Материалдар / "Кім білгіш?" викториналық ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кім білгіш?" викториналық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
1028
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернаты» КММ-сі













«Кім білгіш?»

(Өрт қәуіпсіздігі тақырыбында викториналық ойын)

















Дайындаған: Сактаганова Ж.А











2020-2021 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Викториналық ойын : Кім білгіш?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру;
Дамытушылық: ой - өрісін, дүниетанымын дамыту;
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілік, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: викториналық ойын

Көрнекілігі: презентация, өртке қатысты суреттер, өрт сөндіргіш құралдар мен өрт сөндіруші, плакаттар, сигналдық дыбыстар.

Барысы:

Қайырлы күн ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Мектепішілік «Кім білгіш?» атты викториналық ойынымызға қош келдіңіздер! От: досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері хақ. Сондықтан да осы отырған әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.

Балалардың отпен ойнауы-өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт -тілсіз жау» деп бекер айтылмаған. «101»-ге ХАБАРЛАСУДЫ ҰМЫТПАҢДАР!

Ортаға жеңіске деген жігермен алға ұмтылған топтарды ортаға шақырамыз.

Екі топ ортаға келеді.

1-топ. Жалын тобы.

2-топ. Алау тобы.

«Жылы тілек» әдісі арқылы оқушылар бір-бірімізге жақсы сөздер айтып, көңіл-күйімізді көтерейік.

(Өрт сөндірушілердің дабылы ойнайды.) Ортаға өрт сөндіруші қонағымыз келеді.

-Сәлеметсіздер ме. Сіздердің мекемелеріңізден өрт қауіпі бар деген дабыл шығып, біз тез арада топпен келдік. Сіздерде бәрі дұрыс па?

-Сәлеметсіз бе өрт сөндіруші. Бізде бүгін мектебімізде өрт қауіпсіздігіне қатысты сайыс өтіп жатыр. Біз сайысымызды бастамас бұрын майшам жағып «Жылы тілек» әдісі арқылы бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлаудамыз. Сіздерге сол себепті дабыл үні шықты деп ойлаймын. Қош келдіңіздер. Бүгінгі біздің сайысымыздың қонағы болыңыздар.

Балалар ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Егер белгілі бір жерде өрт шыққан жағдайда ең бірінші қоңырау дабылы осы мекемеге түседі. Арнайы тұтқада отырған кезекші диспечер оқиға болған орынды анықтап, жақын маңдағы өрт сөндіру көлігін жіберуге тырысады. Лаулаған оттың көп аймақты шарпымағаны анықталса бір ғана көлік жетіп барады. Себебі, тонналап су тиеген бір көліктің күші жалынның бетін қайтаруға қауқарлы.

Олай болса бүгінгі сайысымызды бастайық.

Викториналық сұрақтар. 101,102,103,104 сандарында жасырылған сұрақтарға жауап беру.)

  1. Өрт шыққан жағдайдағы 1-ші әрекетің?

  2. Үйде өрт шыққан жағдайда қайдан шығасың есіктен немесе терезеден

  3. Неге өрт сөндіру қызметінің номері 101 деп ойлайсыңдар?

  4. Жаңа басталып келе жатқан өртті немен сөндіруге болады?

  5. Ауылда көпшілігі от жағады егер адам көмір иісіне уланған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсетуге болады?

  6. Адам денесін күйік шалғанда қандай көмек бересің?

  7. Екі досыңмен ойнап жүрсіңдер, қарындарың ашып, күлге картоп жегілерің келді, сіріңке әкеліп аулаға от жаға бастадыңдар, кенет от желмен ұшып көрші үйдің шөбіне тиіп шөп лаулап жана бастады не істейсің?

  8. Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына не жатады?

  9. Өрт болып жатқан үйдің терезесін сындыруға болама?

  10. Түнде ұйықтап жатқаныңда газдың иісін сезген жағдайдағы әрекетің а) а)жарықты қосасың

Б)Терезе ашасың

В)Әкеңді оятасың

  1. Өрт болған жағдайда 102 қызметін шақыру қажет па және не үшін?

  2. 103 қызметін не үшін шақырамыз?

  3. 104 номері қандай қызмет?

  4. Газдың исі шыққанда қай номерге звандайсың 101не 104?

  5. Өрт сөндеру құралдарындағы шелектің басқа шелектен айырмашылығы қандай?

  6. Денесін күйік шалған адамға бірінші қандай көмек көрсетер едің?

  7. Өрт сөндірушінің киімдерінің ерекшеліктері қандай?

  8. Егер адамның өзі жанып жатса не істеу керек?

  9. Егер сіз өртті өз бетіңізбен сөндірсеңіз сіздің өрт сөндіру қызметіне түскен қоңырауыз жалған болып есептелеме?

  10. Өрт кезінде жылдам кету үшін лифті пайдалануға болама не үшін?

  11. Үйден өрт шыққан кезде терезеден шығып кетуге болама?

  12. Өрттің шыққанын қалай білеміз?

«Кім жылдам» ойыны. (Өрт сөндіруші көлігі бейнеленген мозайканы тез арада құрау.)

Көрініс. Түтінге уланған бала. Осы сәтте ортаға өрт сөндіруші мен алғашқы көмек көрсету үшін медицина қызметкерін шақырамыз.

Медицина қызметкерінен өрт кезінде көрсетілет алғашқы көмек туралы ақпарат тыңдалады.

Қорытынды. Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп - қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт.
Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.
Құрметті оқушылар, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды өтінемін. Өрттен сақ болыңыздар!!!















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!