400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Кім білгір?!» интеллектуалдық сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Мұнайлы ауданы «№14 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Байдулла Майра Меңдібайқызы

Пәнi:

физика

Күнi:

25.02.2021 ж.

Cынып :

7 «А,Ғ»

Тaқырыбы:

«Кім білгір?!» интеллектуалдық сайыс

Сабақ түрі:

Сайыс сабақ

Мaқcaты:

Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Суреттер, Интериактивті тақта, бағалау бетшесі

Әдіс-тәсілдері:

ауызша жауап беру, сұрақ-жауап.

Пəнaрaлық бaйлaныc

мaтeмaтикa, қазақ тілі т.б

Caбaқ кeзeңдeрі

Мұғaлімнің іc-әрeкeті

Oқушының іc-әрeкeті

Сабақтың басы(2-5 минут)

Сәлемдесу.


Сәлеметсіздер ме?! құрметті көрермендер, «Кім білгір?!» атты физикалық сайысымызды бастайық.


Сайыс кезеңдері:

1 - к е з е ң: «Сәлем сөздің анасы» (топтардың сәлемдесуі)

2 - к е з е ң: «Бәрін білгім келеді!» (сұрақтарға жауап беру)

3 - к е з е ң: «Ойлан тап» (ХБЖ келтіру)

4 - к е з е ң: «Кім жылдам ?» (формула жазып жарысады)

5 - к е з е ң: «Ойланайық!» (есеп шығару)


Бүгінгі ойынымызға әділ төрелік ететін Әділ қазы алқасымен танысайық.

  1. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары

  2. Мектептің дарынды балалармен жұмыс бойынша орынбасары

  3. Бірлестік жетекшілері және пән мұғалімдері


Oқушылaр қазылар алқасымен және сайыс шартымен танысады


Сабақтың ортасы (20 минут)

1 - к е з е ң: «Сәлем сөздің анасы» (топтардың сәлемдесуі)

Әр топ өздерін таныстырып өтеді...


Бағалау: Әр топтың дайындығына қарай 0-5 ұпаймен бағаланады.(әр топқа 2 минут)


2 - к е з е ң: «Бәрін білгім келеді!» (сұрақтарға жауап беру)


1 топ мүшелеріне:

  1. Физика негізін қалаушы неше ұстазы бар? Кімдер? Қысқаша түсінік беріп өтсеңіз!

  2. Инерция дегеніміз? мысал келтіріп, толықтырып өтсеңіз!

  3. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз ?


2 топ мүшелеріне:

  1. Табиғатты ғылыми зерттеуде неше әдіс бар? Қандай?

  2. Дифуззия дегеніміз? мысал келтіріп, толықтырып өтсеңіз!

  3. Механикалық қозғалысты сипаттау үшін қандай 3 ұғым енгізілді?


Бағалау: Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.(әр топқа 5 минут)


3 - к е з е ң: «Ойлан тап» (ХБЖ келтіру)

1 топ мүшелеріне:

  1. 90км/сағ

  2. 1

  3. 1мкН Н

  4. км/сағ –ты айналдыру үшін не істеу керек?


2 топ мүшелеріне:

  1. 108км/сағ

  2. 1

  3. 1МН Н

  4. км/сағ –қа айналдыру үшін не істеу керек?


Бағалау: Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.(әр топқа 3 минут)


Oқушылaр жaуaп бeрeді.

Сергіту сәті( 3 мин)

4 - к е з е ң: «Кім жылдам ?» (формула жазып жарысады)

Әр топтан 1 оқушы шығып, берілген 3 минут уақытта формула жазып жарысуы қажет!


Бағалау: Әр дұрыс формула 1 ұпаймен бағаланады. (әр топқа 3 минут)


Оқушылар марапатталады

Сабақтың соңы( 41-45мин)

5 - к е з е ң: «Ойланайық!» (есеп шығару)

  1. Автомашина 200 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.

  2. Егер бастапқы массасы 32кг керосин толтырған болса, онда бактың сыйымдылығы қандай (керосин тығыздығы )?

  3. Көлемі 400 , ал тығыздығы 2000 дененің жерге қандай күшпен тартылатындығын анықтаңдар.

  4. Массасы 45 кг бала шаңғыда тұр. Шаңғының ұзындығы 15 м, енділігі 10 м. Бала қарға қандай қысым түсіреді?


Бағалау: Әр дұрыс есеп 5 ұпаймен бағаланады. (есеп шығаруға 10 минут)


Бағалау бетшесі:


1 кезең

2 кезең

3 кезең

4 кезең

5 кезең

Жалпы ұпай

7 «А»







7 «Ғ»







Жалпы ұпай








Әділ қазыларға сөз кезегі беріледі.Жеңімпаз топ марапатталады.


Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рақмет айтамыз.

Аман сау тұрыңыздар осыменен

физикалық сайысымыз тәмамдалды


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1225
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі