жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Кім алғыр, кім жүйрік»
«Кім алғыр, кім жүйрік» сыныптан тыс ашық сабақ
Қайырлы күн
қадірлі көрермендер! «Кім алғыр, кім
жүйрік» атты математикалық ашық
сабақ сайысына қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық
сайыс түрінде өтеді)
Сабақтың
мақсаты:
1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау,
оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сабақ.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. «Бәйге»
3. Викториналық сұрақтар
4. «Ой сергіту» жұмбақтар шешу.
5. «Сыр сандық»
6. «Қасиетті сандар»
7. «Полиглот».
8. « Мақал-мәтелдер ».
Қолданылған нақыл
сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да,
қажет те.
(Р. Бэкон)
Мұғалімнің кіріспе
сөзі:
Бүгінгі шәкірт – ертеңгі азамат. Білімді азамат- ел ертеңі, Білекті
– бірді, білімді – мыңды жығар деген халықтың даналық сөзі бар.
Бүгінгі математикалық білім сайысына 6 ә, б сыныптары қатысқалы
келіп отыр.
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,
Әр команданы ортаға шақырамыз.
6«Ә»,6 «Б» сыныптарының қыздарын шақырамыз
6 «Ә», 6 «Б» сыныптарының ұлдарын шақырамыз
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға
беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып
өтейік
Әділ казы алқалары:
1.
2.
3.
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып
Көңілді ойын жасайық.
І тур. Ендеше ойыншылар өздерін таныстырып өтсін:
1.«Болашақ дарындылар»
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
2. «Асыл тас білгірлер»
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз,
Мектептің көкке шырқар қыранымыз.
Ойыншылар өздерін таныстырып өтеді.
ІІ тур. Ойынымыздың келесі кезегі «Бәйге» бөлімі:
Бұл бөлімде 10 нан бастап 30 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады, ол топ 5 ұпай алады. Солай ойын жалғаса береді. Таңдау кезегін бірінші болып І-топ оқушыларына берейік.
Сол жақтағы 10: 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?(9)
Ортадағы 10: Бас нуктесі бар шексіз кесінді (сәуле)
Оң жақтағы 10: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең?(11 см)
Сол жақтағы 20: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?(33 асық)
Ортадағы 20: Бұл ұяшықты таңдаған ойыншыға 10 ұпай қосылады. Тағы таңдау құқығына ие болады.
Оң жақтағы 20: Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы?(Ажар)
Сол жақтағы 30: Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?(0 саны)
Ортадағы 30: Таяқшаның неше ұшы бар екені белгілі. Сонда төртжарым таяқшаның неше ұшы бар? (10)
Оң жақтағы 30: Ұшақ А пунктінен В пунктіне ұшақ 1 сағ 20 минут ұшып келді. Ал кері бағытта 80 минут уақыт жұмсады. Ұшақ кай пунктге уақыт коп жұмсады? (бірдей)
IІІ тур. «Викториналық
сұрақтар»
І-топқа:
1. Өздеріңіз оқып отырған «Математика» кітабының авторы? (
Т.А.Алдамұратова)
2. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
3. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
4. 1/10 санының кері саны? (10)
5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
6. Жарты түзу (сәуле)
7. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос
ыдыстан)
8. 225 нешенің квадраты
(15)
9. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше
теңгеге сатып алуға болады. (200)
10.
Бір нүктеден шығатын 2 сәуледен құралған фигура
(бұрыш )
ІІ топқа:
1. Шаманың 1/100 бөлігі
(процент)
2. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
3. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды.
Үстелде неше стақан бар? (3)
4. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)
5. 35-тің квадраты (1225)
6. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың аяқтарын
қосып есептегенде қанша болады? (20)
7. Қосу амалының нәтижесі
(қосынды)
8. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың қаншасы қалды? (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)
9. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )
10. -18 қосу 11 ? (-7 )
ІҮ тур. «Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)
Мұғалім: Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Жұмбақтар» сайысына береміз: (Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі)
І топ
1-жұмбақ
«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес
торғай)
2-жұмбақ
11
түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
3- жұмбақ
Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (Дәреже)
4-
жұмбақ
Ешбір тіреусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез,
Ешкім көтере алмайтын күмбез,
Ешкім төңкере алмайтын күмбез (аспан)
5-жұмбақ
Санға қосып, алсаң,
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар ол санға,
Шекесінен қараған.
Сан осін қақ бөлуге,
Сол саныңыз жараған. (нөл саны)
6-жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, қас та,
мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш)
7-жұмбақ
1. Атадан 10
боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз. (цифрлар)
ІІ
топ
1-жұмбақ
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам)
2-жұмбақ
Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы
бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
3-жұмбақ
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
(Қалам)
4-жұмбақ
Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді.
(Көз)
5-жұмбақ
2. Алды – артымыз шексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менең кесінді,
Шыққан тегім білсе де.
(түзу)
6-жұмбақ
3. Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат,
Оның аты....... /сағат/
7-жұмбақ
4. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты,
демейді ешкімге ешкім кес бұтақты.
Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын,
Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес
саусақ/
Ү тур. Сайысымыздың келесі бөлімі «Сыр сандық»
Бұл ойында әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасыңдар. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 2 минут.
Ж: Бұрыш, қосу, бөлшек, алты, он, рационал, үш, жүз, пайыз, түзу, жұп, жазық, бөлу (13 сөз)
|
И |
Ц |
Ү |
Ш |
Б |
Ө |
|
О |
А |
Р |
Ы |
К |
Л |
|
Н |
Б |
Ұ |
П |
Е |
Ш |
|
А |
Ы |
Ж |
А |
Й |
Н |
|
Л |
Т |
Ү |
З |
Ы |
Қ |
|
Б |
Ө |
Л |
У |
С |
О |
VI тур. «Қасиетті сандар» бөлімі
Бұл сайыстың ерекшелігі мұнда әр топ өздері ұпай қояды. Дұрыс болса ұпайын қосамыз. Дұрыс болмаса сол ұпай шегеріледі.
1. жеті санына байланысты 5 ұғымдарды ата.
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ
Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты
2. үш санына байланысты 5 ұғымдарды ата.
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім
Үш ғайып: қонақ несібе, ажал
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
4. төрт санына байланысты 5 ұғымдарды ата.
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли
Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан
Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері
ҮІІ тур. «Полиглот».
Әр топқа жұмбақ жасырылады. Шешуін қазақша,
орысша, ағылшын тілдерінде айтасыңдар. Ойлануға 1 минут.
Жауабын білмеген жағдайда қарсылас топ жауап бере алады. (Толық
жауапқа 5 ұпай, жартылай жауапқа 2 ұпай
беріледі).
1-топ:
1 —— теңгең болғанша,———досың болсын (жүз –сто-)
handrent)
2———тістен шыққан сөз ——рулы
елге тарайды (отыз-тридцать-soti)
3 ——-жылда ,ел жаңа(
елу-пятьдесят-fifti)
4——-атаңды білмесең,жетесіз болып өсесің (жеті –семь-seven-)
5 Білекті —-жығады,білімді мыңды жығады (бір-один-опе ) sousant)
2- топ:
1. Соқырдың тілегені —-көз (екі-два-ту)
2. Жігітке жеті өнерде аз ,——өнер көп емес (жетпіс-семьдесять-seventy)
3. ——-атаңды білмесең,жетесіз болып өсесің (жеті –семь-seven-)
4. Білекті —-жығады,білімді мыңды жығады (бір-один-опе ) sousant)
5. Соқырдың тілегені —-көз (екі-два-ту)
ҮІІІ тур. « Мақал-мәтелдер »
Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.
Неше елі ауызға,
неше елі қақпақ. (бір елі ауызға,екі елі қақпақ)
ҮІІІ. Қорытынды
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады.
Кеш қызығын талай адам
тыңдады.
Тәрбиелер тәлімі мол әсерді.
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет,
Шын сезінген көрерменге,
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады
Ойынға қатысқан оқушыларға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз. Ойынды тамашалаған көрермендерімізге, ойынға қатысушыларға көп рахмет!
6 сұрақ: Математика мақал-мәтелде.
Неше елі ауызға,
неше елі қақпақ. (бір елі ауызға,екі елі қақпақ)
1 – жүргізуші:
Сайыскерлеріміз дайындалып болғанша көрермендерге викториналық сұрақ:
Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг? (40 тг)
Отбасында жеті қыз және әр қайсысында бір-бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар? (8)
Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10 он, 100 жүз)
Екі адам бірігіп шашканы 4 сағ ойнады, әрқайсысы
неше сағаттан ойнайды. . (4 сағ)
І кезең. Бәйге
1.Баскетбол ойынында алаңда неше ойыншы ойнайды? (5)
2. 4 орындаушыдан тұратын музыкалық ансамбль қалай аталады?
(квартет)
3. 1- ден кем бөлшектер қалай аталады? (дұрыс бөлшектер)
4. Ертөстік ертегісіндегі Ерназар байдың неше ұлы болған? (9
ұл)
5. Айнал командасы берілгенде жауынгер қандай бұрышқа бұрылады?
(180 градусқа)
6. Ежелгі Отырар қаласында тұрған Орта Азия философы,
математигі?
(Әл-Фараби)
7. Тәуліктің 1/24 бөлігі ? (сағат)
8. Бір- бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (Перпендикуляр
түзулер)
9. 75 –тен 25 нешеге тең? (1/3)
10. 1 пұт неше килограмға тең? (16 кг)
11. 5 адамнан құралған музыканттар ансамблі қалай аталады?
(квинтет)
12. Ерасыл бұрылыста терезеден қарағанда алдында 9 вагон, артында 7
вагон бар екенін байқады. Ерасыл келе жатқан поездің неше вагоны
бар? (17 вагон)
13. Али - Бабаның неше сарбазы бар? (қырық)
14. Вундеркинд сөзі нені білдіреді? ( Өте дарынды бала)
15. 25% неше бөлікке тең? (1/4)
16. Апа-әжелеріміздің басына тартып жүрген орамалдары қандай
математикалық фигураға негізделіп жасалған? (шаршы)
17. Әкесі мен баласы бөренені кесіп жатыр. Бөренеде 10 тілік
жасалғанда неше бөлік пайда болады? ( 11 бөлік )
18. Волейболл ойынын алаңда неше ойыншы ойнайды? (6 ойыншы)
19. Тік бұрышты координаталар жүйесін оның құрметіне атаған француз
математигі? (Рене Декарт)
20. 1/5 бөлік неше процентке тең? ( 20 %)
21. Ең кіші жай сан? (2)
22. Таяқшаның неше ұшы бар екені белгілі. Сонда төртжарым таяқшаның
неше ұшы бар? (10)
23. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады? (пропорция)
24. Оның есімімен Алматы қаласындағы республикалық мамандандырылған
физика – математикалық мектеп-интернаты аталған, қазақ халқының
дарынды ұлы, академик кім? (О.А.Жәутіков)
І кезең бойынша әділ қазылар алқасының қорытындысы шығарылады. Осы
сұрақтарға дұрыс , әрі басқалардан бұрын, шапшаң жауап берген
оқушылар сайысқа іріктеліп алынады.
ІІ кезең. Жанкүйерлер сайысы.
Сайыс жүріп жатқанда жанкүйерлер де тыс қалмау үшін олардың
қатарынан да топ құрылып өзара жарыс ұйымдастырылады.
Жанкүйерлер тобына берілген тапсырмалар:
1. Нашар жабылған краннан минутына 110 тамшы, 1 сағатта 600 грамм
су далаға ағып кетеді. Сонда 1 айда және 1 жылда неше литр су
далаға ағып кетеді? (432 л, 5184 л.)
2. Командадағы 11 футболшының орта жасы 22 жас. Ойын кезінде
ойыншылардың бірі жарақаттанып алаңнан кетті. Енді алаңда қалған
ойыншылардың орта жасы 21 болды. Алаңнан кеткен футболшы неше
жаста?
(32 жаста)
3. Кроссворд шешу:
1. Алымы бөлімінен кіші болатын бөлшек;
2. Алымы бөліміне тең немесе одан үлкен болатын бөлшек;
3. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан;
4. Алымы 1 саны, бөлімі 1- ден өзге натурал сан болатын
бөлшектер;
5. бөлшегі қалай аталады;
6. Көбейту амалының компоненті;
7. Көбейту амалының нәтижесі;
8. Тең бөліктердің атауы;
9. бөлшегі қалай аталады;
20 ұпайлық сұрақтар:
1). Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2). 0,1,2,3,4,5,.... 9 сандарының көбейтіндісі нешеге тең? (0)
3). Өзің оқып жүрген математика оқулығының авторы кім?
(Алдамұратова Т.)
30 ұпайлық сұрақтар:
1). 20 мың теңге шығынды қандай санмен өрнектейді? (- 20000)
2). 0 ≤ х ≤ 4 қос теңсіздігінің шешімі болатын сан аралығын жазып
көрсет және ата; , кесінді
3). (-5; -3), (-2; -6) нүктелері қай координаттық ширекте
орналасады?
( ІІІ)
40 ұпайлық сұрақтар: Қазақ халқының ежелгі өлшем бірліктері туралы
сұрақтар:
1). Қазақта сүйемді қалай көрсетеді?
2). Қазақтың құлаш ұғымы нені білдіреді? (ұзындықты)
3). Қазақта сынық сүйемді қалай көрсетеді?
Әділ қазылар алқасы ІV кезеңнің және жанкүйерлер тобының орындаған
тапсырмаларының қорытындысын шығарады.
ІХ. Қорытынды.
Оқушылар біздер бүгінгі сайысымыз қызықты өтті ме? Ия! Бүгін біздер математикадан алған білімдерімізді шыңдадық. Әрқашанда жолдарыңыз ашық, сабақтарыңызға сәттілік тілей отырып, бүгінгі «Жас математиктер» атты сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет!
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген