Қазақстан
Республикасының білім және ғылым
министірлігі
Оңтүстік
Қазақстан облысының білім басқармасы.
Ә.
Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан
өнер және дизайн колледжі.
Жалпы
кәсіптік циклы
Ашық
сабақ
Тақырыбы:
«Кілт
қабын былғарыдан жасау».
Орындаған:
Сәнді қолданбалы және
халықтық
кәсіпшілік циклының
оқытушысы:
Елшенов М.Ә.
Циклдың
мәжілісінде
талқыланып
қаралған
төрағасы:
__________
Хаттама
№___ «__» ___ 2013ж.
Шымкент
2013ж
Ашық
сабақтың мақсаты.
1.
Білімділік:
Кілт қабын былғарымен жасау әдістерін
үйрену.
2.
Дамытушылық:
Оқушыларға былары бұйымдарының жасалу
әдістерін таныстыру арқылы шығармашылық
қабілетін дамыту.
3.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұлттық қол-өнерді қастерлеуге,
ұқыптылыққа, икемділікке және әдемілікке
тәрбиелеу.
4.
Көрнекі құралдар:
Колледж қорынан дайын жұмыстар, тақырыпқа
сай жасалған жобалар, қалқаншалар,
сызбалар, нұсқалар.
Тақырыпқа
сай жасалу жолдарын көрсету.
Жоспар
«Кілт
қабын былғарыдан жасау».
(қолданылатын
материалдар: былғары, металдан ойылған
ою, жұқа былғары, желім, қатырма қағаз).
I.Сабаққа
дайындық, оқытушының творчествалық
ізденіс.
Жұмысы.
а)
Сабақтың басталуы оқушыларға жұмыстың
негізгі мақсатын түсіндіру.
II.
Үлгі арқылы кіліт қабының екі жақтауын
былғарыдан пішу.
а)
Жасалу жолдарын оқушыларға түсіндіру.
III.
Кіліт қабына арнайы ыстық преспен ою
басып былғарымен көркемдеп орындау.
а)
Арнайы ыстық прес, былғары кесетін
пышақ, былғары тескіш, балға, металдан
ойылған ою.
Жұмыстың
жасалу технологиясын меңгеру, арнайы
сөз мағналары (терминдер).
IV.
Сабақ соңында оқушылардың орындаған
жұмыстарын бағалау.
а)
Сабақ барысында оқытушының ескеретін
жағдайлары.
I.
Сабаққа дайындық, оқушыларға жұмыстың
жасалу
жолдарын
үйрету.
Оқытушының
жұмысы: 1-ші курс оқушыларына былғары
бұйымының жасалу әдіс-тәсілдерін
түсіндіру.
Былғарыдан
бұйымды ойдағыдай жасап шығару үшін,
көп білумен іскерлікті, тәжірбиені
қажет етеді.
Бұйымның
технологиялық жасалу жолдарын дұрыс
сақтап, сапалы әрі әдемі етіп жасау
негізі мақсаты болып табылады.
Сабақтың
басталуы оқушыларға сабақтың мақсатын
түсіндіру.
Оқушы
жұмысты бастамас бұрын қажетті құрал
саймандарын дайындау. Жалпы жұмыстың
орындалу шарттарымен танысып
технологияларын сақтап, жұмыстарын
кезеңімен орындау.
Оқушыларға
қойылатын талаптар.
1.
Кіліт қапты үлгі бойынша қатырма қағаздан
дайындап былғарыны мұқият пішіп алу.
2.
Ою мөрін кілітқаптың дәл ортасына
теңестіріп қойып, арнайы престе былғарыға
ою басу.
3.
Арнайы престің қызу температурасын
дұрыс есептеп, былғарының күйіп кетпеуін
қадағалау.
4.
Кілітқап жиектерін біркелкі етіп,
керекті өлшемдегі былғары тескіштерді
қолданып жағалай тесу.
5.
Кілітқап жиегін өруге дұрыс қалыңдықтағы
былғарыдан біркелкі етіп тегістеп тілу.
6.
Бұйымның шетін біркелкі өру әдістерін
дұрыс қолдану арқылы кілітқапты тоқып,
кіліт бауын тағу.
Жұмысты
жасауға қойылатын талаптар.
1.
Бұйымды жасалу кезеңдерін сақтай отырып
тазада, ұқыпты, шеберліктерін қолдана
отырып бұйымды сапалы әрі творчествалық
деңгейде жақсы жасап көрсете білу.
2.
Тәжірбие түрінде жасалатындықтан,
бұйымды материалда орындау көп уақытты
талап етуіне байланысты әр жасалынған
жұмысты мұқият қадағалап, технологиялық
шешімдерін орындау қажет.
3.
Жоба бойынша қатырма қағаздан кілітқап
үлгісін дұрыстап кесу. Былғарыдан
кілітқап жақтауларын пішу, арнайы ыстық
престе ою-өрнегін басу, бір-біріне
желімдеп, тескішпен тесіп өру, барлық
кезеңдерін дұрыс орындауы шарт.
II.
Кілт қабын былғарымен жасау.
Оқушылардың
алдыңғы сабақта орындаған жобасы бойынша
металдан ою мөрін дайындаған болатын.
Сол дайындалған үлгі негізінде қатырма
қағаздан кілітқап үлгісін арнайы былғары
кесетін пышақ ұшымен мұқият кесіп
аламыз.
Үлгі
бойынша қалыңдығы 2 немесе 3см болатын
ірі қара терісінен өңделген былғарының
беткі жағынан дайындалған үлгіні қойып
қалам арқылы кілітқаптың екі жағын
сызып аламыз.
Былғары
астына арнайы пластмас немесе ағаш
төсеніш өткір пышақ ұшымен сызық үстімен
бойлап мұқият кесіп аламыз. Кесіліп
алынған кілітқаптың екі жағын арнайы
ыстық престе үстіне металдан әзірленген
ою мөрін қойып, былғарыны күйдіріп
алмай, өз уақытын сақтап басып аламыз.
Дәл осындай әдіспен кілітқаптың екінші
бетіне ою басып шығамыз.
Былғарыға
ою терең әрі біркелкі басылу үшін, астына
қатырма қағаз қойып басуымыз қажет.
Кілітқаптың екі жағына ою басып алғаннан
соң, желімді екі жағына жағу арқылы
бір-бірімен беттестіріп жапсырып аламыз.
Одан
кейінгі кезең арнайы былғары тескіш
арқылы кілітқаптың шетін ара қашықтығының
біркелкілігінің сақтап тесіп аламз.
Кілітқаптың шетін айналдыра өру үшін,
жұқа былғарыдан ені 5мм болатындай етіп
тегістеп тіліп аламыз. Кесілген былғарымен
кілітқапты айналдыра өріп шығамыз.
Өрілген кезде жұқа былғарының біркелкі
тегіс жатып өрілуін қадағалауымыз
қажет. Өру жұмысы аяқталғаннан соң,
орташа қалыңдықтағы былғарымен кіліт
тағылатын бауын тағып, оның бір-біріне
қосылған жері әдемі көріну үшін өріп-түйіп
жұмысты аяқтаймыз.