400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кім болғым келеді

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Кім болғым келеді

Мектеп

Күні

Педагогтің аты жөні

Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

ҰОҚ нің оқытылу мақсаты

0.1.3.1. Еңбектің маңызын және адам

өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін

түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

Мамандық иелерінің еңбегі мен қызметтері

туралы түсінеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Мамандықтардың адам өміріндегі қажеттігін

түсінеді.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Мамандықтардың қажеттігін, қарым-

қатынасын бағалау, құрметпен қарауды

түсінеді.

Тілдік мақсат

Адам өміріндегі барлық мамандықтардың

түрлерін талқылап және дәлелдейді. «Кім

болам?» деген сұрақа жауап береді.

Көптілділік:

Дәрігер – врач – doctor; аспаз – повар – cook,

сатушы – продавец – seller

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Аспаз, дәрігер, сатушы.

Пікір алмасу сұрақтары.

«Мамандық» сөзі нені білдіреді?

Неге адамдар жұмыс істейді

? Ең маңыздысы

қандай мамандық?

Сенің ата-анаң қайда жұмыс істейді?

Өткен ҰОҚ дан алынған білім

Барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы күн!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Музыкалық әуен

Өмірлік тәжрибиені маңыздандыру.Мақсатты болам

3-5 минут


(Ұ) Суреттерді құрастыру арқылы ҰОҚ-ның

тақырыбы анықталады.

– Біз бүгін мамандық иелері туралы

әңгімелесеміз.

Мектепке келгенде сендерді ең бірінші кім

қарсы алды? (Мұғалім).

Мұғалім туралы айтып беріңдерші.

– Жоқ. Мұғалім болу үшін мұғалімнің оқуын,

инженер болу үшін инженердің, аспаз болу

үшін аспаздың оқуын оқу керек.

– Мамандық алу үшін еңбектеніп оқу керек.

(Ө) Әліппе дәптермен жұмыс.1- тапсырма

Сурет бойынша мамандықтарды ата. Сұрақтарға жауап бер.

2- тапсырма.

Мұғалім өлең жолдарын оқиды,оқушылар қайталайды.

Өзекті сұрақ:

– Көз алдыларыңа елестете аласыңдар ма: егер

адамдар жұмысқа бармаса, онда не болады?

(Аспаз жұмысқа шықпаса, тамақ болмайды.

Құрылысшы жұмысқа шықпаса, үй салынбай

қалады. Мұғалім мектепке келмесе, сабақ

жүрмей қалады).







Педагогтің Суреті





Әліппе дәптер

ҰОҚ ның ортасы.Тақырып бойынша жұмыс

6-28 минут

Сергіту сәті:


Көжегім , тұршы,

Бетіңді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші,

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы


(ПТ) Педагог тәрбиеленушілерге:

Мамандық дегеніміз – адамның еңбек

қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп

қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін

өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды

айтамыз.

Дәрігер – емдейді;

мұғалім – білім береді, тәрбиелейді;

техниканы программалаушы жұмысы

компьютермен байланысты;

аспаз – ас пісіреді, тәрбиеші – тәрбие береді т.б.

Ал сендер қандай мамандық иесі болғыларың келеді?

(ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу

Көптілділік:

Дәрігер – врач – doctor; аспаз – повар – cook,

сатушы – продавец – seller

Таспадан тыңдайды немесе педагог айтады,

осыдан кейін балалар бірнеше рет жеке және

хормен қайталайды.

(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 3-тапсырма

Суретке қарап әңгіме құра. Сұрақтарға жауап бер


«Кімге не керек?» ойыны

Ойын шарты: Дымбілмес оқушылардан көмек

сұрайды және суретте қандай мамандық иелері

бейнеленгенін анықтап беруді сұрайды. Әр

мамандық иелерін жұмысына қажетті құрал-

жабдықарын орналастыруды сұрайды.


(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 4-тапсырма.

Мұғалім мен аспазға қажетті құралдарды атап,оларды сызық арқылы қосады

Мамандықтар бейнеленген

үлгі суреттер.
















,



Суреттер.


Әліппе-дәптер.






Әліппе-дәптер,

.

Рефлексия

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды

бағалап қорыту.

Балалар оюды кез келген түсті

қарындашпен бояйды:

• ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

• түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;

• бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере ала-

мын – жасыл қарындашпен.

Оқушылар бояған оюларын тақтаға іледі.

Әліппе дәптер,түрлі түсті қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1062
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі