Тақырыбы:Кикілжің
қайдан шығады?
Түрі:тренинг
Қатысушы:
9- сынып
Мақсаты:
Белгілі
бір кикілжіңдік жағдайдан, кикілжіңге
қатысты мінез-құлық стильдерін қолдана
отырып, шешуге үйрету. Кикілжің туралы
түсініктерін қалыптастыру.
Тренинг
барысы:
Бөлмеден
шығып бара жатып есікті ашуланып қатты
жапқан жағдайды басыңыздан кешіргенсіз
бе? Немесе біреудің дөрекі сөзінен
ренжігенсіз бе? Досыңызбен келіспей
қалып ұрысқан кездеріңіз болған ба?
Егер де сіз осы сұрақтардың біреуіне
де болса да сенімді жауап берсеңіз, онда
сіз «кикілжің» деп аталынатын құбылыспен
таныссыз.
Кикілжіңдер
– қазіргі қоғамның әлеуметтік және
саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының
бірі.
Ескерту:
Кикілжіңге байланысты ситуацияларды
тренингке қатысушыларға ойнату барысында
бір-біріне ренжіп қалмас үшін, бір-біріне
балағат сөздер айтып тастамас үшін,
ситуациялар қарапайым және қатысушылар
үшін маңызды болуы керек. Себебі, тренинг
барысында немесе тренингтен кейін
бір-біріне ренжіп қалуы мүмкін.
«Конспект»
Ойынға
екі адам қатысады.
Бірінші
қатысушыға нұсқау:
«Сендер екеуін мектепте бірге оқисыңдар.
Кітабы жоқ пәннен сен конспект жазбадың.
Конспекттіні досың жазып жүрді. Емтиханда
мұғалім өз пәнінің конспекттісін талап
етті. Емтиханды бүгін тапсыратындықтан,
өз досыңнан конспектісін уақытша
сұрадың. Себебі, ол осы пәннен емтиханды
ертеңіне тапсырады. Емтиханды беске
тапсырғанына қуанып, конспектіні
аудиторияда ұмытып кеттің. Есіңе түсіп
қайтіп келгенде, аудиторияда ешкім
болмады және конспектіні де таппадың».
Екінші
ойыншыға нұсқау: «Екеуін коридорда
кездесіп қалдыңдар. Өздеріңді күнделікті
өмірідегідей ұстаңдар».
Ойыннан
соң классикалық анализ жүргізіледі:
алдымен бақылаушылар, содан соң
қатысушылар өз пікірлерін білдіреді.
Пікір алысып болған соң тренер ойынға
қатысушылардың ойыннан алған әсерлерін
анықтау үшін келесідей сұрақтар қояды:
«Сен келесіде одан конспект сұрайсың
ба?»; «Ал сен оған келесіде конспект
бересің бе?». Анализ барысында қатысушыларға
және бақылаушы топқа кикілжің жағдайында
қандай да белгілі бір стиль түрлерінің
айқын байқағандықтарын, сонымен қатар
оны шешуге қандай да бір ережелерін
қолданғанын көрсету маңызды. Және
соңғысы: егер ситуация нәтижелі аяқталса,
онда жәбірленуші кінәлі адамның бойынан
кінә сезімінен арылтуға көмек беруі
қажет. Міне, барысы осылай жүргізілетін
төменде келесідей кикілжің жағдайлы
ситуациялар берілген.
«Статья»
Екі
ойыншы қатысады. Нұсқауы екеуіне қатар
оқылады.
«Екі
оқушы бірігіп мақала жазады. Біреуі
оны басуға қалғанда, екіншісі үйіне 30
минутқа ерте қайтып кетеді. Мұғалім
кіріп, бұл мақала бойынша қорытынды
бағаларыңды жоғарылатып қоятындығы
туралы айтады. Мұны естіген басуға
қалған оқушы екінші оқушының аты-жөнін
сызып тастайды. Бірнеше күннен соң
журналда баяғы мақала бір ғана фамилиямен
шығады».
Қатысушыларға
нұсқау: «Екеуіңіз
кездесіп қалдыңыздар. Әрекеттеріңіз
қандай?».
«Журнал»
Қатысушыға
нұсқау: «Досың
Америкадан әкелген журналын саған
уақытша берді. Сен оны кеше мектепке
әкелдің. Сенің мектептегі досың оқуға
ала тұрып, кешке қарай автобуста жоғалтып
алды. Америкадан келген досың азанда
журналды қайтаруды сұранды. Сен оның
жоғалғаны туралы білмедің. Екеулерің
кездесіп қалдыңыздар...».
«Шарф»
Екі
ойыншы қатысады (қыз бала болуы қажет).
Нұсқау:
«Саған
кеше анаң Индиядан алып келген шарфик
сыйлады. Шарф сондай бір әдемі, өте
ерекше. Жолдас қызың сенен бұл шарфты
кешкі отырысқа сұрап алды, және кешкі
отырыста свечаға тиіп кетіп, шеті жанып
кетті. Бұл туралы сен әлі білмегендіктен,
өзіңнің анаңа ертең тойға киіп барамын
деп уәде бердің. Сіз жолдас қызыңызбен
кездестіңіздер. Ары қарайғы әрекеттеріңіз?»
Жаттығу
«Маған ұнамайды қай кезде»
Берілген
сөйлемді аяқтай білуге көп тәсілдер
пайдалана білу керек.
Мен
ашуланамын, егер....
Мен
өзімді өзім ұстай алмаймын қай кезде.....
Маған
ешнәрсе ұнамайды.....
Мен
қатты ызаланамын, қай кезде.....
Мен
шыдай алмаймын.....
Мен
тіпті қатты ашуланамын.....
Айтылған
пікірлер қағаздарға жазылады және әрбір
қатысушы өзінің пікірлерін жазып
отырады.Әр қатысқан адамның пікірлерін
салыстырып талқылаймыз. Ең керектісін
тақтаға жазамыз. Мені тыңдамаған кезде,
мен қатты ашуланамын деген пікір
балаларға арналады.
«Кикілжің»,
«Шегенің ізі» бейнеролигі көрсетіледі.
Оқушылар
пікірі сұралады.
Қорытынды:
рефлексия