Материалдар / Кім іскер және кім шебер? (сайыс сабақ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кім іскер және кім шебер? (сайыс сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақтың мақал - мәтелдерін, салт дәстүрін, оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін іс - тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2020
1351
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кім іскер және кім шебер? (сайыс сабақ)

6 - сыныптың ұлдарының арасында
Сабақтың тақырыбы: «Кім іскер және кім шебер?» (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтың мақал - мәтелдерін, салт дәстүрін, оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін іс - тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.

Сабақтың білімділік мақсаты:
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, ұлттық мақтанышын сезімін ояту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, шеберлікке үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Өз елін, халқын отанын сүюге, құрметтеуге, шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, оюлар, карточкалар, сағат, дайын қиылған қаңылтыр материалы.

Сабақтың әдісі: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, орыс тілі, ағылшын тілі, сызу.

Сабақтың өтілу барысы:
Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. «Үйрету - үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті.
Сайыстың шарттарымен таныстыру:
Құрметті әділқазылар, ұстаздар, сайыскерлер, оқушылар «Кім іскер және кім шебер?» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысымызға 6 сыныптардан 4 топ қатысқалы отыр. Олар: «Жасұлан», «Өнер», «Шебер», «Дарын»

Сайыс сабағымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары 6 кезеңнен тұрады:
1. «Таныстыру»
(әр топтың басшысы өз тобымен таныстырады ) (4 минут)
2. «Сұрақ - жауап»
(сандықтан алынған сұрақтарға жауап беру) (7 минут)
3. «Ойлан тап»
(суретке мақал - мәтел құрап айту) (6 минут)
4. «Тіл өнері»
(кім көп тіл біледі) (6 минут)
5. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» (қаңылтыр материалына ою - өрнек салу)
және «Тапқыр достар» Анаграмма (әр топ өздеріне берілген сөзжұмбақты шешуі керек) (10 минут)
6. «Өнерлі бала өрге жүзер» (5 минут)
Әр топ үйден жасап келген бұйымдарын қорғайды

I. Шарт: «Таныстыру»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулер өрнек салыпты.
Терме ұстап, енді бірі ши тоқыса,
Оюдан түйін түйіп тамсаныпты, - деп келе, кезекті сайыскерлердің өз топтарын таныстыруға берейік.
Әр топтың топ басшысы өздерінің тобымен таныстырады.

II. Шарт: «Сұрақ - жауап»
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай
Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Сұрақ - жауап» сайысы.
Бұл шартта ортаға сандыққа салынған сұрақтар әкелінеді. Әр топқа арналған 2 сұрақ бар және бір сұраққа 5 ұпай егер екеуіне де дұрыс жауап берсе 10 ұпай беріледі. Сандықтан әр топтың топ басшысы сұрақты алады. Жауап беруге 2 минут уақыт беріледі. Жауабын ортаға әр топтан бір адам ортаға шығып жауап береді.

1) Үш арсыз, үш жамандықты атап беріңіз?
- Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз;
- Нақақ қан төгу, кісі малын ұрлап алу, ата - бабадан қалған жұртты бұзбау;
2) Қазақша ай аттарын ата?
- Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан;
3) Төрт түлік малдың иесі қалай аталады?
- Түйе - Ойсылқара, Жылқы - Қамбар ата, Қой - Шопан ата, Ешкі - Сексек ата, Сиыр - Зеңгі баба;
4) Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?
- Домбыра, сазсырнай, жетіген, қобыз, сыбызғы т. б.
5) Жеті атаны атап беріңіз?
- Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене;
6) Жеті қазынаны атап беріңіз?
- Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл - білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы;
7) Үш жүзді және үш көзді атаңыз?
- Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз;
- Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ, Сөз анасы – құлақ;
8) Бес қару деген не?
- Садақ, Қылыш, Найза сүңгі, Айбалта, Шоқпар;

III. Шарт: «Ойлан тап»
Бұл сайыста интерактивті тақтадағы суретке байланысты мақал - мәтелдер айту.
Сұрақтар:
1) ою - өрнек, 5) гүл
2) домбыра, 6) ағаш
3) кітап, 7) балық
4) Ат, 8) шаңырақ

IV. «Тіл өнері»
Бұл сайыста тапқан сөздеріңізді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтасыздар, егер бір сөзді дұрыс тапсаңыз 5 ұпай, екі сөзге 10 ұпай, үш сөзге 15 ұпай. Интерактивті тақтада әр топқа арналған сұрақтар беріледі сол сұраққа жауап береді. «Не» деген жерге керекті сөз қоясыздар.
1) Жаңбырменен не көгерер? (жер, земля, earth);
2) Не қорқақ, қол батыр? (көз, глаза, eye);
3) Қанша жуан болса да жалғыз не үй болмас? (ағаш, дерево, tree);
4) Не отбасынан басталады? (Отан, Родина, Motherland);
5) Туған жерге неңді тік?(ту, флаг, flag);
6) Не басынан шіриді? (балық, рыба, fish);
7) Шебердің саусағы не?(алтын, золото, gold);
8) Жақсыдан үйрен, жаманнан не? (жирен, отвращение, away);

V. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен»
Бұл сайыста дайын қаңылтыр материалына ою - өрнек салады және сөзжұмбақ шешеді.
«Тапқыр болсаң тауып көр» Анаграмма

VI. «Өнерлі бала өрге жүзер»
Әр топ үйден жасап келген бұйымдарын қорғайды

Қорытынды:
Сіздер, біздің шебер, іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар.
Өнер - құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады.
Талант пен өнер атаулының көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиетіңіз арта берсін.
Құрметті әділқазылар алқасы оқушылардың өнерлерін бағалаңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!