ерекше мән беріледі. Жиекке түскен иірлер ортадағы  негізгі ою-өрнекпен астасып, үйлесім табуы тиіс. Ою салынғаннан кейін киізді қайтадан шиге орап, киіз бен оның бетіне салынған ою-өрнектер бір-біріне қабысқанша, тағы да пісіріп алады.  Текемет дайын болғаннан кейін оны күн көзіне жайып, жақсылап кептіріп алады. Осылайша текеметті бір күн ішінде басып шығаруға болады. Текемет басу барысында ауыл әйелдерінің басы қосылып, әңгіме-дүкен құрады, сөз алмасып, қазан көтереді, көңіл шалқып, соңы той-думанға айналады. Көне заманнан келе жатқан әр ұлттың өз ғұрпына мән-мағына беріп, өмірдің әр күніне сән бере білген заңдылығы осы жерде айқын көрініс береді.

Киізден текеметтен басқа сырмақ сыруға болатынын жоғарыда айттық. Сырмақ жасауда ақ пен қара  киізді ойып, қиюластырып жасаумен қатар біртұтас киіз бетіне помбарқыт, барқыт, мақпал, мауыты, сәтен сияқты маталардан немесе иірілген әр түсті жіптерден де өрнек салып, сыру сияқты тәсілдерді кеңінен пайдаланған. Сырмаққа ою салу жергілікті жердің ерекшеліктеріне байланысты үш түрге бөлінеді – сырмақ бетіне орталық бөлікті қоршай жиек оюын түсіру және жалпы біртұтас ірі ою құрылымын орналастыру немесе екі-үш деңгейге бөлінген ою жолдарын түсіру. Сырмақ оюларының негізін көне заманнан байлықты, барлықты білдіретін мүйіз текті оюлардың барлық түрлері кеңінен қолданған.   Орталық бөлікті жиек оюларымен қоршауда – отбасын, өзі өмір сүрген ортаны сыртқы жаман күштерден, күйреуден сақтау, оны қоршау мағыналары сақталған.

Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар – қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру.












8

4. Зерттеу жұмысым.

Еңбекке баулу сабағында мұғалімнің көмегімен киіз басып көрдік. Ең алдымен қойдың жуып, тазалған жүні керек. Жүнді алып, қатты материалға жұқалап салып шықтық. Қаттылау, нығыздау болған кезде үстінен басып, алдын ала дайындап, кесіп алған оюды әдемілеп үстіне қоямыз. Бетін жұқа матамен жауып, үстінен жылы суды себелеп құйдық. Одан кейін үстінен сабындап шықтық. Сабын жақсы көпіргеннен соң, қатты материалымызбен орап алдық. Кейін жақсылап суын сығып, бастырамыз. Осылайша бірнеше рет жақсылап мыжып, біраз уақыт жасаймыз. Қайтадан материалымызды ашып, киізімізді көрдік. Дайын болған кішігірім төсенішімізді кептіруге қойдық.

                



Қорытынды


Қол жетпес арманға айналып, сағымның шымылдығына тығылған тәуелсіздікке анасына ұмтылған сәбидей қол создық. Айымыз оңынан туып, оған да қолымыз жетті. Керей мен Жәнібек көтерген шаңырақ қайтадан қалыпқа келіп, жыртығымыз жамалды. Ат тұяғының дүбірі ғалам құлағына жетті. Ендігі кезек осындай қанымызға сіңген ата дәстүрімізді жаңғыртып, баба мұрасын бала санасына с

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!