400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кикілжің және дау-дамай

Материал туралы қысқаша түсінік
тренинг сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Кикілжің және дау-дамай

Мақсаты: 1. Кикілжің туралы жан-жақты түсінік беру,кикілжіңді

шешудің жолдарымен таныстыру. Тұлғаның өзін-өзі

реттеуіне мүмкін болатын қажетті жағдайды туғызуға

көмектесу;

2. Әр оқушы өзін-өзі және сыныптағы барлық оқушыларды

сыйлауға тәрбиелеу.Оқушылар арасындағы достық қарым-

қатынас қалыптастыру;

3. Тақырып бойынша оқушылардың ой-пікірлерін еркін айтуын,

тіл байлығын, шығармашылық ойлауын дамыту.

Көрнекілігі: Сызба нұсқалар,плакаттар, кестелер.

Әдісі: Әңгімелеу, пікірлесу, сұрақ-жауап

Түрі: тренинг сабақ

Барысы:

І. а/ «Амандасу»

Біз сіздермен біргеміз,

Сөгілмейді іргеміз.

Құшып күннің шуағын,

Көрістік біз қуанып.

Сәлеметсіздерме қонақтар. /жылы жүзбен қонақтармен амандасу/

ә/ «Таныстыру» «Екі шындық және бір өтірік» ойыны

Оқушыларға өздері туралы екі ақиқат және шындыққа жанаспайтын

бір пайымдаулар айту ұсынылады.

Мысалы: Мен Еңбекшіде туып өстім, «Ару» фильмінде басты рольде ойнадым және балмұздақты өте жақсы көремін.

б/ Көңіл-күйіңіз қалай? жаттығуы

тренингті бастамас бұрын барлығымыз бүгінгі көңіл-күйімізді біліп алайық. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар. Әрқайсымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түнереді. Табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, көңіл-күйімізді қағаз бетіне түсіріп көрейік.

/сурет салдыру, талдау жасау/

ІІ. а/ «Миға шабуылы» /сұрақ-жауап арқылы тренинг тақырыбын ашу/


Қ ұ п и я с ө з











1.Темперамент түрлерінің соңғы әріптері ? К

2. Мақұлдау сөзінің бастапқы әріпі ? И

3. Таяққа зер сап қарайық, І

ұқсайды оған қай әріп.

4. Белде бар, жотада жоқ, Л

Көлде бар, өзенде жоқ.

5. Жемісте бар, егісте жоқ. Ж

Жеңісте бар, егісте жоқ.

6. Көмірде жоқ,өңірде бар,

Ауырда жоқ,жеңілде бар. Ң


ә/ «Ой толғау»

  1. Кикілжің немесе дау-дамай дегеніміз не?

  2. Кикілжіңнің шығу себебі неде?

  3. Жанжалдың денсаулыққа әсері бар ма?





ІІІ. Толғаныс. /топпен жұмыс/


І-топ. ІІ-топ

а/ кесте толтыру. а/ кесте толтыру. /жанжалдың жағымды жағы/ /жанжалдың жағымсыз жағы/

ә/ кикілжіңге тұжырымдама жасау. ә/ кикілжіңді жеңуге көмектесетін ережелер

жазу.

IY. Жағдаяттардан шығу. / берілген тапсырманы 2-3 минут ішінде топ мүшелері рольдік ойынмен көрсетулері керек.

  1. Достар арасындағы кикілжің, шешілу жолын көрсет?

  2. Ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік және одан шығудың қандай жолы бар?

  3. Мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушілік. Қандай оң шешім жасап, жол табуға болады?

  4. Қоғамдағы адамдар арасындағы келіспеушіліктер неден туындайды? Дау-дамайдың туындауы біржақтың ғана кінәсінен бола ма?

Тренингте отырған қонақтарға ортақ сұрақ қою:

1. Қай топ кикілжіңнің шешілу жолын дұрыс көрсетті деп ойлайсыздар?

2. Өздеріңіз қалай шешер едіңіздер?

3. Кімдермен жиі кикілжіңге келеміз?

Y. Ситуациялық сұрақтар: смайлик өзіңе қалағанын таңдап ал және бейнелеп көрсете отырып, не себепті таңдағаныңды түсіндір.

а/ Ойланып тұрған адамнаң бет-әлпет кескіні.

ә/ Ренжіп тұрған адамның бет-әлпеті.

б/ Қайғылы адамның бет-жүзі.

в/ Ашулы адамның бет-әлпетін бейнеле.

г/ Таңданған кейіп көрсет.

д/ Өкініп тұрған адамның бет-әлпеті.

е/ Қуанып тұрған адамның бет-әлпетін бейнеле.

YI-кезең. нәтижелерін қорытындылау. Топтастыру әдісі

DrawObject1 дауласу ашулану

DrawObject2 DrawObject3 DrawObject4 ренжу күйзелу

DrawObject6 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject5 төбелес айқайласу



DrawObject10 DrawObject9 DrawObject11 DrawObject12



түсініспеушілік келіспеушілік талас-тартыс ұрыс-керіс









Есіңе сақта! Кикілжіңді болдырмайтын ережелер;

  1. Сабыр сақта, көңіл- күйіңді басқара біл.

  2. Кикілжің болған жағдайда өз-өзңді і ұстай біл, өзіңді тоқтата біл.

  3. Мән-жайды түсініп ал.

  4. Кемшілігің болса мойындай біл.

  5. Мүмкіндігіне қарай өзгелерді тоқтата біл.

  6. Үндемей шешімін кейінге қалдырып, кетіп қал.

  7. Мәселені кейінірек шешуге ұмтыл.

«Өкпені еріту» жаттығуы. /баяу музыка ойнап тұрады/

Көзіңізді жұмып, денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді театрда отырмын деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға /ең жек көретін,тіпті көргіңіз келмейтін/ сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, бұрын ренжітісін, қазір өмірде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген кейіпте болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше секунд жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз, сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз. Сіз кешірген адам сахнадан кетісімен, өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемде жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз

«Егер сен күлсең, бар әлем сенімен бірге күледі, ал егер сен жыласаң сен жалғыз жылайсың» деген нақыл сөз орынды айтылған. Күлкі денсаулықты жақсартып, адамның көңіл-күйін көтереді.Өзгелерге де қуаныш сыйлайды. Күлкі сізге бақыт сезімін әкеледі. Күлкі жандарыңызға серік болсын! . /көздерін ашады/

Тренингке қатысып ой бөліскендеріңізге рахмет.





Панфилов ауданының «Е.Сыпатаев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

педагог-психологі Махмутова Назира Қасымханқызы





















Оқушылардың жағдаяттардан шығу сәті

Тренингке қатысушылар кикілжіңге тұжырымдама жасауда





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1183
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі