400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Кім боламын?

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру.Мың түрлі мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кім боламын?

Білім беру саласы: дефектологтың түзету сабағы

Сабақ тақырыбы: Кім боламын?

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа  байланысты ұғымдарын тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру.Мың түрлі мамандықтар  туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге

еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық міндеттері, слайд көрсету.

 

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

«Алуан-алуан кәсіп бар,

Таңдай біл де талап қыл»

Мамандық дегеніміз- адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.

Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсеппаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.Біздің таңдауымыз әртүрлі.

Ойын: менен сұрақ сенен жауап әдісі

Кім қандай маман болғысы келеді?(сурет арқылы неге екенін сұрау)

Балалар мынау қандай мамандық? (дәрігер)

Балалар мынау қандай мамандық? (өрт сөндіргіш)

Балалар мынау қандай мамандық? (құрылысшы)

Балалар мынау қандай мамандық? (биші)

Балалар мынау қандай мамандық? (мұғалім)

Балалар мынау қандай мамандық? (милиционер)

Балалар мынау қандай мамандық? (әскери қызметкер)

Балалар мынау қандай мамандық? (тігінші)

Балалар мынау қандай мамандық? (ұшқыш)

Балалар мынау қандай мамандық? (сварщик)

Ойлан тап

Оқу білім-бағдары,

Заманының бағбаны? ………………. / Ұстаз /

Жаңалықтың жаршысы,

Қаламының «жолшысы»…………….Журналист

 Араша тұрар өлімге,

Қай маман бұл-өмірде? ……………..Дәрігер

Еңбек оның-талабы

Сүйікті әні-дала әні,

Егін жайын мәпелеп,

Асырайды елін……………………..диханшы — агроном

-Қалағы  бар қолында,

Кімді айттым ойымда?   (Құрылысшы)

-Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда?   (Аспаз)

-Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда?      (Диқан)

 Қорытынды:

Тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі