400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Кім жүйрік?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Кім жүйрік?»

Мақсаты: Оқушылардың танымдық ойларын дамыту, білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын ояту.

Негізгі бөлім:

Мұғалім:

-Сәләматсыздар ма, қымбатты оқушылар!

Біздің бүгінгін 1001 мақал, 101 жұмбақ атты ойын ойнаймыз.

Алдымен арамыздан үш ойыншыны таңдап, таныстырып өтейін:

1.Тұрарбеков Мерей

2.Мұхамбет Наргиза

3. Құзайыр Шалқар

Қатысушылардан өздерінің сүйікті мақалдарын айтып беру сұралады.


Ойынымыздың І ші айналымында мен сіздерге мақалдың басын айтамын, сіздер әрі қарай жалғасын тауып айтасыздар. (Ескерте кететін жәйт: қолдарыңыздағы таяқшаны көтеріп барып жауап бересіздер.Таяқшаны көтермей тұрып жауап берсеңіз, жауабыңыз есептелінбейді. Көрермендердің тыныш отырулары сұралады.)

Мақалдар оқылады:

        1. Отанды сүю – отбасынан басталады.


        1. Елінен безген ер болмас, көлінен безген қаз оңбас.


        1. Адамнан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.


        1. Адам болар баланың, кісіменен ісі бар.

Адам болмас баланың, кісімененен несі бар.


        1. Бұрын туғаннан ақыл сұра,

Бұрын қонғаннан қоныс сұра.


        1. Қазақтың ақылы көзінде, қасиеті сөзінде


        1. Кәріге құрмет-жасқа міндет.


        1. Ұят келсе кәріге келеді, жастың несі кетеді.


        1. Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады.


        1. Атасы жақсы көргенін айтады,

Атасы жаман бергенін айтады.


        1. Жақсы адам тауып сөйлейді,

Жаман адам қауып сөйлейді.


        1. Арасында мұрын болмаса, екі көз бірін-бірі шұқыр еді.


        1. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.


        1. Ата-анаңды сыйласаң көп жасарсың,

Сыйламасаң жан қинарсың


        1. Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар,

Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар.


        1. Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді,

Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.


Осымен І айналым аяқталды.

Келесі айналымға ұпайы көп тек екі ойыншы ғана қатыса алады.

Олар: 1.

2.

ІІ айналымда біреуіңіз бастап бір мақал айтасыз, екіншіңіз сол мақалдың ішіндегі бір сөзді алып, сол сөз туралы мақал айтасыз. Мысалы: Ер қанаты-ат деген мақалдағы «Ер» сөзіне мынадай да мақал айтуға болады. Ердің екі сөйлегені - өлгені т.с.с. Дайын болсаңыздар ұпайы көп оқушы бастайды.

Мінекей біздің мақалшылар сайысының жеңімпазы анықталды. Ол --------------- Қошеметттеп қояйық.

Ортаға жұмбақшыларымызды шақырамыз, олар:

1.

2.

3.

І айналымда мен жұмбақ жасырамын. Сіздер жауабын тек таяқшаны көтеріп барып айтасыздар.

Жұмбақтар оқылады:

        1. Бес жігітке бір құлақшын. Қолғап.

        2. Ішке кірсең – қалады

        3. Тыста сені бағады. Кебіс.

        4. Жисаң – таяқтай, жайсаң – табақтай. Қолшатыр.

        5. Арқасы алдында, қарыны артында. Балтыр.

        6. Өзі жазғанын өзі оқи алмайды. Қалам.

        7. Жөтелсе- түкіреді,

        8. Түкірсе - өлтіреді. Мылтық.

        9. Қара сиыр, аспанға үйір. Бұлт

        10. Ұзын жігітке, қысқа белбеу. Өзен мен көпір.

        11. Жазды білмейді, қыста гүлдейді. Қырау

        12. Былай қарасаң бар, былай қарасаң жоқ. Тырнақ.

        13. Жалғыз түсіп көлге, жолдасын ертіп шығады. Қармақ.

        14. Сусыз жердің кемесі, шайқалады, о несі? Бесік.

        15. Түйеден биік, төбеттен аласа. Құс.

        16. Ішіне сүйек қамалдың, қызыл нәресте қамалды. Тіл.

        17. Қазанда піспейді, табаққа түспейді,

Одан татпаған, әрине өспейді Ана сүті

18. Айтсам менен кетеді, тыңдасам сенен кетеді.

Сөз.

19. Дүңгіршектің ішінде тірі шайтан. Балапан.

20. Сөйлесең бар, тыңдасаң жоқ. Ауыз.

ІІ айналымға ұпайы көп екі оқушы қалады. Олар: 1.

2.

ІІ айналымда өздеріңіз дайындап келген жұмбақтарыңызды бір-біріңізге жасырасыздар.

ІІ айналымда жұмбақшылар сайысының жеңімпазы болып ------------- атанды.

Ақырғы айналымда ортаға мақалшылар сайысының жеңімпазы мен жұмбақшылар сайысының жеңімпазы ---------------------- және ------------------- шақырылады.

Ақырғы айналым шарты

Мен бір жұмбақ жасырамын жұмбақшы сол жұмбақтың шешуін тауып, ал мақалшы сол жауапқа сәйкес мақал айтуы керек.

Жұмбақтар оқылады. Ойын жеңімпазы анықталып, марапатталады.









































Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы

№11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені































2007/2008 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі