400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Кім боламын?

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету. Мамандық түрлерімен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Кім болам?

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету. Мамандық түрлерімен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Мамандық, тігінші, жүргізуші, дәрігер, шаштараз, жарнама агенті, дизайнер.
Керекті құралдар: Мамандық иелері туралы суреттер, құралдар, шарлар, гүлдер
Барысы: Балалар, сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?

Ендеше сәлемдесіп алайықшы.

Шаттық шеңбер «Жүректен жүрекке»
Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.


Суретпен жұмыс:
Бүгінгі іс - әрекетімізде «Мен өскенде кім болам?» Мамандық түрлерімен танысамыз.
Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспазшы, тігінші жатады.
- Дәрігер не істейді?
- Дәрігер адамдарды емдейді.
- Аспазшы не істейді?
- Тамақ пісіреді
- Тігінші не істейді?
- Киім тігеді
- Шаштараз не істейді?
- Шаш қияды
(Балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары толықтырылады).

Балалар, бүгін біз қазіргі заманға сай «Жарнама агенті» және «Дизайнер» мамандық иелерімен танысамыз.

(слайд арқылы көрсетіп, әңгімелеп береді)

Мінекей балалар, сендер заманауй мамандық иелдерімен таныстыңдар.

Бізге барлық мамандықтар қажет. Міне, біз қанша мамандық түрлерімен таныстық.
2) Сұрақ – жауап:
- Арман сенің әкең қайда істейді? - Жүргізуші
- Суреттен жүргізушіні көрсетеді.
- Ал, Шынар анасы қайда істейді екен? - Тігінші
- Тігінші не тігеді? - Көйлек
Осындай әр түрлі мамандықты тану үшін алдымен әдепті, тәрбиелі оқыған үлкен азамат болып өсуіміз керек. Ол үшін бәріне еңбек қажет.

Ойын:    «Сен көрсет-біз біліп аламыз».

Шарты: Сендер  мамандықты ыммен көрсетесіңдер, басқаларың қай мамандық екенін айтасыңдар.

Балаларды орталықтарға  бөліп отырғызу.

1 -«Қолөнер орталығы»

Шығармашылық жұмыс:Сыйлықтық қорапшаларды безендіру,аппликация жасау,гүл құмырасын ермексаз арқылы сәндеу,қатты картоннан жасалған сандықшаны безеу.

2-«Зергерлер орталығы»

Шығармашылық жұмыс:Моншақтан, жапсырмалардан,үлпілдек сымдардан  әшекейлер жасау

3-«Жарнама агенттігі орталығы»

Шығармашылық жұмыс: Сүлгіден, сымнан ойыншықтар жасау

Балалар біз еңбек туралы қандай мақал – мәтел білеміз.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Еңбек етпеген ішіп жемейді.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Сергіту сәті

Әкем менің дәрігер,

Шешем менің аспазшы,

Дәмді тамақ пісіреді.

Ағам менің  етікші,

Әдемі етік тігеді.

Жеңгем менің суретші,

Қылқаламы жүйткиді.

Атам менің ол-ұста,

Бәрі-бәрі жұмыста!
Қорытынды: Бүгінгі іс - әрекетімізге жақсы қатысқан балаларды мадақтаймыз.
«Болайықшы осындай» әнімен оқу іс - әрекетіміз аяқталады




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
239
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі