Мақсаты:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен
алған
білімдерін кеңейту, тереңдету, жетілдіру,
қалыптастыру.
2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана
білулерін дамыту. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын
арттыру.
3. Өзгенің
пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке
баулу.
Сайыс
барысы
І.Кіріспе сөз.
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар
!
Дана халқымыз «Тәуелсіз ел тірегі – білімді
ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп бекер
айтпаса керек. Болашағынан көп үміт күткен жас буын үшін де бұл
сөздердің берер маңызы
үлкен.
Алдарыңызға келіп отырған 5-6-сынып
оқушыларынан құралған жас өрендер бүгінгі күні қазақ тілі мен
әдебиеті апталығы аясында «Әдебиет – өмір айнасы» циклы бойынша
«Кіл жүйрікте, кім жүйрік?» атты интеллектуалдық ойында бақ
сынамақ. Олай болса, әр сыныптан шыққан топтар мен топ мүшелерін
ортаға шақырайық. Бұл оқушылар алдын-ала анкеталық сұрақ
нәтижесінде 10 сұрақтың 6 және 7 ұпайларын жинап, осы сайысқа
жолдама алды.
№1. 5-сынып
оқушылары
№2. 6-сынып
оқушылары
№3. 7-сынып
оқушылары
Бәйгеге түсіп
жарыспай
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер
жарысып,
Тәрбие, тәлім табар
мән.
Бұл бәйге - ойдың
бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол
алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс
түрінде өтеді. Әр топ
тіл-әдебиетімізден осы уақытқа
дейін алған білімдерін ортаға
салады.
Енді сайысқа қатысушы топтармен танысып
өтейік. Сөз кезегі
сіздерде!
(әр топ өздерін
таныстырады)
Рахмет. Сіздерге сәттілік
тілейміз. Ендеше, бүгінгі ойынның барысымен таныс болыңыздар. Ойын
4 турдан тұрады.
І
тур –
«Ойлан,
тап!» бұл бөлімде оқушылар
белгіленген уақытта әдебиет пәнінен берілген тақырып бойынша
кейіпкерлерді табады. Қанша кейіпкерді дұрыс тапса, сонша ұпай
алады.
5-сыныптарға

6-сыныптарға

ІІ
тур –
«Зерек болсаң – дүние
жарық» бұл бөлімде сілтеме
бойынша өтіп, платформадағы 15 сұрақтың әр топ бесеуіне жауап беруі
керек.
. https://learningapps.org/watch?v=p7oc4zd0j22
-
Тіл дыбыстарын
не зерттейді? /фонетика/
-
Тілдің ең кіші бөлшегі не?
/дыбыс/
-
Жалғаудың түрін
ата./көптік/
-
Зат есім дегеніміз не? /заттың атын
білдіретін сөз табы/
-
Дыбысты немен
таңбалайды?/әріп/
-
42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады?
/әліпби/
-
Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге
бөлінеді?/жуан,
жіңішке/
-
Дауыссыз дыбыстың түрлерін
ата./ қатаң, ұяң,
үнді/
-
«Әліпби» сөзі қай тілден енген?
/араб/
-
Сингармонизм
деген не? /сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке болып
келуі/
-
Қай сөз ашық буынды сөз?
/а-ла-ша/
-
Ілгерінді ықпалдағы сөзді
тап./әлдекім/
-
Қай сөз кейінді ықпалда
тұр?/Бақдәулет/
-
Қай сөз тоғыспалы ықпалда тұр?
/Жанкелді/
-
Тасымал деген не? /сөздің жолға сыймай қалған
бөлігін келесі жолға
көшіру/
ІІІ тур – «Ойың ұшқыр болса егер...».
бұл бөлімде оқушылар «Сиқырлы
ұяшықтағы» суреттерге 1 минуттың ішінде
мақал не нақыл сөздер ойлап айту
керек.
https://wordwall.net/ru/resource/26461389

ІУ тур – «Блиц-викторина». Бұл
бөлімде әр топ 10 сұраққа жедел жауап беру
керек.
№1
-
Білім күні қай
күн?
-
Абай Құнанбаевтың шын есімі
кім?
-
Ас атасы –
не?
-
«Кел, балалар, оқылық!» -
қандай шығарма?
-
Бір жылда неше ай
бар?
-
Тұңғыш ұстаз
кім?
-
Сөз неден
құралады?
-
Жалғаудың белгісі
қандай?
-
«Д» қандай
дыбыс?
-
Абайдың әжесі
кім?
№2
-
Қазақ әліпбиінде неше әріп
бар?
-
Ахмет Байтұрсынов
кім?
-
Жұрнақтың белгісі
қандай?
-
Қазақ тіліндегі көп сөздер қай
тілдерден енген?
-
Тәуелсіздік күні қай
күн?
-
«Ер Төстік» қандай
шығарма?
-
Сөздік қор көп пе, сөздік
құрам көп пе?
-
Оқу инемен не
қазғандай?
-
Тау көтерген бала
кім?
-
«Ы» - қандай
дыбыс?
№3
-
Республика күні – қай
күн?
-
Қазақ тілінде неше жалғау
бар?
-
Неологизм қандай
сөздер?
-
Түбірдің белгісі
қандай?
-
«Қобыланды батыр» қандай
шығарма?
-
Өзі бай болса да, жұмыс
істейтін кейіпкер кім?
-
Білімдінің күні –
қандай?
-
Сұлтанмахмұт Торайғыров
кім?
-
«П» - қандай
дыбыс?
-
Сөйлем біткенде не
қояды?
Қатысушылар ұпайларын есептеп,
топтарға марапаттар мен номинациялар ұсыну үшін сөз кезегі
әділқазыларға береміз.
І. «Үздік
эрудит»
ІІ. «Сөз
мерген»
ІІІ. «Ұшқыр
ойлы»
Ақыл керек білім таңдап
аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім-жарық, нұрын саған шашатын,- дегендей, сіздердің ақылды һәм
білімді болуларыңызды тілейміз. Әрдайым жолдарыңыз ашық болсын!
Білімді, білікті, қазақ тілі мен әдебиетін сүйіп оқитын шәкірттер
көбейе берсін деп тілейміз.